Геометриядан ашық сабақ Тікбұрышты үшбұрыш

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ















Геометрия 7- сынып



Тікбұрышты үшбұрыш. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері





Татиева Зауреш Орынбасаровна



2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыш. Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері

Мақсаты: 1. Тікбұрышты үшбұрыш ұғымымен, оның элементтерімен толығырақ таныстыру. Тікбұышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін үйрету. Сурет салу, есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

2. Ойлау, есте сақтау, тиянақты сыза білу, сызбалардың негізгі қасиеттері мен мәндерін білу дағдыларын арттыру.

3. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа материалды игерту

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, баяндау, сызбалар арқылы көз жеткізу, сұрақ- жауап

Көрнекілігі: Үшбұрыштардың суреттері, слайдтар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Өткен тақырыптарға шолу жасау

  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  5. Бекіту

  6. Қорытындылау

  7. Үйге тапсырма беру, бағалау



  1. Сәлемдесу, түгендеу

  2. Үй тапсырмасын дәптерден қарап шығу

  3. Сұрақ- жауап арқылы өткенді қайталау

  1. Үшбұрыш деп қандай фигураны айтады слайдтан қарау -

«Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қос- қосатын кесінділерден тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды».

  1. Үшбұрыштың қандай түрлері бар - «Әр түрлі қабырғалы, сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тең бүйірлі, тең қабырғалы, тік бұрышты».

  2. Суреттерден қайсысы қанда үшбұрыш екендігін атау

  3. Суреттерге қарай отырып, үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қайталап жіберейік- суреттер көрсетіледі

І белгі- «Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышты екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, ондай үшбұрыштар тең болады».

ІІ белгі- «Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан еаі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес бір бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады».

ІІІ белгі- «Егер бір үшбұрыштың үш қабығасы екінші үшбұрыштың сәйкес үш қабырғасына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады».

IV. Жаңа тақырыпты слайдардың көмегімен түсіндіру.

Анықтама- Бір бұрышы тік болып келетін үшбұрышты тікбұрышты үшбұрыш деп атайды. Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасайтын екі қабырғасы катеттері, ал тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы гипотенузасы деп аталады. Тікбұрышты үшбұрыштың екі сүйір бұрышының қосындысы 900-қа тең болады.

І белгі- «Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың екі катеті екінші тікбұрышты үшбұрыштың екі катетіне тең болса, онда бұл тікбұрышты үшбұрыштар тең болады»

ІІ белгі- «Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен гипотенузасына тең болса, онда бұл тікбұрышты үшбұрыштар тең болады»

ІІІ белгі- «Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бұрышы екінші тікбұышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сәйкес сүйір бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрышты үшбұрыштар тең болады»

IV белгі- «Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті мен гипотенузаы екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкес бір катеті мен гипотенузасына тең болса, онда бұл тікұрышты үшбұрыштар тең болады»

Осы жерде еске сақтайтын бір теорема- «Тікбұрышты үшбұрыштың 300- қа тең бұрышына қарсы жатқан катеті гипотенузасының жартысына тең болады» Слайд арқылы көз жеткізу.

Слайдтан ауызша бекіту жаттығуы

Тестпен жұмыс

№205 ауызша № 206 екі топқа екеуі беріледі.

Үйге тапсырма

§15. №207, 208



© 2010-2022