Поварочный план 1 класс

Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Биік. Аласа. Кең. Тар. Үлкен. Кіші. Ұзын. Қысқа

Мақсат- міндеттері: Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік-аласа, кең-тар, үлкен-кіші, ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажыратуға баулу. Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аудару.

а) Балаларды қарапайым математикалық түсінік беру пәнімен таныстыру;

ә) Пәнді оқытудың мақсаты - міндеттерін ұғындыру.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Жаңа материалды түсіндірмес бұрын сынып бөлмесінен, он дағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең).

Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай? (Кең, ұзын). Мектеп үйі ше? (Биік, үлкен), т.с.с.

ә) Оқулықпен жұмыс.

1. Бала оқулықтағы екі үйді салыстырады. Мұғалім не тәрбиешінің сұрақтары арқылы екі үйдің айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері кең, кіші үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екендігі анықталады. Үйдің төңірегіндегі ағаштардың көлемі, биіктігі салыстырылады. Шыршалардың биіктігі бірдей немесе олардың біреуі екіншісінен биігірек, болмаса аласа т.б.

2. Оқулық дәптердегі суретте көлік жүретін үлкен көше мен тротуардың ені, ұзындығы қарастырылды. Көше кең. Тротуар тар.

3. Екі оқушы баланың бойы мен жасы салыстырылады. Олардың бірі - үлкен, екіншісі - кіші. Үлкенінің бойы - кішісінен (немесе інісінен) биік, інісінің бойы - аласа. Ағасының киімі інісіне кең, інісінікі ағасына тар болатынын сұрақ-жауап арқылы анықтау қажет. Ағасы - үлкен доппен, інісі кіші доппен ойнайды. Үлкен доп - футбол, волейбол, баскетбол ойнау үшін қажеттігі айтылады.

Доптар бір-бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Сондай-ақ, киімдердің ұзын-қыскалығы, кең-тарлығы, үлкен-кішілігі айтылады. Қылқалам қарындаш-тардың ұзындықтары салыстырып ажыратылады.

б) Ойындар.

Бұл сабақта "Өз үйіңді тап", "Үй тұрғызайық", "Сипаттамасы бойынша тап" деген дидактикалық ойындар ойнау ұсынылады.

в) Дәптермен жұмыс.

Өтілген ұғымдарға сәйкес оқулық дәптерде берілген тапсырмалар орындалады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды









Әліппе №1, 4-7 бет

Заттарды түстері бойынша таңдап, санайды, таяқшаларды жазады. Пирамиданы түстері бойынша бояйды, санын таяқша арқылы жазады.

«Не өзгерді?» заттардың үлкен- кішілігін ажырату.

Әр бөлімдегі заттарды топтарға бөлу.

Қорытынды

Сонымен, бұл сабақта бала өзін қоршаған ортадан, күнделікті тіршілік тынысынан биік-аласа, үлкен-кіші, кең-тар, ұзын-қысқа ұғымдарын танып-біліп, заттарды салыстырып, ажыратуды меңгереді

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау



Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Жуан. Жіңішке. Қалың. Жұқа. Жалпақ. Жіңішке.

Мақсат- міндеттері: Балаларды жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету:

Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.

Құралдар: әліппе- дәптер, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Математикалык, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, санамақтар мен балалардың зейінін пәнге аудару.

ә) Сабаққа қажет құрал-жабдықтарды дайындау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Жаңа материалды өткен сабақпен байланыстырып, биіктіктерін салыстырған ағаштардың жуандықтарын салыстыратынын хабарлайды.

Ағаштың пайдасы, оның қолданылу аясы жайлы әңгімелейді. Ағаш діңдерін салыстырып, жуан-жіңішке ұғымдарымен таныстырады.

ә) Оқулықпен жұмыс.

Оқулық дәптерде берілген суреттердегі екі ағаштың жуандығын салыстырып, қайсысы жуан, қайсысы жіңішке екенін ажыратады. Енді сол ағаш кесінділерінің қалыңдығы салыстырылады. Қайсысы қалың? Қайсысы жұқа? Оны практикалық жолмен, ағаш кесінділерін балалардың қолдарына ұстатып, анықтауға болады. Бірнеше тақтайшаларды салыстырып біреуі - жалпақ, екіншісі жіңішке екендігін анықтайды. Жіңішке ұғымының жуан сөзіне де, жалпақ сөзіне де қарсы мағыналы сөз екендігі ескеріледі. Ұғымдарды тиянақтау мақсатында екі қарындаштың жуандығы, кітап пен дәптердің қалыңдығы, екі сызғыштың жалпақтығы салыстырылады. Тапқышбек тапсырмасындағы балалардың киімдері (қалың-жұқа) үстел бетінің жалпақтығы, аяғының жуандығы салыстырылады.

Дәптермен жұмыс

Ойындар

"Өз пәтеріңе жайғас", "Өз үйіңді тап", "Қапшықтан неше ойыншық алдың?" ойындарын осы ұғымдарды тиянақтауға септігін тигізеді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды







Әліппе №1,7- 9 бет

Дәптердегі жуан, жіңішке карандаштарды қораппен стаканға салу. Бағдаршаларды түстері бойынша бояйды. Әр қатардағы фигуралардың ортақ белгілерін табады. Фигураларды жаңа орынға кішірейтіп, үлкейтіп қояды.

Қорытынды

Сонымен, бұл сабақта жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын бір-бірінен ажыратып ұғымдарды дұрыс, орынды қолданып, торкөзбен жұмыс жасауға үйренеді.

.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау




Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Жоғары. Төмен, Оңжақта. Солжақта. Алдында. Артында. Жанында. Астында. Үстінде. Соңында. Арасында. Ішінде. Бірінші. Екінші. Жылдам. Баяу.

Мақсат- міндеттері: Балаларды кеңістік ұғымымен таныстыру, заттардың өзара орналасуын орнын ажырата білуге үйрету. Балалардың кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту.

Құралдар: әліппе- дәптер, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) оң, сол, жоғары, темен ұғымдарына байланысты өлең-тақпақтар арқылы бой сергіту жаттығуын ұйымдастыру.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) сабақты мектептің не балабақшаның спорт алаңына саяхат жасаудан бастаған жөн. Ондағы балалардың іс-әрекеті, орны жайлы әңгіме жүргізуге болады.

Сондай-ақ, сыныптағы заттардың орналасуы, оларды бір-бірімен салыстырғандағы орны сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі.

Оқулықпен жұмыс

Оқулық дәптердегі суретте балалардың іс-әрекеті мен орындары, доптардың орнына қарап сұрақ-жауап жүргізіліп жоғары, төмен, жанында, алдында, артында, оң жағында, сол жағында ұғымдарымен таныстырылады.

ІІ-суреттегі тұғырға қарап жүгіріп келе жатқан балаларды ретімен атау; бірінші, екінші.үшінші. Балалардың қимылдарына қарай жылдам, баяу екендігі айтылады.

ІІІ-суреттегі ұл бала мен қыз баланың іс-әрекетіне қарай бетінде, үстінде, астында ұғымдарымен танысады.

"Шалқан" ертегісінің мазмұны ашылып, ондағы атасы, апасы, немересі, күшік, мысық, тышқанның орнын ажыратып, арасында, ортасында, соңында ұғымдары түсінуді тереңдетеді.

Дәптермен жұмыс

Ойындар

Жоғарыдағы ұғымдарды меңгерту мақсатында "Орнын тап", "Қөл соғу", "Қалай жүріп, нені тапқың келеді?" ойындарын пайдалануға болады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды







№1,8-13 бет

Сурет бойынша не қайда орналасқанын айтады.

Ұлудың жолын бағдаршалар арқылы реттеп жазады.

Фигуралардың бояу ретімен танысып, бояйды.

Фигураларды штрихтайды.

Аранын жүру ретін бағдаршалар арқылы белгілейді.

Қорытынды

Балалар, бұл сабақта заттардың кеңістікте өзара орналасуы мен орнын ажыратып, ұғымдарды дұрыс пайдаланып, торкөзбен нақты танысып, ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау









Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша. Теңестіру

Мақсат- міндеттері: Заттарды санына қарай салыстыру арқылы көп-аз, артық-кем, сонша ұғымдарымен таныстыру. Саны бір-бірінен артық-кем заттарды теңестіруге үйрету. Теңестірудің екі жолын практикалық жолмен меңгерту. Сонша, қанша болса, сонша ұғымдарын игерту.

Құралдар: әліппе- дәптер, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Қажетті материалдарды дайындау.

б) "Санамақ" жаттау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Сыныптағы парталарды, заттарды, т.б. санау.

ә) Заттардың санының көп-аздығын, тең екендігін анықтау.

Оқулықпен жұмыс

Оқулық дәптердегі сәбіз бен бұрыштың санын салыстыру. Неше сәбіз? (алты), неше бұрыш? (төрт). Сәбіз көп пе, әлде бұрыш көп пе? (сәбіз көп, бұрыш сәбізге қарағанда аз).

Қайсысы артық? Қайсысы кем? (сәбіз артық, Бұрыштың саны кем), Сәбіздің бұрыштан қаншасы артық? (екеуі). Бұрыштың сәбізден нешеуі кем? (екеуі).

Помидор мен қиярдың санын салыстыр. Помидор - алтау, қияр да алтау. Помидор қанша болса, қияр сонша, екеуінің саны бірдей немесе тең. - Сәбіз бен бұрыштың санын қалай теңтестіруге болады? Деген сұраққа балалардың ізденіс жұмысын ұйымдастыру керек. Сәбіздің бұрыштан екеуі артық, бұрыштың санын сәбізге теңестіру ушін екі бұрыш қосу немесе бүрыштың санына теңестіру үшін екі сәбізді алу керектігін балалардың өздеріне тапқызған дұрыс.

Сәбіз бен бұрыштың санын теңестіргенде неше сәбіз болса, сонша бұрыш болады деген уғымды балалардын, түсініп білгені жөн.

