Урок Квадрат теңдеулер

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок Квадрат теңдеулерУрок Квадрат теңдеулерУрок Квадрат теңдеулерСабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуді қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың білімдерін қалыптастыру, қызығушылығын арттыру.

2. Дамытушылық: Жан - жақты ойлауды дамыту, оқушылардың танымын кеңістікке шығару.

3. Тәрбиелік: Салыстырмалы танып білу, ұжымдық сезімін ояту, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тест есептері, интерактивті тақта, кесте.

Сабақтың түрі: Сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру бөлімі

Ә) уй жұмыстарын ауызша тексеру

ІІ. Ой қозғау: квадрат теңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін еске түсіру.

А) Не? Теңдеу. Қандай? Квадрат№ Не істеді? Шешімі табылды.

Анықтама ах²+вх+с=0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады. Синоним. Теңдеу.

Ә) Мағынаны тану ( кестедегі компоненттерді талдау) оқушылардың көмегімен интерактивті тақтадағы сызылған кестені толтыру.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  1. Қандай жағдайда ах²+вх+с=0 (І) теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.

  2. 1) в=0, с=0. 2) в=0, с#0. 3) в#0, с =0. (І) теңдеудің түрі қандай болады? Қалай аталады?

  3. Квадрат түбірдің нақты түбірі неге байланысты болады? Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін?

  4. а=1, в#0, с#0 (І₄) теңдеуді қандай теңдеу деп аталады?

  5. Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын жазыңдарү

  6. Виет теоремасын тұжырымдаң.

  7. Биквадрат теңдеу деп қандай теңдеуді айтады? Оны қалай шешеді? Ең көп шешімі нешеу?

ІІІ. Есептер шығару ( комплексті есептер)

Деңгейлік тапсырмалар:

Кітаппен жұмыс. № 361,№ 362, № 363.

IY. Толғаныс (Венн диаграммасы)

Әл- Хорезми

Ұқсастық

Ф. Виет

Орта Азиянлық математик, алгебраның атасы, дәрігер, астроном. Тарихшы педагог

Алгебралық теңдеуді тапты, шешті. Математик

Француз математигі, заңгер, педагог, математик. Формулага әріп символикасын енгізді

Y. Сабақты бекіту. Қорытындылау.

1. Тест тапсырмасын орындатып, өздеріне бір - бірін алмастыру арқылы тексеру, бағалау

2. Үйге тапсырма беру: №364, 365

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

© 2010-2022