Ондық бөлшектерді қосу

Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыптарын қайталау (5 сынып) (ашық сабақ)                                                                                                           Мақсаты: - Ондық бөлшекткрді қосу және азайту анықтамасын пайдалана отырып оны есеп шығаруда қолдана білуді үйрету: - Берілген тақырып көлеміндегі  оқушылардың біліктілік дағдысын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілетін  дамыту;  -     Оқушыларды ізденімпаздыққа, жекелей жұмыс істей білуге, тез ойлап дәл жауап беруге тәрбиелеу.            Сабақтың түрі: жарыс сабақ            Сабақтың әдісі: қайталау сабағы            Қойылатын талаптар: -  Ондық бөлшектерді қ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ондық бөлшектерді қосу,

азайту тақырыптарын қайталау (5 сынып)

(ашық сабақ)


Мақсаты: - Ондық бөлшекткрді қосу және азайту анықтамасын пайдалана отырып оны есеп шығаруда қолдана білуді үйрету:

- Берілген тақырып көлеміндегі оқушылардың біліктілік дағдысын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту;

- Оқушыларды ізденімпаздыққа, жекелей жұмыс істей білуге, тез ойлап дәл жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: қайталау сабағы

Қойылатын талаптар:

- Ондық бөлшектерді қосу және азайтудың анықтамасын білу;

- Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жаза білу;

- Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жаза білу;

- Ондық бөлшектерді салыстыра білу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Көрнекілік: тест тапсырмалары, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы, көрнекі кестелер.

Сабақтын барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сынып әзірлігі;

ә) сабақтың мақсатын баяндау, өте жоспарын айту;

б) бағалаушы оқушыларды тағайындау.

2. Негізгі бөлім:

а) Сайыс «Бәйге». Математикалық диктант. («Жақсы ат алдынан сүрінбей, артынан сүрінеді»)

ә) Сайыс «Жүзден жүйрік». Үлестірмелі қағаздар («Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла»)

б) Үй тапсырмасы, тексеру қорытындысы.

в) Сайыс «Тұлпар» Капитандар жарысы

(«Аттың бәрі тұлпар болмас,

Құстың бәрі сұңқар болмас»).

г) ауызша есептер шығару.

д) тест жұмысын алу.

е) Сайыс «Кім жылдам». Тақтаға алдан-ала тапсырмаларды жазып қою. Тапсырма орындау қорытындысы. «Ер қанаты - ат» мақалын алу.

3. Үй тапсырмасын беру

4. Қорытынды

Негізгі бөлім:

а) Сайыс «Бәйге». Матиматикалық диктант.

«Жақсы ат алдынан сүрінбей, артынан сүрінеді»

Ондық бөлшектермен жаз:

3,7; 1,46; 50; 0,79; 0,081; 7,981; 99,0482; 0,001;

9,000009/диктантты жинап алып, көмекші оқушыларға беремін, олар баға қояды/.

ә) Сайыс «Жүзден жүйрік». «Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла».

(3 топқа үлестірмелі қағаздар тарату). Әр топтан тақтаға оқушылар шығып орындайды.

1-топ

а) 7,21 - 3,964

ә) 78,93 + 26

2-топ

а) 256,3 - 85,27

ә) 615+31,27

3-топ

а) 3,9 - 0,075

ә) 0,56+0,821

Тапсырма: кітаппен жұмыс №1013.

Үшбұрыштың периметрі 21,6 см., оның бірінші

қабырғасы 6 3/10 см, екінші қабырғасы 5 3/5 см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын тап (ондық бөлшекпен есепте).

б) Үй тапсырмасын тексеру. Ондық бөлшектерді қосу-азайту ережелерін сұрау.

Есеп:

Алматы темір жолы бойында Тараз станциясынан Алматы станциясына дейінгі қашықтық 525,8 км. Тараз станциясынан Луговая станциясына дейінгі қашықтық одан 406,65 км қысқа, ал Луговая станциясынан Шу станциясына дейінгі қашықтық Тараз станциясынан Луговая станциясына дейінгі қашықтықтан 5,95 км кем. Алматыдан Шуға дейінгі қашықтық неше километр? (Жауабы: 293,45 км).

4) (110,3 - 79,99) +d = 149.07- 61.9;

5) m + (0,9 - 0,81) = 29 - 11.89;

3) (418,3 - 217,48 + 75,07) - 0,097;

4) (1000 - 219,07) + 43,9 - 21,004;

3-бөлім. Үй тапсырмасын беру. Қасиетті сандар туралы мақалдар жаттау.

4. Қорытынды: «Алуан - алуан жүйрік бар, Әліне қарай жүгірер» демекші оқушыларға сайыстың қортындысын және бағаларын айту.


© 2010-2022