Кекеністердің әрқайсысының санын тауып, оны санына қарай тиісті қораптарға салдыру жұмысын жүргіземіз.

Мысалы: Төрт помидор оларды төртінші қорапқа салуға болады, т.с.с.

Дәптермен жұмыс

Екі торсықтың сиымдылығы бір торсық пен 4 кесеге тең болса, сұрақ белгісінің орнына 1 торсықтың суретін салу керектігін балалардың өздеріне тапқызу керек.

Сабақты "Көп - аз, бір", "Қай қолымда кем" ойындармен қорытындылауға болады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды





Әліппе№ 1, 18-19 бет

Сурет бойынша жұмыс жасайды.

  • Мұғалім қанша?

  • Ұлдар нешеу?

  • Қыздар нешеу?

  • Парталар нешеу?

  • Орындықтар қанша?

  • Қайсы көп?

  • Қайсы аз?

Сурет бойынша дөңгелектерді бояп, сандарын жапсырады.

Тіркемедегі пирамидалары тең машиналарды бояйды.

Қорытынды

Сабақта заттарды санына қарай салыстыру арқылы олардың бір-бірінен артық-кемін, қайсысының көп-аздығын, оларды теңестіру жолдарын, сонша ұғымының тең деген ұғыммен пара-пар екендігін үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау



Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 1 саны мен цифры.

Мақсат- міндеттері: Бір саны және цифрымен таныстыру. Kөп ұғымынан бірді бөліп алу. Бір цифрын жазуға үйрету.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Қажетті материалдарды дайындау.

б) "Санамақ" жаттау.

Санға байланысты өлең-тақпақтар оқу.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сан ұғымына шамаларды салыстыру арқылы келу - дамыта отырып оқытудың бірден-бір жолы. Сондықтан бір санын көптен бөліп алу, көптің ішінде ерекше белгісі бар, өзгеше затты беліп алуға, салыстыруға үйрету қажет.

Оқулықпен жұмыс.

Балалардың зейіні жеміске аударылады. Сурақ-жауап арқылы көптің ішінен бірді беліп алу кезделеді.

Сурет бойынша қанша алма? (көп). Оның ішінде өзгешесі бар ма? (Бар. Бір алма жапырағымен үзілген). Алмұрт қанша? (көп). Алмұрт түсінде қандай өзгеріс бар? (Kөп алмұрт, оның біреуі көк алмұрт). Сол сияқты көп жапырақ, оның біреуі көк жапырақ; көп алхоры, оның біреуі көк алхоры.

Сонымен бір алма, бір алмұрт, бір алхоры, бір жапырақ көптің ішінен өзіне тән ерекшелігіне қарай бөлініп алынады. Бір деген сөзді бала өзі айтуы керек.

Геометриялық фигураларды бір үшбұрыш, бір шаршы, бір дөңгелек, бір текше деп санап шығады.

Ұғымды бекіту үшін "Күз сыйы деген сюжет бойынша әңгіме жүргізіледі. Мысалы: Арман бақшадағы көп асқабақтан біреуін үзіп алды. Сондай-ақ, бір қияр, бір помидор, бір сәбіз, т.б. деп ұғымды қайталап тиянақтайды.

Дәптермен жұмыс.

Бір цифры неге ұқсайды? Деген сұрақ қойылады. Жауап: таяқшаға, бағанға.

1. Бір цифрын жазуға жаттықтыру үшін алдымен ауада жазу.

2. 1 цифрын жазудың алгоритмімен таныстыру.

3. Дәптердегі үлгі бойынша таяқша салу (бір жолға).

4. 1 цифрын жазу.

5. Торкөздегі 1 цифрының санына тиісті бір заттың суретін салу, геометриялық фигуралардың санына қарай тиісті цифрды қою.

Бұл сабақта Бұлжылтпаспен, оның жұмыс атқару негізі мен (принцип) алғаш танысады. Бір санын өткенде Бұлжытпас бір қадам басады. Ол тапсырма орындағанда бір-ақ торкөзге жылжитыны, торкөздің алдындағы кедергіні аттап өте алмайтындығы түсіндіріледі. Құмырсқаның илеуі қайда, қанша қадам жасағанда торкөзді санап отырып жетендігіне түсініп, жауап беруі керек.

Ойындар

Бұл сабақта "Көп-аз, бір", "Қай қолымда зат көп" ойындарын, дидактикалық материалдың сериясын пайдаланып ойындар ойнатуға болады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды











№1,22-23 бет

Оқулық дәптердегі практикалық тапсырмада көрсетілген үлгідей орындауларына болады.

Суретті берілген үлгідегідей бояйды.

Әр топтағы артық заттарды қоршайды.

Жемістерді санап, тиісті санын жапсырады.

1 санын жазады

Қорытынды

Сабақта 1 санының пайда болуы, 1 цифрымен танысып жаттығулар толықтырылып, өзіндік жұмыстар арқылы ұғымдарды бекітеміз.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген 1 саны жайлы білу керек

оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 2 санының құрамы, - + - = таңбаларымен таныстыру.

Мақсат- міндеттері: Балаларды 2 санының пайда болуы, 2-нің алдындағы санды шығарып алуға үйрету. 2 саны мен азайту амалдарымен таныстыру. 2 цифрын жазуға үйрету.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақты еске түсіру. а) 1 санының пайда болуы.

ә) 1 цифры

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сабақты "Жыл құстары" тақырыбына байланысты әңгімеден бастаған жөн. 2 санынан бұрын "қосу" амалымен танысады. Бұтада бір торғай отыр еді, оған біреуі ұшып келіп қосылды. Сонда неше торғай болды. (екі). Бірге бірді қосқанда екі болады.

Екі араның біреуі ұшып кетті. Нешеуі қалды? (Біреуі). Екіден бірді алғанда бір қалады. Сөйтіп, "азайту" амалымен танысады. Бірден кейінгі сан - екі, екінің алдындағы сан - бір. Екі санының пайда болуы текшелер арқылы көрсетілген. Бір көк текшеге бір қызыл текшені қоссақ, екі текше болады. Екі шардың біреуі жарылып еді, біреуі қалды.

Екі таяқшадан не құрастыруға болады?-деген сұраққа жауап ретінде практикалық жұмыс жүргізіледі. Балалар екі таяқшаны пайдаланып, өз беттерінше құрастырумен айналысады.

"Аулада" атты тақырыпқа берілген сурет бойынша балалар әңгімелеп жаттығады. Екі қүс ұшып жүр, Тауықтың екі балапаны бар. Екі үйрек жүзіп жүр т.б. сөйлемдер құрап, өздерінің ойларын математикалық жүйеде әңгімелейді.

Өзіндік жұмысты орындауда үлгіде көрсетілгендей әр қорапқа екі балапаннан салу керек.

2 цифры неге ұқсайды? (Аққудың мойнына).

2 цифры. Оны жазу алгоритмімен таныстырылады. 2 цифрының баспа түріндегі элементтерін үзік сызықты бастыра жүргізіп жазуды 2 цифры үлгідегідей бір жолға жазылады. Дамытушылыққа берілген тапсырмада 2 санының қасына екі заттың суреті салынып, суреттің саны жанындағы бос орынға жазылады.

Бұлжытпастың тапсырмасы бойынша құрбақа, инелікке жеткенше қанша қадам аттайтынын табады.

Оқулықпен жұмыс.

Сабақты «Үй қустары» тақырыбына байланысты әңгімеден бастаған жөн.

Сурет бойынша есеп құрастыру. Бір тауыққа бір тауық келіп қосылды. Қанша болды? (Екі).

Екі жұмыртқаның біреуін алсақ, қанша қалады? (Біреуі).

Сол сияқты үйрек пен қаздың суретін пайдаланып есептер құрастырамыз.

Доп, үшбұрыш, шаршыларды бір-біріне қосу арқылы теңестіріледі. 1 = 1. 2=2.

Балапандардың санын салыстырамыз. Ортасына тең таңбасы қойылып, Қарындаштың тапсырмасы бойынша 1,2 цифрларын жазу, теңестіру жұмыстары орындалады.

Дәптермен жұмыс

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды





№1,24-25,32-33 бет

Заттар тобын қоршап сызады, тең болатын заттарды сызық арқылы қосады.

Тиісті цифрды жапсырады.

Үйдің терезелерін берілген түстер бойынша бояйды.

2 санын жазады.суретке қарап есептер құрастырады.

Дәптердегі +,-,= таңбаларын жазады.

Қорытынды

Бұл сабақта 2 санымен, цифрымен, қосу және азайту (+,-) амалдарының таңбаларымен таныстыру көзделеді

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген 2 саны жайлы білу керек

  • қосу, азайту амалдарын пайдалануды білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы



Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 0 саны мен цифры

Мақсат- міндеттері: 0 саны мен цифрымен таныстыру. 0 санының пайда болуы, орны туралы мәлімет беру.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақты еске түсіру. а) 2 санының пайда болуы.

ә) 2 цифры

а) +,-,= таңбалары

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Бұл сабақ "Жайлауда" деген тақырыпта құрылған. Балалардың зейінін бірінші суретке аудару. Киіз үйге мән беру, енді II суретпен салыстыру. Не езгерді? (Үй жоқ), Сол сияқты 3 және 4-суреттер салыстырылады. Не езгерді? Екі қозы қыр асып кетті, яғни жоқ.

Олай болса, 1-1=0, 2-2=0.

0 саны жоқ, бос деген мағынаны береді. 0 ұғымын қалыптастыру үшін, асықтармен есеп құрастырып жаттықтыруға болады.

Суретте не өзгерді? Бұтақтың екі жапырағының біреуі ұшып түсті. 2-1=1. Қалған бір жапырақ жерге түсті. 1-1=0. Бұтақ жапырақсыз қалды.

Сондай-ақ, келесі тапсырмада 0-дің пайда болуы қайталанады.

