Открытый урок по математике на тему 10 саны және цифры

Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по математике на тему 10 саны және цифрыОткрытый урок по математике на тему 10 саны және цифрыОткрытый урок по математике на тему 10 саны және цифры

Сабақтың тақырыбы: 10 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: 1. 10 саны және цифрымен таныстыру.

Екі таңбалы сан екенін меңгерту.
2. Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы танымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін дамыту.
3) Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, карта т. б
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ертегі желісімен

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын дайындау, түгендеу
II. Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн, ұстаздар!

Қайырлы күн, қонақтар!

Тай құлындай тебіскен,

Армысындар жас достар!


Мұғалім: Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім? (Адам). Менің ойымша, сендер де ақылды, күшті, зерексіңдер. Ендеше біз өз білімімізге сеніп, сабағымызды ойынмен бастайық.
Ш. Өткенді пысықтау.
- Бүгін сабағымыз ерекше, өйткені бір мейрамға арналған.
- Биыл бізде қандай жыл? Былтыр естеріңде болса қандай жылды қарсы алдыңдар?
- Қой жылы
- Дұрыс айтасыңдар биыл қой жылы екен. Олай болса қой жылы сендер үшін өте ырысты жыл болды, Білім есігін ашып 1 сыныпқа қабылдандыңдар. Санаулы күннен кейін сауаттарыңды ашқан өз білімімен сусындатқан алтын жол ашып берген Әліппемен қоштасасыңдар.
Енді осы қой жылы сендердің қаншалықты білімдерің бар екенін тексергісі келіп көптеген тапсырмалар ұсынып отыр? Осымен қойға өзіміздің математикадан алған білімдеріңді көрсеткілерің келеді ме?
- Олай болса біз дайынбыз деп қойдың алғашқы тапсырмасын орындауымыз керек. Бағдаршам мен смайликтер туралы айтып кету.
Осы уақытқа дейін қанша санмен танысып келдік
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 деген сандармен танысып келдік
1. Тапсырма: Сұрақтарға жауар беру
1.3 пен 6 дың қосындысын жаз
2. Қосудың компоненттерін ата?
3. 5 пен 7 - нің арасында қандай сан бар? (6)
5. Заттарды бір - біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
6. Заттарды бөліп алуға қандай амал қолданамыз?
- Қандай сурет шықты? (шырша)
- Ия, балалар шыршасыз жаңа жыл болмайды.
- Біздің сабағымыз жаңа жылға арналады?
- Ал шырша ойыншықсыз болмайды
- Енді осы шыршаны ойыншықпен безендіру мына сендердің қолдарыңда
Қойдың 1 тапсырмасын орындап едік бізге шырша беріп жіберіпті.
- Партадан не көріп тұрмыз?
- Ойыншықтар
- Осы ойыншықтарды қой алып келіп тұр.
Ол ойыншықтарда Жасырынған сандарды табуымыз керек сонда 9 құрамы шығады екен.(өткенді қайталау)

IV. Жаңа сабақ.

Қойдың берген ойыншықтары нешеу екен.

-9 екен
Тағы бір ойыншық ілейік .

Қанша болды?

10 болды

Ендеше сабағымыздың тақырыбы қандай ?

Сабақтың тақырыбы 10 саны

- Ендеше сабағымыздың мақсаты 10 санын білу.
Екі таңбалы сан туралы айтып кету.

Вагонды орналастыру.

Тоғызға бірді қосамыз,
Он санын енді тосамыз
Қостаңбаны кім білмек
Олар бір мен дөңгелек.

- Жарайсыңдар, балалар, көңіл - күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды жалғастырайық.

-10 санының басқа сандардан қандай айырмашылығы бар? Ол екі торға жазылады.

-біз сендермен 1саны мен цифрын және 0 жазып білеміз, яғни 10 санын да жазып біледі екенбіз.

V. Дәптермен жұмыс.
Қолға қалам алайық.
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық.
Әдемі етіп жазайық.
VI.Сергіту сәті


Балалар біз шыршаны безендірдік енді шырша несімен көрікті біз кімдерді күтеміз?
Аяз атамен, Ақшақар
Дұрыс айтасыңдар.

Аяз ата мен ақшақар екі оқушының партасының астында .

Сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар Аяз ата мен Ақша қар сендерге тапсырма алып келеді және дорба толы сыйлығы бар. Сол сыйлыққа ие боламыз.

Сол балалар келіп төрттік теңдік құрастырады.

Қалғандары орындарында технологиялық картамен орындайды.

Төрттік теңдігін құрастыру.
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейді?
Қосуды немен алмастыруға болады?

Шыршаларыңды ойыншықпен әдеміледіңдер Енді ойлаңдаршы жаңа жыл өткізуге нелер жетіспейді?

Кейіпкерлер жоқ
- Дұрыс айтасыңдар

VII.Топпен жұмыс

Төрт оқушыдан отырғызып тапсырмалар орындатқызу.

Енді Қой ол кейіпкерлерді тығып қойыпты. Сендерге табу үшін карта жіберіпті. Сол карта арқылы кейіпкерлерді табайық.
Аңдардың тапсырмасы

Салыстыр < .>,=

9*5 4+6=

8*6 8-4>

10*8 5-4<

VIII.Қорытынды. Рефлексия.

-Бүгінгі сабақта өздеріңе қандай жаңалық аштыңдар?

-Не білдің …

-Не білгің келеді…

-Не түсініксіз…

- Егер сабақ ұнаса, смайликты күліп тұрғанын бейнеле. Егер түсінбей,сабақ ұнамаса ренжіп тұрғанын бейнеле.

Сабаққа өте жақсы қатыстыңдар « Жарайсыңдар !»



© 2010-2022