Баяндама: Математика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

" Математика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану"

Б.Қ. Чүкүева

М. Ломоносов атындағы орта мектеп, Ұлан ауданы

"Біз білім беруді жаңартуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім алу әрбір Қазақстандықтың кредотасына айналуы тиіс"

Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі таңда орта мектептің білім мазмұны "қолжетімділік", "ғылымилық" және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принциптеріне басымдық беру арқылы анықталады. Білім мазмұнын анықтайтын мұндай принциптер қатарына жататын: 1.Оқушының өз бетімен белсенді танымдық іс-әрекет етуі нәтижесінде білім алу талабына сәйкестігі принципі. Мұнсыз интерактивті оқыту процесін ұйымдастыру мүмкін емес. 2. Дамыта оқыту мен мақсаттар таксаномиясы талаптарына сәйкестігі. Мұндай мазмұн дамыта оқытуға және білім сапасын нақты критерийлер негізінде обьективті бағалауға мүмкіндік береді. 3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерінің ескерілуі принципі. Бұл принципсіз электронды оқыту мүмкін емес. Жаңа инновациялық білім беру саласын дамытуға, оқу құралы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде дамуға бағыттау, оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыруға бағыттау-білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді. Сабақта жалпы мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы болуы керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады. Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет етуі керек , ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсаты- мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болуы керек. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздері болып табылады.

Аталған мәселелерді шешетін технологиялардың бірі -мен қолданып отырған профессор Ж.А. Қараевтың " Үшөлшемді әдістемелік жүйесі" . Ж. Қараевтың педагогикалық технологиясы -оқытуды дифференциялауға негізделген оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның басты ерекшелігі: алдымен мұғалім емес, оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырады. Оның өзіндік ерекшелігі мыналар:

- Білім стандартына сай толық нәтиже береді. - Мақсатты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді. - Дидактикалық үрдістің тұтастығы. - Оқушының оқу- танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісінің жобасының болуы. Деңгейлік тапсырмамен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі-оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.

Ж. А. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі, мұғалім оқушының интеллектуалдық және жеке тұлғалық құндылықтарын есептей алады, оқушылардың пәнге деген ықыласы артады, білім сапасы жоғарлайды, обьективті бағалау қамтамасыз етіледі.Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың негізін Л.Выготский, А.Леоньтев, Б.Ананьев,С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Оқытуда бірінші деңгей( оқытушылық деңгей. өнімсіз-репродуктивтік деңгей; мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды.)Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Бұл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекет жасайды: екінші кезеңінде қарастырылған ұғымдарды, түсініктерді, аксиомаларды, т.б. фактілер, ақпараттарды білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: не ? қашан ? қалай ? ..., аяқта, толықтырып жаз. т.с.с. Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады. Жұмысты барлық оқушы міндетті түрде І-ші деңгей тапсырмаларын орындаудан бастайды.

Екінші деңгей(алгоритмдік деңгей). Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды. 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарын анықтайтын тапсырмаларды орындау талап етіледі: олорды сыни тұрғыдан ұғыну, оқу материалын талдау іскерлігі, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері бағаланады. Тапсырмаларда қолданылатын сұрақтар түрі: бірінші деңгейдегі тапсырмаларға оқушының берген жауаптарына: неге ? неліктен? себебі? , түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, салыстыр, талда т.б. сұрақтар қойылады.

Үшінші деңгей(эвристикалық деңгей). Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы,білімнің қортындылануына бағытталған тапсырмалар орындайды. Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, жүйеле, анықтама, қорытынды шығар, т.б. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «берік» білім болып саналады. Нәтижесінде, үш деңгейдің тапсырмаларын біртіндеп орындау барысында оқушылар зерттеушілік әдіс арқылы тақырыпты толық меңгереді.

Төртінші деңгей(шығармашылық деңгей). Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгей тапсырмалары оқушылардан зерттеу әдістерін пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында өз бетімен қолдана білуін талап етеді (реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, олимпиадалық тапсырмалар т.б.) Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады.