0 саны 1-ден кем, яғни 1-дің алдында болады.

Өзіндік жұмысты геометриялық фигуралардың астына бос орынға тиісті санды қойып орындайды.

0 санының таңбасымен таныстыру. 0 саны неге ұқсайды? (Жұмыртқаға, допқа, т.б.)

0-ді үлгідегідей, бастыра жазып үйренеді.

Қарындаш пен Бұлжытпастың тапсырмаларын орындау. "Қандай таңба" ойыны арқылы 0 саны мен цифрын бекітеміз.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды





№1,38-39 бет

Оқулық дәптердегі практикалық тапсырмада көрсетілген үлгідей орындауларына болады.

0 санын жазады

Қорытынды

Бұл сабақта 0 саны оның таңбасы пайда болуы таныстырылады.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген 0 саны жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы






Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 3 саны мен цифры.

Мақсат- міндеттері: 3 цифрымен таныстыру. 3 санының пайда болуы. Жеке оның құрамымен таныстыру. 3 келемінде қосу, азайту амалдарын орындау. Есеп құрастыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақты еске түсіру. а) 2 санының пайда болуы.

ә) 0,1,2 цифры

а) +,-,= таңбалары

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сабақты "Үй жануарлары" тақырыбына сәйкес әңгімеден бастаған жен. Үштің пайда болуы сурет бойынша түсіндіріледі. Екі түйеге бір түйе келіп қосылғанда қанша болады? (Үш). Үш қойдың біреуі еріске кетті. Нешеуі қалды? (Екеуі).

Қамшылардың түріне қарай есеп құрастырады. (2+1). Үш кесенің біреуі құлап кетті. Нешеуі қалды? (Екеуі). Балалар шұбат, ірімшік санын анықтап алып есептер құрап жаттығады.

Үш таяқшадан құрастыру жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндіктерін байқаймыз.

Үш санының пайда болуына байланысты алған ұғымдарын бекітіп, математикалық жүйеде әңгіме құрастырады. Тура, кері санап, 3 санын тиянақтайды.

Дәптермен жұмыс

Тапқышбектің тапсырмасында "Не артық?" деген сұраққа жауап іздеу. Жауап: үйрек. Қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады? (Төрт түлік, телдер, үй жануарлары).

Сабақта "Ұқсастығын тап", "Қашқан сандар", "Бірде бір" ойындарын пайдаланамыз.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



№1,26-27 бет

Қай зат үштен екенін тауып қоршайды.

Үштен артық шырақтарды бояйды.

Сәйкес заттарды табады,

3 саын жазады, бояйды

Қорытынды

Сабақта 3 санының пайда болуы, құрамы, 3 цифрымен таныстыру, төрт түлікке деген сүйіспеншіліктері қалыптастырылып, әңгіме, ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел т.б. беріледі.


Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген 3 саны жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы





Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 4 саны мен цифры.

Мақсат- міндеттері: 4 санының пайда болуы, құрамы, 4 цифрымен таныстыру. 4 цифрын жаза білуге үйрету. 4 саны құрамына есеп құрастыруға дағдыландыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақты еске түсіру.

ә) 0,1,2,3 цифры

а) +,-,= таңбалары

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сабақ "Тірі табаиғат мүйісі" тақырыбына арналған әңгімеден баста-лады. 4 санының пайда болуы аквариумдағы балық арқылы, 4-тің алдындағы сан ұғымы тордағы қояндармен түсіндіріледі.

Сәбіздің суреті, оларға амалдар (+,-,=) қолдану арқылы 4 санының пайда болуы мен 4-тің алдындағы сан ұғымы қайталанады.

Төрт таяқша арқылы әр түрлі құрастыру жұмысы жүргізіледі. 4-санының құрамын ажырату. Сан қатары: 1,2,3,4. Тура және кері санау.

Дәптермен жұмыс

Қарындаштың тапсырмасын орындауда тиісті түспен шаршыларды ретімен бояу. Төрт түлік, төрт кітап, дүниенің 4 бүрышы, жылдың 4 мезгілі, т.б. мағлұматтар беру.

"Сабақта "Поезд құрастыр", "Доп лақтыру", "Қалт етпей қағып ал", т.б. ойындар жүргізіледі.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

№1,28-29 бет

Сурет бойынша жұмыс

  • көк кружка қанша?

  • Қасық қанша?

  • Сары кружка қанша?

  • Кәмпит қанша?

  • Алма қанша?

Сәйкес цифрын жапсырады.

Берілген түстер бойынша заттарды бояйды.

Әр топтағы заттарға не ортақ екенін тапқызып, оларды бір сөзбен қалай аталатынын айтады.

4 санын жазаады, бояйды.

Қорытынды

4 санын түсіндіруде баланың табиғатқа деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін оятып, өзін қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеп, адамгершілік, имандылық негіздерін қалыптастырамыз.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген 4 саны жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы





Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 5 саны мен цифры.

Мақсат- міндеттері: 5 саны. 5 цифрымен таныстыру.

5 санының пайда болуы, оның құрамына, есеп құрастыру. Есептеу

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақты еске түсіру.

ә) 0,1,2,3,4 цифры

а) +,-,= таңбалары

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сабақ "Орманда" атты тақырыпта өрбітіледі. 5 санының пайда болуы, 5-тің алдындағы сан түлкі мен тиіннің әрекеті бойынша анықталады. Жаңғақтар мен саңырауқулақтар арқылы 5 санының құрамын біліп, бос орындарға балалар тиісті санды қояды. Таяқшалар арқылы әр түрлі пішіндер құрастырады.

5 санының құрамын ажырату.

Сан қатары: 1,2,3,4,5. Кері санау.

5 цифры, оның баспа түріндегі таңбасымен таныстыру. 5 цифрын жазу, есептер құрастыру.

Сабаққа "Дүкен", "Дабыл қағу", "Кім алғыр" ойындарын ұсынамыз

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

№1,30-31 бет

Суретте (нелер) кімдер үштен? Төрттен? Бестен? Кімдер төрттен артық? Бестен кем? Нелер тең?

Фигураларды атап, санын таяқшамен және цифрмен жазады.

Ұннан, жіптен, ағаштан нелер жасалатынын айтады, сәйкес заттардың суреттерін жапсырады.

5 санын жазады, бояйды

Қорытынды

5 санын түсіндіруде баланың табиғатқа деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін оятып, өзін қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеп, адамгершілік, имандылық негіздерін қалыптастырамыз.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген 5 саны жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы





Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Салыстыру >,< таңбалары.

Мақсат- міндеттері: Заттарды санына қарай салыстыру, >,< таңбаларымен таныстыру. Сан мен санды, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстыруға үйрету.

Құралдар: әліппе- дәптер, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақты еске түсіру.

а) 0,1,2,3,4,5 цифры

ә) +,-,= таңбалары

б) Заттардың санын салыстыру.

в) Артық, кем, ұзын, қысқа, тең ұғымдарын қайталау

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сабақты "Ертегілер әлемінде" деген тақырыпта әңгімелеп, ертегілерді ескетүсіру. "Қасқыр мен қоян" "Бауырсақ", "Бес ешкі". "Қасқыр мен түлкі", "Крокодил мен қалқанқүлақ", "Ешкі мен қасқыр" т.б. Осы ертегілердегі жан-жануарлардың дене мүшелерін, мінез-құлқын салыстыру.

Ойыншықтардың санын салыстыру. >,< таңбаларын қалыптастыру. Шелек пен доптың, ойыншық ат пен түйенің санын салыстырып, артық, кем, тең ұғымын пысықтау.

Өзіндік жұмыста геометриялық фигуралардың санын анықтап, тиісті таңбаны қою.

Қалтқыдағы геометриялық фигуралардың санына, түсіне қарап, қал-тқының екінші басына геометриялық фигураның суретін салып, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстырады

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

№1,20-21 бет

Оқулық дәптердегі кестеде көрсетілген үлгіге қарап жеміс, көкөністердің санына сәйкес нүктелер салып, нүкте санын цифрмен таң-балау

Қорытынды

Бұл сабақта заттардың санына қарай артық-кемін тауып, >,=, < таңбаларын түсініп, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті теңестіріп, салыстыру тақырыбын бекіту көзделеді.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген >,=, < таңбалары жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы







Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Қайталау, білім байыту сабағы..

Мақсат- міндеттері: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды, олардың таңбалауын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту, бақылау.

Құралдар: әліппе- дәптер, салыстыруға, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) 2-ден 5-ке дейінгі сандардың құрамы.

ә) 1-5 дейінгі сандардың қатары.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Оқулық дәптердегі үйдің, ондағы жануарлардың орналасуына қарай олардың әрқайсысының қай қабат, қай пәтерде тұратынын анықтау.

ә) жануарлардың қайсысы қайсысымен көрші немесе бір қабатта туратынын түсіндіру.

б) Домино тасына қарап бестің құрамын ажыратып, бос орынға нүктелеп тиісті санды қою.

в) 1-ден 5-ке дейінгі сандардың теріс жазылғандарын дөңгелектеп қоршау.

г) Үйшіктің қандай геометриялық фигуралардан құрастырылғанын ажыратып, бос орындарға олардың санын қою.

ғ) Бағыттаушы сызықтың бағытына қарай бос торкөздерге оның бағытын көрсете отырып жалғастыру.

д) Сандардың алдыңғы және өзінен кейінгі көрші санын табу.

е) Көбелектің салынбаған жартысын тауып, екінші жартысын бояу.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

№1,34-37 бет

Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. 2,34,5 сандарынын құрамын анықтап, тиісті сандар жазып, бояйды.

Қорытынды

Бұл сабақ балалардың білімдерін бекітуге мүмкіндіктер беріп, бала мен табиғат арасындағы өмір құбылыстарын таныстырып, бақылатып, олардың ақыл-ой қабілетін дамытады. Балалардың еңбекке, табиғатқа жан-жануарларға деген жауапкершілігін қалыптастырып, оны терең сезіне білуге, жануарларға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар қайталау сабағында өтілген материалдарды бекітуі керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы






Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 6 саны мен цифры.

