Разработка открытого урока на тему Ең үлкен ортақ бөлгіш

Натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу дағдыларын жетілдіріп, алған білімдерін қолдана білу.·         Жай көбейткіштерге жіктеу арқылы натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу дағдыларын қалыптастыру;·         Өз ойын еркін айтуға, өзгені тыңдай білуге үйрету,Топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, өзін-өзі бағалай білуге үйрету, бірігіп жұмыс істеуге, бір-біріне көмектесуге ықпал ету. ·         Жай көбейткіштерге жіктеу арқылы натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу дағдыларын қалыптастыру; ·         Өз ойын еркін айтуға, өзгені тыңдай білуге үйрету, Топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, өзін-өзі бағалай білуге үйрету, бірігіп жұмыс істеуге, бір-біріне көмектесуге ықпал ету.
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика пәні мұғалімі

Азімбаева Нұрпан Мұсабайқызы

Сынып: 5«А»

Өткізілетін күні: 03.12.2014 ж

Пәні: Математика

Сабақ тақырыбы

Ең үлкен ортақ бөлгіш тақырыбына есептер шығару

Сілтеме

Алдамұратова Т.А. Байшоланов Е .С. Математика - 5, әдістемелік құрал, орта мерзімді жоспар

Мақсаты

Натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу дағдыларын жетілдіріп, алған білімдерін қолдана білу.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар ең үлкен ортақ бөлгіштің және өзара жай сандардың анықтамасын біледі;

  • Натурал сандардың ЕҮОБ-ін жай көбейткіштерге жіктеу арқылы таба алады;

  • Алған білімдерін есеп шығаруда, өмірде қолдана алады.

Негізгі идеялар

  • Жай көбейткіштерге жіктеу арқылы натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу дағдыларын қалыптастыру;

  • Өз ойын еркін айтуға, өзгені тыңдай білуге үйрету,

  • Топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, өзін-өзі бағалай білуге үйрету, бірігіп жұмыс істеуге, бір-біріне көмектесуге ықпал ету.

Сабақ түрі

Бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдер

Жұптық, топтық, жекелеме

Сабақ көрнекілігі

Бағалау парағы, презентация,, сұрақтар, смайликтер, қажетті құралдар.

Өту барысы:

Сабақ кезеңі

Жұмыс түрі, әдістер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру /3 мин/

Жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін шаттық шеңберге тұрғызып бір-біріне тілек айтқызамын. Асықта нөмерленген санның қасиеттеріне сәйкес 3 топқа бөлемін. (2-ге,3-ке,5-ке бөлінгіштік белгілері бойынша)

Оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызу.

Оқушылар жа-ңылтпаштар айтып, топтарға бөлінеді.



Қызығушылықты ояту

/8 мин/

Жаңа тақырыпты жариялау

Сабақ тақырыбымен таныстырып,

сабаққа мақсат қоюға шақырамын







Біз не білеміз?

1.Қандай сандарды жұп сан дейміз?

2. Қандай санды тақ сан дейміз?

3. Жай санға анықтама бер.

4. Құрама сан деп қандай санды айтамыз?

5. Қандай сандарды өзара жай сан дейміз?

6. ЕҮОБ дегеніміз не?

7. ЕКОЕ дегеніміз не?

8.2-ге бөлінгіштік белгісі

9. 5-ке бөлінгіштік белгісі

10.10-ға бөлінгіштік белгісі

11. 3-ке бөлінгіштік белгісі

12. 9-ға бөлінгіштік белгісі



Математикалық диктант

  1. Ең кіші жай сан

  2. 18 санының бөлгіштері.

  3. 7 санына еселік алғашқы 4 санды жаз.

  4. 315 саны 3-ке, 5-ке және 9 санына бөлінеді.

  5. 4 және 8 өзара жай сан.

.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу».





Мұғалім оқушы таңдаған гүлге сәйкес сұрақтарды интерактивті тақтадан ашады.













Мұғалім математикалық диктанттың дұрыс жауабын көрсетеді.




Сабақ мақсатын анықтайды



Әр топ мүшелері кезек-кезекпен гүл таңдау арқылы, онда жасырынған сұраққа жауап береді.



Оқушылар бір-бірімен

алмасып, жауаптарын тексереді.

Бағалау парағына ұпай сандарын қояды.

«Мағынаны ажырату»

/6 мин/


«Математикалық лото» ойыны

Берілген натурал сандардың ЕҮОБ-терін табуға:

  1. 132 және 72 2 8 бен 15

  2. 420 және 168 24 пен 29

  3. 150 және 250 41 мен 62

Есептерді шығару барысында қосымша сұрақтар қою арқылы білімдерін бекіту.


Топ лото ойнау арқылы түскен есепті шығарады.


Cергіту сәті. /2 мин/

Оқушылар орынан тұрып 30-ға дейін санайды.

«3»-ке еселік сан келгенде қол шапалақтау керек.

Мұғалім сандарды айтады

Оқушылар «3»-ке еселік сан болғанда қол соғады.

«Ой-толғаныс»

/8 мин/

Слайдтағы тапсырмалар

  1. Балалар, Жаңа жыл болса жақындап қалды. Сендер жаңа жылдық сыйлықты алуды жақсы көресіңдер. Бастауыш сынып оқушыларына демеушілер демеушілік көрсетіп 270 алма, 675 мандарин әкеп берді. Бірақ олар айтты барлық жемістерді тең бөліңдер деді. Сыйлық неше балаға жетеді? Әр бала неше алма, неше мандарин алады?

  2. 24 қызыл шар, 42көк шар және 30 сары шардан бірнеше тізбе дайындалды. Тізбелердегі қызыл шарлар саны бірдей, көк шарлар саны бірдей, сары шарлар бірдей. Ең көп дегенде неше тізбе дайындалды?

  3. Үсеннің 29 көк, Асанның 59 сары, Серіктің 26 боялмаған асығы бар. Олар асықтарын өздері мен достарына тең бөлді. Неше бала әр түстен неше асықтан алды?

Тапсырманы орындауға нұсқау береді. Оқушылардың топппен жұмысын бақылайды.

Есептің шығару жолын ойластырады, және оның шешімін табады.

Постерларды дайындау және қорғау

/8 мин/

ЕҮОБ-табу алгоритмін құру.

Әр топқа маркерлер мен парақтар таратады

Оқушылар постер құрады, топ спикері қорғайды.

Үйге тапсырма беру

/1 мин/

№ 311, № 317

Талқылауға мүмкіндік беру.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

/2 мин/

Оқушылардың пікірін тыңдау.

Бағалау парақтарында жалпы ұпайды шығаруды сұраймын.

Өздерінің бағалау парақтарын өткізеді.

Рефлексия

/2 мин/

Кері байланыс жасау.

Смайликтерді таратады

Смайликтерді тақтаға іледі.






© 2010-2022