Ашық сабақ: Функцияның графикпен берілуіне есептер шығару

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Функцияның графикпен берілуіне есептер шығару»

Сабақтың мақсаты:

  1. Функцияның берілу тәсілдерінің бірі графиктік тәсілін есеп шығаруда қолдана алу,пәнге қызығушылығын арттыру

  2. Сызба жұмысын орындаудағы біліктілігін дамыту

  3. Оқушыларды жауакершілікті сезіне білуге тәрбиелеу

Сабақ көрнекілігі: ойын материалдары, деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Сынып үш топқа бөлінеді. «Алғыр», «Білгір», «Тапқыр»

Көмекші консультант сайланады.

ІІ. Кіріспе. Балалар , елбасы өз халқына өзінің дәстүрлі жолдауын беретінін білесіңдер. Соңғы жолдауда біздің жоспарымыздағы бөлімдер туралы айтты.

Жоспары:

І. Отбасын қамсыздандыру: үй тапсырмасын тексеру

а) блиц-турнир ә) ауызша есеп

ІІ. Тұрғын үй иелену: аламан бәйге (деңгейлік тапсырмалар)

ІІІ.Денсаулықты нығайту: математикалық диктант

ІҮ. Зейнетақы жинақтау: Логикалық есептер

Ү. Семантикалық карта

ҮІ. «Кім қырағы?» ойыны

ҮІІ. Қорытындылау,бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма

Біздің Отанымыз-ҚР.Біздің арманымыз Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанда өмір сүру. Сол арманға жету үшін,елімізді көркейту үшін біздің міндетіміз не? Жақсы оқу, тәртіпті болу, жақсы маман иесі болу.

І. Отбасын қамсыздандыру. (үй тапсырмасын тексеру)

№1317Ашық сабақ: Функцияның графикпен берілуіне есептер шығару

7.9 суретте су толқыны қозғалыс графигі кескінделген. Графикте қалтқының толқынмен қалыпты деңгейден ығысу биіктігінің,уақытқа тәуілділік функциясы кескінделген.

Графиктен мыналарды анықтаңдар:

1)Аргументтің қандай мәндерінде функция өседі?Теңсіздікпен жазыңдар

Шешімі: 0<х<0,6; 1,8<х<2,4

2)аргументтің қандай мәнінде функция кемиді? Теңсіздікпен жазыңдар

шешуі: 0,6<х<1,8

  1. аргументтің қандай мәнінде функция ең үлкен мәнді қабылдайды? Шешімі: 0,6

  2. аргументтің қандай мәнінде функция ең кіші мәнді қабылдайды?

Шешімі: 1,8

  1. f(0,4) =? f(0,4) =20

f(1,2) =? f(1,2) =0

f(2,2) =? f(2,2) =-20

а) блиц-турнир

Функция қанша тәсілмен беріледі?

Қандай тәсілдерді білесіңдер?

«Функция» сөзі қай тілден келген?

«Функция» терминін кім енгізген?

у=2х тәуелді айнымалыны ата

у= -3а тәуелсіз айнымалыны ата

ә) ауызша есеп

Функцияның анықталу аймағын тап:

у= -0,5х+3

у=Ашық сабақ: Функцияның графикпен берілуіне есептер шығару

у= х2

ІІ. Тұрғын үй иелену. «Аламан бәйге» (деңгейлік тапсырмалар)

  1. у= 2х +3 , функциясының -2≤х ≤ 4 аралықтағы графигін сал

  2. у= 2х +3 , функциясының графигіне А(1;3), В(-1;1),С(0;4) нүктелерінің қайсысы тиісті?

  3. у= 3х-1, формуласымен берілген функцияның графигін сызыңдар. Мұндағы: -3<х<3. Графиктен мыналарды анықтаңдар:

1)функцияның 8-ге тең мәніне сәйкес аргументтің мәнін тап

2) А(2;5), В(1;6),С(-1;4) нүктелерінің қайсысы берілген функциясының графигіне тиісті? №1321

ІІІ.Денсаулықты нығайту. Математикалық диктант

1.Функция мәндерінің қадамы 2-ге тең. Аралық: (-4;4). Кесте құр

2. Қабырғасы 2 см квадраттың ауданын тап. Формуламен жаз

3.Ауданы 16 см2 квадраттың қабырғасын табыңдар. Формуламен жаз.

ІҮ. Зейнетақы жинақтау: Логикалық есептер

Қарама-қарсы сандардың квадраты қандай сан болады?

Тапсырма: Сіздің қолыңызда - 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы - 50 теңге, сиыр - 10 теңге, қой - 1 теңге. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Ашық сабақ: Функцияның графикпен берілуіне есептер шығаруАшық сабақ: Функцияның графикпен берілуіне есептер шығаруАшық сабақ: Функцияның графикпен берілуіне есептер шығару

50 теңге 10 теңге 1 теңге

Квадраттың қабырғасын 3 есе ұзартсаң ауданы қалай өзгереді?

ІҮ. Семантикалық карта

Тапсырма

-2

0,5

-4

У(2)=0,5(х-1)

У(-1)=3х+1

У(0,5)=-2х-3


Ү. «Кім қырағы?» ойыны

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.

Сөздер: Лейбниц - у - тәуелді - квадрат - ілік - процессор - коэффициент - цирк - теңдеу

ҮІ. Қорытындылау, бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма. №1318,№1320



© 2010-2022