Мақсат- міндеттері: 6 саны, оның цифрымен таныстыру. 6 санының пайда болуы. Оның құрамы. Қосу азайту таңбаларын қолданып, 6 көлемінде есептер құрастыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) 2-ден 5-ке дейінгі сандардың құрамы.

ә) 1-5 дейінгі сандардың қатары.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру. Ойындар арқылы өтілген сандар мен цифрларды қайталау, құрамдарына мән беру. Есеп-шоттың 5 тасына тағы 1 тас қосу, 5 саусаққа бір саусақ қосқанда 6 саны шығатынын, оның құрамында алты бірлік болатынын түсіндіру, цифрын баспа түрде таңбалай білуге үйрету.

Оқулықпен жұмыс.

Есепшоттың тастарын санау, сағатпен уақытты бағдарлау. Суретте тізілген үшбұрыштың нешеуі боялған және қандай?

Ақтиіннің неше жаңғағы бар? Енді біреуін қосып еді нешеу болды? Торкөзді пайдаланып, қосу амалына есеп шығар, Нешеуі қалды?

6 торғайдың біреуі ұшып кетті. Нешеуі қалды? Торкөзді пайдаланып, есеп шығару арқылы анықтау. Жаттығу жұмыстарын балалардың өздеріне таныстыру. Парталас балалармен ақылдасып, сөйлесе отырып, есеп шығаруға бағыттау.

Келесі тапсырма құрастыру жұмысы.

6 таяқшаны пайдаланып, үлгі бойынша құрастыру. Балалардың өз шығармашылығына ерік беру. Оқулық дәптерде берілген тапсырмаларды балалар өздері орындайды. Тәрбиеші-педагог бағыт береді.

Тапсырмалар орындалғаннан кейін, балалар 6 саны, оның цифры, құрамымен танысып, көптеген мағлүмат алып, естеріне сақтап, есеп шы-ғаруда еркін қолдана алады. Бұлжытпас 5 санын артқа тастап, 6 санына келіп тоқтайды.

Балалар 1-ден 6 дейін оңға қарай тура және оңнан солға қарай кері санайды.

Дәптермен жұмыс:

Өзіндік жұмысты орындап, жаңа өтілген сабақты пысықтау.

"Алдыңғы көршісін тап", "Кім жылдам?", "Не естідің?" ойындарын пайдаланып, алты санына байланысты дидактикалық материалдар сериясын қолданамыз.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды





№1,40-41 бет

Әр топтағы заттардың атын айтып, 6дан берілген заттарды бояйды.

6 санын құрамын анықтап, сандарын жазады.

Есеп шығарады.

6 санын жазады, бояйды.

Қорытынды

Бұл сабақ балалардың білімдерін бекітуге мүмкіндіктер беріп, 6 саныны құрамымен таныстыру көзделеді

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта 6 саны жайлы білуі керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы




Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 7 саны мен цифры.

Мақсат- міндеттері: 7 санының пайда болуы, 7 цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақты еске түсіру. а) 6 ға дейін тура, кері санау. ә) 6 санының құрамы.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Сабақ "Төлдерге қамқорлық" тақырыбына түсінік беруден басталады. 7 санының пайда болуы суреттегі қозылардың санына қарай анықталады. 7-нің алдындағы санды шығару өтілген сабақтардың негізінде жүргізіледі. Бала 7 қозыны екі қораға қалай бөледі? - деген сұраққа жауап алынады. (6+1, 5+2, 4+3). Ал 6-ты бұзауды қалай бөлеміз? (5+1, 4+2, 3+3).

Сан қатары: 1,2,3,4,5,6,7, тура, кері санау. ә) 7 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастыру.

б) 7 санының құрамын ажырату.

Дәптермен жұмыс

1) 7 цифрымен таныстыру. 7 цифры неге ұқсайды? (Шалғыға).

2) 7 цифрын жазу алгоритмімен таныстыру.

3) "Жеті лақ" ертегісінің мазмұнын айту, 7 цифрын жазу.

4) 7 санының құрамын ажыратып, тапсырманы өз бетінше орындату.

5) Геометриялық фигуралардың орыны қалай ауыстырылғанын ба-ғыттаушы сызық үлгідегідей көрсету.

6) Көбелектің суретінін жартысын салып, аяқтап оны бояу.

Яғни 7 санына байланысты: 7 күн, 7 қат аспан, 7 түс, 7 шелпек, 7 ата ұғымдарын түсіндіру.

"Нешеу?" деген сұраққа жауапты 1-ден 7-ге дейінгі сандарды қолданып жауап беруге болатынын айту.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



№1,42-43 бет

Суреттегі цифрларды бастырып жазады, бояйды, неше құмырсқаның жүгі жоқ екенін санап, айтады.

7 санының құрамын анықтап, жазады.

Тиіннің жағақтарын есепке сәйкес бөліп салуға көмектеседі,

7 санын жазады, бояйды.



Қорытынды

Бұл сабақта балалар қазақ халқының күнделікті тәлім-тәрбие жұмысында кездесетін (7 апта, 7 күн, 7 шелпек) т.б. ұғымдарды түсініп, халықтың өмірі, оның әдет-ғұрпы жөнінде ойлау жүйесі, дүние танымы кеңейеді.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта 7 саны жайлы білуі керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы






Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 8 саны мен цифры.

Мақсат- міндеттері: 8 санымен, оның цифрымен таныстыру. Өткен сабақтағы 7 санына 1-ді қосып, 8 санын алуға болатынны түсіндіру. "+", "-" таңбаларын пайдаланып сегізге дейінгі көлемде жазбаша, ойша есептер құрастыру. Тура және кері санау. 8 санын қос қошқар мүйіз өрнектерін балаларға көрсете отырып, естерінде сақтау жұмысын жүргізу

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақты еске түсіру. а) 7ге дейін тура, кері санау. ә) 7 санының құрамы.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Өткен сабақтарды қайталап, қандай цифрлармен танысқандарын, Олардың әрқайсысының неге ұқсайтынын, неше бірліктен құралатынын еске түсіріп, жаңа өтілетін санды үйретеміз. Өткен сабақтардағы есепшот тастарын пайдаланып, уақытты бағдарлау геометриялык, фигура үшбұрыштар тізбегінде неше үшбұрыш боялғанын анықтап 8 санын игереміз.

Суреттегі өрнек таңбаларымен таныстырып, олардың мағынасына мән беріледі. Оқулық дәптердегі өрнек таңбалар арқылы балалар есептерді шығарып, торкөздерге жазады.

Жаттығу жұмысы кезінде солдан оңға қарай, тура және оңнан солға кері санайды.

Сегіз таяқшаны пайдаланып түрлі заттар құрастырады, қандай геометриялық фигураларды, денелер, силуэттер пайда болғанын айтады. Бұл таяқшалардың сиқырлығын түсіндіреді.

Сандарды бір-біріне қосып, 8 санының құрамын анықтап торкөзге жазады.

Балалардың 8 санымен, оның цифрымен танысқанын, берілген тапсырманы тиянақты орындаудағы деңгейлеріне риза болған Бұлжытпас, көтеріңкі көңілмен, 7 санын артқа тастап, 8 санының үстіне келіп тоқтайды.

Дәптермен жұмыс

8 санын бастырып жазуды үйрету. Оқулық дәптердегі өзіндік жұмыстар тапсырмасын орындап, есептер құрастырып оны (ауызша, жазбаша) шешуді. Өзіндік жұмысты дұрыс игерген бала келесі тапсырманы орындайды. Сол жақ бұтада дөңгелек, ал оң жақ бұтада буылтық шарлар бейнеленген. Яғни сол жақтағы бұтақтарға дөңгелек шарлар салынып, оң жақ бұтақтарға буылтық шарлар салынады. Көрсетілген түспен бояйды. Балалар бір түсті шарлар нешеу екенін анықтап, түр-түстеріне тоқталады.

"Шешуін кім табады?", "Көршісін тап", "Қай сан жоқ?" ойындарын ойнатып, дидактикалық материалдар сериясын пайдаланады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



№1,44-45 бет

Сурет бойынша жұмыс. Қай зат қаншадан берілгенін қарап, сәйкес цифрды жазады.

8 санының құрамын анықтап жазады, бояйды.

Қонжыққа көмектеседі, сөреге қандай құмыра қою керектігін айтып, жапсырады.

8 санын жазады, бояйды.

Қорытынды

Бұл сабақта балалар 8 санының құрамымен танысу көзделеді

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта 8 саны жайлы білуі керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы








Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 9 саны мен цифры.

Мақсат- міндеттері: 9 саны, оның цифрымен таныстыру, 9 санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру. Ою-өрнектерді пайдаланып, екі санды қосу арқылы 9 санына жету. 9 санынан бастап бір-бірден шегеріп отырып, кері қарай 0-ге дейін, 0-ден 9-ға дейін ауызша, жазбаша тура санай білуге үйрету. 6 санын төңкерген кезінде 9 саны пайда болатын, өрнектерде осы санның орны ауысып кетсе, амалдар дұрыс шықпайтынын түсіндіріп, балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақты еске түсіру. а) 8ге дейін тура, кері санау. ә) 8 санының құрамы.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Түрлі ойындар, қызықты тапсырмалар беріп 9 санына дейін өтілген сандарды қайталау. 1,2, 3,4,5,8 цифрын жазып, 5-ке 3-ті қосса қанша болады. 5-тен 3-ті алса қанша қалады? Ал 8 санына 1-ді қосып едік қандай жаңа сан пайда болады? Қане, кім табар екен?-деген қызықты сұрақтармен алға жетелеп балалардың белсенді қызығушылығын қалыптастырамыз.

