«Талантты және дарынды балаларды оқыту»

Коуч: Аханова Меруерт Тлеубековна Коуч-сессиятақырыбы: «Талантты және дарынды балаларды оқыту». Сабақтың мақсаты: Талантты және дарынды балаларды оқыту барысында білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдана отырып, әріптестерімнің іс-тәжірибесін жетілдіруге ықпал ету және тәлімгерлік ету. Жалпы мағлұмат: Талантты және дарынды балаларды оқыту арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін ,ойлау арқыл...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коуч:

Аханова Меруерт Тлеубековна


Коуч-сессия

тақырыбы:

«Талантты және дарынды балаларды оқыту».


Сабақтың мақсаты:

Талантты және дарынды балаларды оқыту барысында білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдана отырып, әріптестерімнің іс-тәжірибесін жетілдіруге ықпал ету және тәлімгерлік ету.

Жалпы мағлұмат:

Талантты және дарынды балаларды оқыту арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін ,ойлау арқылы ойлануға жетелеу.

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық 50-57 бет ,Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде

/ С. Мерсеитова/, Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері/А.Әлімов/

Оқу нәтижесі:

Әрбір мұғалімнің ізденуге, өз білімін жетілдіруге талпынуы;

-Оқушының шығармашылығына көңіл бөлуі;

-Сын тұрғысынан терең ойлай білуі;

Топпен бірлесе отырып, пікір алмасуға қатысу.

Түйінді идеялар:

Талантты және дарынды балаларды оқыту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқудың сапасын одан әрі арттыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, бейнефильмдер, А3, А4 қағаздары, стикер, плакат, маркер.

Оқыту әдістері:

7 модульді ықпалдастыру

Бірлескен оқу, топтық жұмыс, жеке жұмыс

Дерексөздер:

Талантты және дарынды балаларды оқыту жөніндегі нұсқаулық,Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде / С. Мерсеитова/ оқу құралы, Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері /А.Әлімов/

Тапсырмалар:

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақтарға жауап беру, салыстыру. Постер жасау,қорғау, бағалау,рефлексия

Оқуға арналған тапсырма:

Талантты және дарынды балаларды оқыту жөніндегі нұсқаулық, Мұғалімге арналған нұсқаулық


Уақыты

Коуч-сессияның

мазмұны

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

1 мин

Сәлемдесу

Сәлемдесіп, коуч-сессияға сәттілік тілейді.

Ынтымақтастық орнайды.

2 мин

Сергіту сәті.

Психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Мен кіммін? » атты топқа тапсырмалар таратады

Тапсырма парақшасын толтырады


2 мин




Топқа бөлу



Топқа бөлінуді ұйымдастырады

1-топ: Дарын 2-топ: Талант

Берілген ұғымдардың мағынасына қарай топқа бөлінеді.


Проблемалық сұрақ

1-топ: Дарын деген не?

2-топ: Талант деген не?

Топтар өз ойлары мен пікірін ортаға салады.



15 мин




Постер жасау.

Постер жасауды ұсынады.

1-топ. Дарынды ерекше қабілетті оқушылар және оның бойындағы басты қасиеттер?

2-топ. Дарынды таланты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.

Әр топ өз ойын топпен талқылап А3 бетіне түсіреді, ортақ ойды тұжырымдап, ортаға салады.



15 мин

Бейнекөріністер

«Жансая»,«Еркеш»,«Балет», «Ерасыл»


Бейнекөріністерден тағы талантты және дарынды балалар туралы қандай ой-пікір туындады? Оларды сіздердің ойларыңызша қалай дамытуға болады?

Бейнекөріністерді терең түсіне отырып,

жеке және топпен туындаған ой-пікірін жеткізеді.



15 мин

Рөлдік ойын

«Дарынды оқушы мен немқұ-райлы ата-ана», «Немқұрайлы мұғалім мен талантты оқушы».

Әр топқа рөлдік ойындардың тақырыбын береді де,оларға атын тауып, бір-бірін бағалау тапсырылады.


Жауапкершілікті сезіну арқылы, сын тұрғысынан ойлауға машықтанады,атын табады,бір-бірін бағалайды.


6 мин


Қорытынды


1. Коуч-сессиядан не түйдіңіз?

2. Мен не үйрендім?

3. Мен не үйреттім? - сұрақтарын береді.

Сұрақтар арқылы ой қорытады.


4 мин

Рефлексия

«Дарынды болмай,талантты бола алмайсың,

екеуі егіз баладай қатар өскеніне жетері жоқ»деген халық даналығымен аяқтайды.

Стикерге «Екі жұлдыз,бір тілек» жазып,бағалау ағашына іледі.





© 2010-2022