Ал деңгейлік тапсырмалардың өзі дамымалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдаятын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді, сонымен қатар, әр оқушының өз қабілетіне , қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде,мұғалімнің мақсаты-оқушылардың білім сапасын арттыру. Өзім сабақ беретін 6а сыныбында математикадан білім сапасы-61%, 7а сыныбында алгебрадан-69%, 7ә сыныбында алгебрадан-67% . Бақылау жұмыстарын да деңгейлік тапсырмалар түрінде беремін. Сабақта қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік береді.

Деңгейлеп оқыту технологиясын математика сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім. Оған дәлел-біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен , өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік-дағдыларын қалыптастырды. Сондай-ақ, оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін ұштаумен бірге , өткен жылдарға қарағанда интеллектуалдық сайыстар және ғылыми жоба жетістіктерін де жоғары дәрежеде көрсете білді. Оған төмендегі оқушыларымның жетістіктері дәлел бола алады:

Оқушының аты-жөні

Оқушылардың жеткен жетістіктері

1

Болат Айдос

1.Облыстық "Асыл тас" конкурсы.. (ІІ орын-грамота.2013ж ) 2. Аудандық ғылыми жоба сайысынан І орын.(грамотамен марапатталды.2011ж) 3. Облыстық ғылыми жоба сайысынын І орын.(дипломмен марапатталды және сертификат.2011ж). 4. Республикалық "Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылқ конкурсынан ІІІ дәрежелі диплом және сертификат.2012ж)

2

Жеңісбек Бірлік

1. Аудандық ғылыми жоба сайысынан ІІ орын.(грамотамен марапатталды.2012ж) 2. Облыстық ғылыми жоба сайысынын ІІІ орын.(дипломмен марапатталды және сертификат.2013ж) 3.Облыстық "Сәйгүлік" логико-математика олимпиадасынан сертификат алды.(2013ж)

3

Бекенова Диана

1. Облыстық "Сәйгүлік" логико-математика олимпиадасынан ІІІ орын алды.(грамота.2012ж)

4

Тилеген Мухамед

1. Облыстық интелектуалды «Малахит» конкурсынан ІІІ орын (Грамота.2011ж). 2. Облыстық ғылыми конференция «Ғылымға алғашқы қадам» Үздік ториялық және практикалық білім көрсеткені үшін сертификат.(2012ж)

5

Қазезова Назерке

1. Облыстық "Асыл тас" конкурсынан ІІ орын.(грамота .2012ж.) 2. Көкшетаудағы "Балдәурен" демалыс лагерінде демалып қайтты

6

Жарысқан Ләсер

1.Облыстық "Малахит" конкурсынан

ІІІ орын(грамота-2012ж)

2.Облыстық "Асыл тас" конкурсынан ІІ орын.(грамота-2013ж

7

Бірлес Сәулетбек

1.Аудандық ғылыми жоба сайысынан ІІІ орын.(грамотамен марапатталды.2012ж)

8

Табыс Тілеубек

1. Облыстық "Асыл тас" конкурсынан І орын.2009ж

2.Облыстық "Малахит" конкурсынан ІІІ орын 2010ж

9

Дастан Нұршуақ

1.Облыстық "Малахит" конкурсынан ІІ орын 2014ж

10

Баяндинова Альфия

1.Облыстық "Малахит" конкурсынан ІІІ орын 2014ж

Қорыта келгенде, әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға , өзін-өзі дамытуға , кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, шығармашыл, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда үшөлшемді әдістемелік жүйені қолданудың маңызы зор екендігі байқалды . Бұл технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестетуі мен есте сақтауын, белсенділігін дамытып, білім сапасының артуына көмектеседі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Кобдикова Ж.У. Үшөлшемді әдістемелік жүйе негізінде оқушының функционалдық сауаттылығын дамытудағы критериалды бағалау жүйесі Алматы, 2012ж. 2.Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы, Математика №3-2006ж . Математика №2-2010ж . 3.Қараев Ж.А. Оқытудың педагогикалық технологиясы. Алматы,1997 4.Кобдикова Ж.У."Деңгейлеп саралап оқыту".

Баяндама: Математика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдануБаяндама: Математика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану

Баяндама: Математика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану





© 2010-2022