Жаңа ұғымды есепшоттың тастарын санап, уақытты бағдарлап, гео-метриялық фигура үшбұрыштар тізбегінде неше үшбұрыш боялған, түстері қандай, суреттегі 8 гүлге 1 гүлді қоссаң қандай сан шығады? деген түсінік береміз.

Жаттығу жұмыстарын орындап, есептер құрастырады. Тура және кері санайды.

Таяқшаларды пайдаланып, құрастыру тапсырмасын орындаймыз. Та-яқшалар саны міндетті түрде 9 болуы керек.

Суреттегі 1,2,3 дөңгелектерді бір-біріне қосып, соған сәйкес есептер құрастыру, шешуін табамыз.

Бұлжытпас балалардың біліміне, адамгершілік қарым-қатынастарына, еңбегіне, риза болып, 8 санын артқа тастап, жаңа 9 санына барып тоқтайды.

Дәптермен жұмыс

Қоян сәбізге жету үшін неше қадам алға жүру керек? Алдында кедергі тұр, қалай жүріп өтеді? деген жан-жақты дамыту сұрақтарымен баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерінің мүмкіндіктерін ашамыз.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды





№1, 46-47 бет

Суреттегі араларды дан қоршап сыады.

Алма ағашындағы алмаларды санап, тиісті санын жапсырып, оң және сол жағында қанша алмадан екенін санап, тиісті санын жазады.

Қай себетте доптар саны артық, кем екенін айтады,берілген тапсырма бойынша доптарды бояйды.

9 санын жазады, бояйды.

Қорытынды

Бұл сабақта балалар 9 санының құрамымен танысу көзделеді

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта 9 саны жайлы білуі керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы




Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 10 саны мен цифры.

Мақсат- міндеттері: 10 санының пайда болуы, таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын ажырату.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақты еске түсіру. а) 9 ға дейін тура, кері санау. ә) 9 санының құрамы.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Бұл сабақты "Спорттық ойындар" тақырыбымен байланыстырып, ба-лаларға дене мәдениеті жан тәрбиесімен бірлікте қарастырылатын қызықты әңгімеден бастаған жөн.

Сапта неше бала түр? (Тоғыз бала). Оған бір бала келіп қосылды, сонда қанша болды? (Он). Он саны екі цифр арқылы (1 және 0) былай (10 жазылады. 10-екі таңбалы сан.

Балалрдың зейіні 2-суретке аударылады. Спортшылардың нөмірі, реті аталады. (Бірінші екінші, алтыншы). Келесі спортшының нөмірі нешінші? (Жетінші). Келесінікі ше? (Сегізінші, тоғызыншы, оныншы).

Біз сыныпқа 6 көк, 4 қызыл шелек сатып алдық. Барлығы неше шелек болды? Балаларды шабыттандырып, есептің қызықты әрі пайдалы болуын кездеп тәрбиеші-педагог балалармен бірге есептер шығарады. Екінші есепте балалардың ойын, тілін дамытып, дүниетанымын кеңейту көзделеді.

1-ден 10-ға дейін тура және кері санату.

10 таяқшадан суреттегі үлгіге қарап әртүрлі геометриялық фигуралар құрастырады. Бұл тапсырмаларды баланы "дәл осындай" деп шектемей өзін еркін сезінумен, шығармашылық ізденіске еркіндік беріледі.

Бұлжытпастың тапсырмасында қозы өзінің енесіне жету үшін неше қадам жасайды? Кедергіні аттап ете алмайтындығынан айналып ететіндігі ескеріледі.

Дәптермен жұмыс.

10-ның құрамын ойша толықтыру.

10-ға дейін тура және кері санап, бос орындарға тиісті санды қою.

Шаршылардың санын 10-ға толықтырып тиісті түспен бояу.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды







№1,48-49 бет

Суретте берілген заттарды атайды, санын айтады, тиісті санын жазады.

Берілген есеп бойынша доптарды бояйды, сандарын жапсырады.

тиісті фигураны түсі бойынша салады.

10 санын жазады, бояйды.

Қорытынды

Бұл сабақта 10 санының пайда болуы, оның құрамы, таңбалануы көзделеді, балалардың ойлау білу және өзіндік пікір айту қабілеттері дамытылады.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта 10 саны жайлы білуі керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы




Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:Салыстыру.

Мақсат- міндеттері: 10 көлемінде сан мен санды, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстыру дағдыларын жетілдіру.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Ауызша есептеу дағдысын қалыптастыруға берілген жаттығулармен жұмыс жүргізу.

ә) 10 санының құрамы.

б) 10 келемінде сандарды салыстыру.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

1) Суреттегі үлгіге талдау жасай отырып, қалтқыда отырған қуыр-шақтардың теңсіздіктерін балалардың өздері табады.

2) Қалтқыдағы шаршыларды түсіне, орналасуына қарай сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстырып, тиісті таңбаны қою.

3) Сол үлгідегідей балапандардың санын салыстырып соған сәйкес өрнек құру.

4) Қалтқының екінші бас жағына астындағы таңбаға байланысты санын сәйкестендіріп, геометриялык, фигуралардың суретін салу.

5) Бір-бірімен қиылысқан екі деңгелекте берілген санды өрнектердің мәнін тауып, нәтижелерін салыстыру. Екі дөңгелектегі өрнектің мәндері бір-біріне тең болатындай нәтижелерін тауып екеуінің қиылысына жаздыру

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Тақтада берілген тапсырмаларды орындайды

Қосымша №1,50-53 беттер



Қорытынды

Бұл сабақта 10 көлеміндегі сан мен санды, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстырудың әр түрлі жағдайын қарастырып, баланың сабаққа қатысуы, тапсырманы орындауы, ынтасы артатын қызықты тапсырмалар берілді.

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы






Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Сан құрамы

Мақсат- міндеттері: Балаларға өз еркімен атқаратын тапсырма беріп, өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау жасату. Құрамын анықтап, сандарға байланысты алған білім деңгейін бақылау.

Ақыл-ой белсенділігін күшейту, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

"Кершісін тап", "Қай сан жоқ?" "Жарыс", "Кім шапшаң?" сияқты ойындар ойнатып етілген сабақтардағы сандарды еске түсіріп балалардың белсенді қызығушылығын дамытып, берілген білімді меңгерту.

Оқулық дәптердегі тапсырмаларды орындау. Толықтыруға берілген тапсырмада ортада жазылған санның берілген санға қандай санды қосқанда шығатынын анықтап, торкөзге жазу. Жұмыс барысында Тапқышбек, қадағалап тұрғанын балаларға ескерту.

Суреттегі дөңгелектерді түстеріне қарай сұрыптап, есептер құрастыру. Олардың нәтижелерін шығарып, торкөздерді толтыру. Балалар өз еркімен жұмыс атқарады. Балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау. Келесі тапсырма үйдің қабырғасында көрсетілген. Өрнектің мәні үйдің шатырында берілген. Мәні шатырда көрсетілген санмен сәйкес келмеген санды, өрнекті суреттегідей деңгелектеп қою керек. Келесі тапсырма суреттің қатесін табу.

Бұлжытпас, раушан гүлін шелектегі суға салу үшін кедергілерден қалай жүріп етеді? Неше қадам жол жүреді? Тәрбиеші-педагог балаларды шабыттандыратын, ықласын оятатын тапсырмалар беріп, сабақты өрбітіп, түрлендіруіне әбден болады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды





Алдынғы сабақтардағыдай сан құрамын анықтап, тақтадағы тапсырмаларды орындайды.



Қорытынды

Бұл сабақта 10 көлеміндегі сандарды құрамы таныстыру көзделеді, баланың сабаққа қатысуы, тапсырманы орындауы, ынтасы артатын қызықты тапсырмалар берілді.

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • сан құрамы жайлы білуі керек




Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Есеп құрастыр, оны шығар.

Мақсат- міндеттері: Суретті пайдаланып есептер құрастыру. Оның нәтижесін табудағы ең басты мақсат - баланың тілін дамыту, грамматикалық дұрыс байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеу, көзімен көргенін есінде ұстап, тіл, сөз арқылы ойын айтып, ақыл-ойын дамытып, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Баланы сурет бойынша сөйлету. Суреттерден торғайларды көріп тұрмын. Торғайлар өте көп. Олар бұтақта отыр. Мен торғайлар туралы тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш білемін, есеп құрастырамын:

Сол жақтағы бұтақта 4 торғай отыр еді, оң жақтағы бұтаққа тағы да екі торғай ұшып келіп қонды. Ендеше, 4 торғай+ 2 торғай= 6 торғай. Басқа тапсырмаларда осылай орындалады.

Қол жаттықтыру жұмысында бала қасындағы парталас досымен әңгімелесіп, жәй дауыспен естірте сөйлеп берілген жұмыстарды орындауға болады.

Тәрбиеші-педагог үлестірмелі материалдарды таратып, балалардың математикалық, тілдік деңгейін тереңдетеді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Дәптердегі (әліппе №2,8-9 бет) есептерді құрастырып, шығарады.

Есептерді шығарып, тиісті санды жазады.

Суреттегі есептерді шығарып, шығындысындағы саннын түсіне қарай суретті бояйды.





Қорытынды

Бұл сабақта 10 көлеміндегі сандармен есептер құрылып, оларды таяқшалар арқылы шығарукөзделеді, тапсырманы орындауы, ынтасы артатын қызықты тапсырмалар берілді.

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • есептерді құрып, оларды шығара білуі керек




Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Ауыр. Жеңіл. Сусымалы заттар. Сұйық заттар.

Мақсат- міндеттері: Балаларды таразымен, жалпы таразы түрлерімен таныстырып, пай-далана білуге тәрбиелеу. Заттардың ауыр, жеңілдігі олардың аз-көптігі, үлкен-кішілігіне байланысты емес жағдайлар кездесетінін тәжірибе жүзінде көрсету. Заттың салмағын көз мөлшермен, қолмен салмақтап көріп, білуге болатынын түсіндіру.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сабақты "Көкөніс дүкенінде" тақырыбымен байланыстырып бастаған жөн. Таразымен таныстыру, масса - заттың өзі турған орнына түсірген қысымы екендігін түсіндіру.

