Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Пәні: математика

Сыныбы: 5 «В»

Өтілген мерзімі: 16.10.2015ж

Ұйымдастырушы: Бегейбаева Сымбат Жарықызы

Тақырыбы:

Сабақ №39

ІІ тарау. Натурал сандарға амалдар қолдану.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау

Сілтеме:


Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. 1 бөлім

Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов

Алматы: Атамұра

2015 ж.

Сабақтың мақсат міндеті:


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, көбейту амалының қасиеттерімен таныстыру, көбейту амалының қасиеттерін есеп шығаруда қолдану жолдарын үйрету

Оқыту нәтижелері:


  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену

  • Оқуды және оқыту үшін бағалау

Жаттығулар:


394; 396(1,3,5); 397(1,3,5,7,9); 398(1,3,5); 399 көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып есептеу

Тапсырмалар:


395; 396(2,4,6); 397(2,4,6,8); 398(2,4,6); 400; 404 көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып есептеу

Блум таксономиясы

Жұмыстың атауы

Мазмұны

Білім




Оқытылып отырған оқу материалдарын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру. Оқушыларға өтілген материалдар бойынша сұрақтар беру

Үй тапсырмасын айтады. Берілген сұрақтарға қабілетіне қарай жауап береді.

Түсіну

Жаңа технологияны қолдану арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Бастауыш сыныптарда өткен көбейту амалының қасиеттерін қайталату, үлестірімділік қасиетін тұжырымдау

Қолдану



Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, теориялық білімдерін кеңейту. Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті есептер беріледі.

Берілген есептерді шығарып дәптерлеріне жазып алады.

Талдау


Тақырып бойынша берілген сұрақтарға талдау жасауды үйренеді.



1. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті қалай тұжырымдалады?

2.Көбейту амалы дегеніміз қандай амал?

3. 19х+5х және 15а-7а өрнектерін қалай ықшамдаймыз (ауызша)

Жинақтау



Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін сұрақтар беріледі?

1. Көбейтудің зайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті қалай тұжырымдалады?

2.Егер көбейткіштердің арасында бірдей көбейткіштер бар болса көбейтінді мәнін қалай жазамыз? Мысалы: 2a•2b•2c

Бағалау



Сабақтан алған әсерлерін сұрайды

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?

Критерийлер бойынша бағалайды.

Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді. Өзін-өзі және сыныптастары бағалайды?



© 2010-2022