Сабақты практикалық жұмыспен өткізген тиімді. Суретте көрсетілген көкөністерді шындығында таразыға тартып, балалар ауыр -жеңіл ұғымын нақты түсінеді. Заттардың саны бірдей болғанмен, бір зат өзінің бірнеше заттан ауыр болатынын саналы ұғындыру. "Қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл?" сұрақтары арқылы әртүрлі көкөністерді таразыға салып анықтау.

Саны бірдей, масалары әр түрлі; саны әр түрлі, массалары бірдей т.б. жағдайлар ескеріледі. Теңестіру үшін екі түрлі жағдай қарастырылады, жеңіл жағына қосу. Ауыр жағын алу. Әткеншек тербелу үшін не істеу керек? Онда не өзгереді? -деген сұрақтарға жауап алу.

Тапқышбектің тапсырмасында судағы қармақ екі жағдайда салыстырылады. Қармаққа балық ілікті, яғни салмақ басты. Ал ештеңе ілікпесе бір қалыпты сақтайды, - деп балалар ойларын өздері тұжырымдайды.

Енді қол жаттықтыру жұмысы орындалады. Балалардың ойлау қабілетін тереңдететін сезімталдық қасиеттерін дамытатын қызықты тапсырмалар беріледі.

Сусымалы заттар туралы түсінік беру. Сусымалы заттарды бір-бірінен ажыратып, өлшей білуге тәрбиелеу, сусымалы заттардың ерекшелігі - төккенде, бір ыдыстан екінші ыдысқа аударып салғанда тебе, үйінді сияқты болып қалатынын дәлелдеп түсіндіру. Сусымалы заттарды шартты өлшеуіштің көмегімен өлшей білуге дағдыландыру.

Қандай сусымалы заттарды білесіңдер? (Құм, топырақ, ұн, бидай, күріш, тары, жарма, құмшекер т.б.). Сусымалы заттарды ыдысқа төгіп көрейік. Не пайда болды? (Қанттың, ұнның, күріштің, тұздың үйінділері пайда болды). "Нан дастарханға қалай келді?" тақырыбында әңгіме өткізу үшін оқулықтағы суреттерді пайдаланамыз. Медициналық уақыт өлшеуішпен таныстыру. Таразыны пайдаланып, сусымалы заттарды өлшеу. "Балалар ойыны" тақырыбына әңгіме. Ойлануға берілген тапсырмада геометриялық фигуралардың орнын ауыстыру арқылы бір күйден екінші күйге қалай келгендігін өздеріне түсіндірту. Сабақта балалар сусымалы заттардың қасиеттерімен, пайдасы жөнінде танысады, салыстырады, практикалық жұмыстармен ұштастырады.

Суйық заттың физикалық қасиеттерімен таныстыру. Температураға байланысты бір күйден екінші күйге ауысуы. Көлемінің өзгеруі, бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстырып қүйғанда бетінің тегіс болатыны, т.с.с. өзгерістерін түсіндіру.

Су, сусын, сүт, айран, шырын, қымыз, шубат, сұйық май, жанар-май, тосап, шәй, сұйық дәрі, сұйықтамақ, т.б. сұйық заттүрлері екендігін сұрақтар қою арқылы балаларға үйрету.

Сұйық зат құятын, өлшейтін ыдыстар - бөшке, түрлі шыны банкілер, шелек, күбі, торсық, тостаған, цистерна, т.б. Сұйық заттарды шартты өлшеуішпен үй жағдайында өлшей білуге дағдыландыру. Сұйық заттар құятын ыдыстар сиымдылығы басқа кішілеу ыдыс арқылы анықтау.

Мысалы: 1 литрлік банкіде 5 стақан сүт бар, 20 литрлік бөшкеде 2 шелек жанар май бар, бір шелекке 10 литр сұйық зат сияды т.б.

Заттардың орнын ауыстырғаннан саны, салмағы, көлемі өзгермейтінін түсіндіру мақсатында өзіндік жұмыс беріледі. "Дүкенде" сюжетті - рольді ойын ойнатып балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, ойын нақтылап, дүниетанымын кеңейтеміз.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды







№2,22-23 ,24-25 бет

Сурет бойынша жұмыс. Не ауыр? Не жеңіл?

Тышқанға жеңіл, ал пілге ауыр заттарды жапсырады.

Есептер құрастырады.

Торкөздердің сандарына қарай түстері бойынша бояйды.

Сурет бойынша жұмыс. Сұйық және сусымалы заттарды атайды, ауыр және жеңіл заттарды орналастырады.

Үлгі бойынша фигура салады.

Қорытынды

Бұл сабақта Ауыр. Жеңіл. Сусымалы заттар. Сұйық заттар туралы түсініктерін кеңейту көзделеді

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • Ауыр. Жеңіл. Сусымалы заттар. Сұйық заттар туралы білуі керек













Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Нүкте. Сызық. Түзу. Кесінді.

Мақсат- міндеттері: Балалардың нүкте, сызық, түзу, кесінді туралы түсініктерін қалып-тастыру. Нүкте қою, сол нүктемен бірнеше түзу жүргізіп, нүктелерді қатар-қатар жиілетіп қойып, түрлі сызықтар салғызып, кесіндінің пайда болуын түсіндіру. Геометриялық фигуралардың әрқайсысының қабырғалары кесінділерден (әр түрлі) тұратынын ұғындыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сабақ жазықтық ұғымын түсіндіруден басталады. Партаның беті, еден, алдарындағы қағаздың беті, т.б. жазықтық екені түсіндіріледі.

Практикалық жұмыста қолдарына қалам алып, алдарындағы қағаздың бетіне ұшын тірейді. Қаламды көтереді. Не пайда болды? (Нүкте). Енді сол нүктеге жанастырып бірнеше нүктелер салыңдар. Не пайда болды? (Kөп нүкте. Сызық).

Сызықтың түрлері: түзу, қисық, сынық.

Жіпті алып партаның бетіне тастайды. Қандай сызық пайда болды? (Қисық сызық). Жіпті екі ұшынан ұстап көреді. Не пайда болды? (Түзу сызық). Сызғышпен таныстырып, қағаз бетіне бір нүкте белгілеп, сол нүкте арқылы түзу сызық жүргізіледі. Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Бір нүктеден сансыз көп түзу жүргізуге болады деген тұжырым жасалады. Суреттегі түзулер, сымдар жайлы әңгімеленеді.

Қарындаш тапсырмасында берілген нүктелермен түзулер жүргізу тапсырылады. Сабақта нүкте, сызық, сызық түрлері, түзу, бір нүктеден түзу жүргізу туралы мағлұмат беріледі.

Бір үйден екінші үйге жету үшін ең қысқа жолға түсу. Жолдардың қандай екенін айту.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін тақырыпқа сәйкес ерікті жұмыс түрлері тапсырылады.

Екі нүкте арқылы түзу жүргізу

Балалардың алдына бір-бір парақ беріліп, оның бетіне екі нүкте белгілетіп, сол екі нүктені бастыра түзу жүргізеді. Осы екі түзуді бастыра тағы басқа түзу жүргізіледі. Екі түзу бір-бірімен беттескенде екі нүктеден бір ғана түзу пайда болады, - деп тұжырымдайды.

Тапсырмада екі нүктені бастыра жүргізілген түзулерді үстінен ба-стырып тағы түзу жүргізуге болатынын екі нүкте арқылы бір түзу жүргіздік деген тұжырым нақтыланады. Бір нүкте арқылы жүргізілген түзулердің үстінен тағы түзулер жүргізіп, бір нүкте арқылы сансыз көп түзу жүргізуге болады деген тұжырымды тағы бір рет қайталайды. Оқулықта берілген суреттерге сәйкес есеп құрастырылады. Мысалы: 5+2=7, 5-2=3, т.е.с.

Қарындаш тапсырмасы берілген нүктелерді (түсіне қарай, екі қара, қара, кек) бастыра түзу жүргізу тапсырылады.

Кесінді Кесіндінің пайда болуын практикалық жолмен меңгертеміз. Ұзын жіпті (арқан) алып, екі балаға керіп ұстатып, сол түзу жіптен кесінді кесіп алады. Алынған жіптің кесіндісі арқылы оның ұзындығының белгілі бір өлшемі бар екендігін түсіндіреміз.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

№1,14-15 бет

Дәптердегі нүкте, түзу және кесіндіні ажыратып айтады.

Аю, түлкі және тышқанның орындарын белгілеп көрсетеді, жапсырады.

Тиісті фигураларды түстеріне сәйкес салады

Қорытынды

Бұл сабақта кесінді туралы ұғыммен, дәлдікке үйрету көзделеді.

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • кесінді, түзу, нүкте туралы білуі керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Бұрыш. Тік бұрыш. Тік төртбұрыш.

Мақсат- міндеттері: Балалардың бұрыш туралы білімін қалыптастыру. Бұрыштың түрлерімен, құрылымымен, сүйір, доғал, тік бұрыштардың пайда болу жолдарымен таныстыру. Тік төртбұрыш туралы түсініктерін дамыту.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Мұғалім сыныптағы заттардың бұрыштарын көрсетіп, "Мынау не?" деген сұрақтар арқылы балалардың түсініктерін байқайды.

Оқулық дәптермен жұмыс жүргізіледі. Бұрыштар үнемі қиып көрсетілмейді. Түзудің бойынан бір нүкте белгілеп, сол жерден сындыру, қағазды бүктеу арқылы жасалатынын түсіндіреді. Бұрыштың төбесі және екі қабырғасы болады (оқулық дәптерді пайдалан).

Геометриялық фигуралардың бұрыштарын санап неше бұрышы бар екендігнін анықтайды.

Тапқышбек тапсырмасында баспалдақтың бұрышының шамасы оның биіктігіне байланысты. Баспалдақ неғұрлым биік болса, бұрышы да со-ғұрлым үлкен, керісінше баспалдақ аласа болса, бұрышы соғұрлым кіші болатынын түсіндіреді.

Балалар Қарындаш тапсырмасын тиянақты орындап, бұрышты бояйды.

Тік бұрыш

Бұрыш ұғымын түсінген бала айналасындағы көрген заттардың бұрыштарын салыстыра бастайды. Олардың әр түрлі екендігін байқап, суреттегі үйдің терезе, есіктерінің бұрыштарын табады.

Қағазды теңдей төрт бүктеп, бұрыш шығарады. Бұл - тік бұрыш. Тәрбиеші тік бұрышты бұрыштық сызғышпен өлшейік, - деп сызғышпен қалай өлшейтінін көрсетеді. Оқулық дәптердегі суреттен бұрыштардың ішінен тік бұрышты табу керек.

Сондай-ақ, сынық мүйіз оюының бұрыштары тік болады. Геометриялық фигуралардың тік бұрыштарын табу.

Қарындаш тапсырмасын орындап, тік бұрыштан басқа да бұрыштардың (сүйір, доғал) болатынын балалардың өздері табады.

Бұрыштық сызғыш көмегімен пішіндердің бұрышын өлшеу жұмысы жүргізіледі. Төртбұрыштың төрт бұрышын өлшейді, төртеуі де тік екендігін көреді. Келесі геометриялық фигураның бұрыштары өлшенеді. Бұл геометриялық фигуралардың барлық бұрышы тік. Төрт бұрышы тік болатын төртбұрышты "тік төртбұрыш", - деп атаймыз. Тапсырмадағы геометриялық фигуралардың бұрыштарын өлшеу, салыстыру арқылы тік төртбұрыштарды тауып, шаршының да тік төртбұрыш екендігін балалар өздері тужырымдайды.

Тік төртбұрыштың қабырғаларын шаршымен салыстырады. Шар-шының барлық бұрыштары тік, қабырғаларының ұзындығы бірдей. Ал тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болатынын балалардың өздері анықтайды.

Тапқышбек тапсырмасындағы тік төртбұрыштарды балалар дұрыс атап, Қарындаш тапсырмасы бойынша тік төртбұрыштың көшірмесін салады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды







№2, 12-13,14-15 бет

Фигуралардың аттарын атайды,

Бояйды.

Есептеп құрастырып шығарады.

Кестеге қарап үйдің терезелерін жапсырады.

Фигураларды түстеріне қарап, санайды, тиісті цифрын жазады.

Қорытынды

Бұл сабақта бұрыш, тік бұрыш, тіктөртбұрыш туралы көзделеді.

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • бұрыш, тік бұрыш, тіктөртбұрыш туралы білуі керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Үшбұрыш. Шаршы. Текше. Дөңгелек. Заттың ұзындығы, ені, биіктігі. Цилиндр.

Мақсат- міндеттері: Үшбұрыш, шаршы, текше, дөңгелек ұғымдарын тереңдету. Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару. Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату.

Денелердің өлшемдері туралы ұғым беру. Сол өлшемдер арқылы дененің көлемін анықтауға болатынын түсіндіру, тәжірибе жүзінде көрсету, дәлелдеу түсініктерін қалыптастыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Бұл геометриялық фигуралар балаларға бұрыннан таныс. Мұнда олардың айнала дүниеде қолданысы салыстырмалы түрде түсіндіріледі.

Әңгіме "Көшеде жүру ережесі" туралы болады. Көше қиылыстарында жолаушылар мен көліктердің жүрісін реттеп тұратын бағдаршам. Олардың үш көзі бар (қызыл, сары, жасыл). Көздері неге ұқсас? (Дөңгелекке). Әр көзінің өз сыры түсіндіріледі. Жол бойында "Жол белгілері" дөңгелектің ішінде көрсетілген. Әр белгінің мәні ашылады. Сондай-ақ, балалардың өздері ойнайтын қарапайым доптар, спорттық ойындарға арналған волейбол, футбол, баскетбол доптары, шарлар, олардың түрлері т.б.

Сонымен, жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі болады (бұл анықтама мұғалімдердің өздері үшін керек).

Бірінші шеңбер сызамыз. Сол шеңбердің ішкі бөлігін қиып аламыз.

Екінші суреттегі дөңгелек. Балалар трафаретті пайдаланып шеңбер сызып, оның ішкі бөлігін бояйды.

Үйлердің суретінен үшбұрыштарды табады.

"Жол белгілері", олардың мәнін ұғындыру. Берілген үйшіктерге ұқсас жапсырма жұмыстарын жүргізу. Үшбұрыштың қабырғалары үш кесіндіден тұрады. Үшбұрыш - тұйықталған сынық сызық. Ол: сүйір бұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты үшбұрыштар болып бөлінеді.

Тапсырмада берілген құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Үйшіктерден шаршыны тапқызу. Текшенің әрбір қабырғасы өзара 4 кесіндіден тұрады. Текшенің беттері шаршылардан тұрады. Текшенің неше беті бар екенін өздері табады. (Сурет бойынша). Текшені жазғанда практикалық жұмыс кезінде көз жеткізуге болады. Жазылған текшені қайта жинастыруға тапсырма беріледі. Сонымен, дөңгелек - тұйықталған қисық сызықпен шектелетін фигура. Шаршы - тұйықталған төрт бірдей сынық сызықпен шектелетін фигура. Текше - өзара тең алты текшеден тұратын дене.

Заттың ұзындығы, ені, биіктігі, яғни денелердің өлшемдері туралы түсінік беруде. Қораптардың көлемі салыстырылады. Қайсысы үлкен? Неге үлкен? Өйткені ол қораптың ұзындығы ұзын, ені кең, биіктігі биік, сондықтан үлкен.

Қайсысы кіші? Неге кіші? Өйткені, ол қораптың ұзындығы қысқа, ені тар, биіктігі аласа, сондықтан кіші.

Сол сияқты цилиндрдің көлемі де салыстырылады. Алғашқы екеуінің қасысы үлкен? Неге үлкен?

Салыстыр (оқулық дәптерді пайдаланып): биіктігі бірдей, ені енді, кең. Екінші мен үшіншісін салыстыру. Қайсысы үлкен немесе кең? Неге? Биіктігі биік, ені кең. Сол сияқты екі үстелдің ұзындығы мен ені, биіктігі салыстырылады. Мұнда да өздері сондай тұжырымға келеді. Қай үстел үлкен? Қайсысы биік?

Шартты өлшеуіштің көмегімен бөлме еденінің ұзындығы мен ені өлшенеді. Ұзындығы - 4 өлшем, ені - 2 өлшем.

Бірдей, бірдей емес, әр түрлі ұғымын "Біздің сынып" деген тақырыпта әңгімеленеді. Заттарды санына, түсіне, пішініне қарай салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмысты сұрақ-жауап әдісі арқылы былай жүргізуге болады: парталардың пішіні қандай? (Бірдей). Түсі ше? (Бірдей). Әр қатардағы саны ше? (Бірдей, әр түрлі). Сол сияқты терезелер, шкафтар, т.б. салыстырылады. Сыныптағы заттарды мұғалім санына, пішініне, түсіне қарай салыстырып, балаларда бірдей, бірдей емес, әр түрлі ұғымдарын қалыптастырады. Оқулық дәптерде берілген геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы) салыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Геометриялық фигура үшбұрыштардың түсі қандай? (Үшбұрыштардың түсі бірдей, саны әр түрлі).

Геометриялық фигура дөңгелек, үшбұрыштарды салыстырады (саны, түсі, пішіні әр түрлі).

Практикалық жұмыс. Бұл жұмысты орындауда балаларға бірдей, бірдей емес, әр түрлі ұғымдарды меңгертіп, салыстыру арқылы өз ойын айтуға, тұжырым жасауға үйрету көзделеді. Жұмыс тақтада және әр баланың алдындағы ұяшықпен орындалады. Мұнда салыстырудың мынадай сегіз түрлі жағдайы қарастырылады.

1.1) саны бірдей 1) саны әр түрлі

2) түсі бірдей 2) түсі бірдей

3) пішіні бірдей 3) пішіні бірдей

2. 1) саны әр түрлі 1) саны бірдей

2) түсі бірдей 2) түсі әр түрлі

3) пішіні әр түрлі 3) пішіні әр түрлі

3. 1) саны әр түрлі 1) саны бірдей

2) түсі әр түрлі 2) түсі бірдей

3) пішіні әр түрлі 3) пішіні әр түрлі

4. 1) саны әр түрлі 1) саны бірдей

2) түсі әр түрлі 2) түсі әр түрлі

3) пішіні бірдей 3) пішіні әр түрлі

Тәрбиеші-педагог көрсетілген 8 жағдайды салыстыру жұмысын мүмкіндігінше жүргізеді. Мұнда әр баланың қабылдау, ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеріледі.

Практикалық жұмыс, сабақты қорытындылау.

Әрбір геометриялық фигураға тоқталу, қасиеттерін атау, айырма-шылықтарын ажырату, қайсысында неше бұрыш бар? Неше қабырғасы бар? Қай геометриялық фигура өз орнында тұрған жоқ. Адасқан геометриялық фигураны табу. Бос орынға тиісті көпбұрышты салу үшін алдымен бар геометриялық фигуралардың бұрыштарын санап ал. Бұрыштар санының өсу ретіне қарай табасың. Торкөздегі нүктеге қарындаштың ұшын қойып, қарындашпен сызып шығады. Қандай геометриялық фигура шықты? Қандай қасиеттерін білесің? Көлемін қалай анықтайсың?

Суреттегі үлгі бойынша сызу жұмыстарын жалғастыру. Қандай және неше геометриялық фигура пайда болғанын анықтау.

Нүктеден бастап оң жақтағы бағыт бойынша жүріп отыру. Ненің суреті пайда болды? Неше торкөзді қамтып тұр? Бұрыштарын көрсет. Жатық жол мен баған жол түйісіндегі торкөзді боя.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды











№2,16- 17 бет

Суреттер бойынша, олардың пішіндерібойынша заттарды бөледі, тиісті орнына жапсырады.

Фигуралардың көлемдерін, пішіндерін, сандарын, түстерін өзгертіп салады.

Суреттегі пирамидаларды пайдаланып, есеп құрастырады.

Қорытынды

Бұл сабақта Үшбұрыш. Шаршы. Текше. Дөңгелек. Заттың ұзындығы, ені, биіктігі. Цилиндр.туралы көзделеді.

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • Үшбұрыш. Шаршы. Текше. Дөңгелек. Заттың ұзындығы, ені, биіктігі. Цилиндр.туралы білуі керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Теңге

Мақсат- міндеттері: Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру.

Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету.

"Теңге" ұғымын қалыптастыру.

Теңгедегі бабалар өмірінен мағлұмат беру.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Оның түрлері: ұсақ теңгелер темір күйінде болатыны, 1,2,3,5,10 және т.б. болып ірілене беретіндігі, олардың ірі болған сайын құны артатындығы, ұсақталған сайын құны кемитіндігі туралы мағлұмат беріледі.

Ірі теңгелердегі ұлы адамдар бейнесі Абылай, Әл-Фараби туралы қысқаша мағлұмат беру.

Абылай қазақтың ханы, ақылды, батыр болған. Ол үш жүздің басын біріктірген. Шын аты - Әбілмансур. Ол Түркістанда құл Қожахмет Иассауи мавзолейінде жерленген.

Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар қаласында дүниеге келген. Жастайынан оқу-білім, ғылым іздеген ақылды да зерен еді. Ол ғылым іздеп Мысыр, Шам елдеріне кетеді, ақыры өз мақсатына жетеді. Ол дүниедегі екінші данышпан, ғұлама ғалым, ғылымның бірнеше саласын қатар меңгерген. Әл-Фараби Сирияның Дамаск қаласында жерленген.

Әр ұлттың өз ақшасы бар. Мысалы, көрші елдерде: қырғызда - сом, өзбекте - сум, орыста - рубль, немісте - марка, қытайда - юань, америкада - доллар т.б

Олардың құны әрқалай, бірі-бірінен жоғары-төмен болып келеді. Содан соң, оқулықтағы көрсетілген теңге түрлерімен 1,3,5,10 теңгеліктермен балаларды таныстыруға болады. Олардың ара қатынасы: 3 теңге үш бір теңгеліктен, 5 теңге бес бір теңгеліктен, 10 теңге он бір теңгеліктен тұратындығы, т.о.с туралы мағлұмат беріледі.

3,5,10 теңгеліктердің құрамын анықтату.

3=1+1+1;

5=3+1+1;

10=5+5;

10=5+3+1+1;

10=3+3+3+1.

Балалардың күнделікті қолданатын құралдарының бағасымен таныстыру. Теңгелерге амалдар қолдану (қосу, азайту) арқылы есептеу дағ-дыларын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл есептерді "Дүкен" ойынын ұйымдастыру арқылы шығаруға да болады. Сабақты "Дүкен" ойыны арқылы қорытындылауға болады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды





№2, 43-44 бет

Берілген суреттегі монеталардың аттарын атайды.

Әр әмиянда неше монетадан екенін айтады,неше теңге екенін айтады, санын жазады.

Сиқыршыға ұшқыш кілемді бояуға көмектеседі

Тиісті кілтті тауып, жапсырады.

Қорытынды

Сабақта теңге ұғымымен теңге түрлерімен, олардың арақатынасымен таныстыру, теңгелердің қолданыс орнын біліп бағалау, үнемдік тәрбие беру көзделеді

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • Теңге туралы білуі керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Уақыт, тәулік

Мақсат- міндеттері: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Уақытты бағдарлай біліп қалып-тастыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Ай, апта, күндердің аттары.

Бұл сабақ "Күн режимі" тақырыбына арналған әңгімеден бастала-ды. Баланың бір тәулік бойына жасайтын іс-әрекеті әңгімеленеді. Іс-әрекет алгоритмін түзу, уақытпен санасу, оны үнемдеу, ұқыпты пайда-ланудың пайдасы, уақыт өлшеуіші - тәулік туралы мағлұматтар беріледі. Күн режимін әңгімелеуде: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары пайдаланылады.

Тапқышбек тапсырмасында ағаштардың көлеңкесіне қарай қай мезгіл екендігі ажыратылады. Уақыт өлшеуіштерін білдіретін басқа да суреттер салдыруға болады. Сабақта уақыт өлшеуіші - тәулікпен, бір тәулік ішіндегі: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары-мен, бір тәуліктегі баланың іс-әрекетінің ретімен таныстыру. Тәулік, са-ғат, апта, ай, жыл жайлы мағлұматтар беріліп, дүние танымын кеңейту, уақытты ұқыпты, үнемдеп пайдалануға үйрету көзделеді.

Уақыт өлшеуіштері: "Күз, қыс, көктем, жаз. Не өзгереді?" сұрағына жауап беру. Ай аттарын үйрету. Әр жыл мезгілінде үш ай болатыны айтылады. Жыл мезгілдерінің ұлттық дүниетаныммен байланысы, адамның төрт саусағы жылдың төрт мезгілі. Сұқ саусақ - көктем, ортаңғы саусақ - жаз, аты жоқ саусақ - күз, шынашақ - қыс. Әр саусақтың үш буыны - үш ай. Аптада жеті күн бар, апта күндерімен таныстыру. Ұлттық дүниетанымға сүйенсек, жаратылыс сенбіден басталып, жексенбі - бірінші сенбі, дүйсенбі - екінші, т.с.с. кете береді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



№2,26-30 бет

Аптаның күндерін атайды,тәуліктің аттарын атайды.

Жыл мезгілдері бойынша суреттерді жапсырады.

Қорытынды

Сабақтарда уақыт өлшеуіштерін есте сақтау үшін "Бүгін қай күн?" деген сұрақ күнделікті қойылып, оған жауап айтылып отырады.

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • уақыт, тәулік, апта күндері туралы білуі керек




Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 2 бөлікке бөлу. 4 бөлікке бөлу.

Мақсат- міндеттері: Көзбен мөлшерлей бөлу дағдысын қалыптастыру. Ептілікке, шыдамдылыққа үйретіп, бастаған ісін аяқтауға үйрету.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сабақты практикалық жұмыстан бастаған жөн. Жеміс-жидек, көкөністерді теңдей 2-ге бөлу жұмыстарын жүргізу. Ортасынан қақ бөлгенде бүтін заттың 2-ге бөлінетінін түсіндіру. Мына алманы екеуің бөліп жеңдер - деп, екеуара бір алмадан үлестіріп беруге болады. Бүтіннің ортасынан қақ бөлгенде ол екіге теңдей белінеді, бүтіннің жартысы болады. Сол сияқты, қарбыз, қауын, алмұрт, помидор т.б. ортасынан 2 бөлікке тең белу жұмыстарын жүргізіп, балалардың көзін жеткізу керек.

Геометриялық фигуралар шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, тік төртбұрыштарды ортасынан теңдей бөлу, жартысын бояу жұмыстары беріледі.

Қарындаш тапсырмасында берілген геометриялық фигураларды тең екі бөлікке бөлу тапсырылады.

Мына геометриялық фигуралардың қайсысы тең бөлінген, қайсысы тең бөлінбегенін анықтау.

II және IV геометриялық фигуралар тең бөлінбеген.

Сонымен, бүтін затты теңдей екі бөлікке бөлуді, оның әр бөлігі бүтіннің жартысы болатынын, екі жартыны біріктірсе, бүтін болатынын саналы меңгерту қажет.

4-бөлікке бөлу.

Тік төртбұрышты теңдей төрт бөлікке бөліп, бір бөлігін бояу. Төрттен бір бөлігі - ширек деп аталады.

Қарындаш тапсырмасында бірдей төрт текшені, төрт түрлі жағдайда, теңдей төрт бөлікке бөлу қарастырылады.

Тік төртбұрышты теңдей төрт бөлікке бөлу жұмыстары шаршыны бөлгендей жүргізіледі. Берілген геометриялық фигуралардың қайсысы теңдей төрт бөлікке бөлінгенін, қайсысы теңдей бөлінбегенін анықтату.

Қарындаш тапсырмасында геометриялық фигураларды бояу тапсырылады.

Бүтінді теңдей төрт белікке белу үшін алдымен теңдей екіге бөлу керек, оның әр бөлігін тағы да теңдей екіге бөлу керектігін саналы игерту, игерген ұғымдарын қалыптастыру керек.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды





№ 2, 18- 21 бет

Суретте көрсетілген үлгі бойынша суреттерді бояйды.

7,8,6 сандарының құрамдарын жазады.

есеп құрастырып, шығарады.

Қорытынды

Бұл сабақта бүтін заттарды тең 2,4 бөліктерге дұрыс бөлу көзделеді

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • бүтін заттарды тең 2,4 бөліктерге дұрыс бөлу білуі керек



Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Қорытынды. қайталау

Мақсат- міндеттері: Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Жыл бойына өтілген материалдарды қайталау

10 көлеміндегі сандарды теріс және оң санау, есептеп шығару.

Сандардың құрамдарын естеріне түсіру.

Салыстыру.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

№ 2, 44- 52 бет

Осы беттердегі тапсырмаларды орындайды.





Қорытынды

Бұл сабақта бүтін заттарды тең 2,4 бөліктерге дұрыс бөлу көзделеді

Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • бүтін заттарды тең 2,4 бөліктерге дұрыс бөлу білуі керек




© 2010-2022