Сабақ жоспары Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: көбейтіндінің бөлінгіштігі, қосындының бөлінгіштігі, айырманың бөлінгіштігін анықтай отырып,есептер шығару

2)Тәрбиелік:оқушылардың өзін-өзі тану белсенділігін жетілдіру,математикалық мәдениетке тәрбиелеу

3)Дамытушылық: пәнге қызығушылығын дамыту, тез ойлап, нақты нәтижеге жету қабілеттерін қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы:дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабаққа кажетті көрнекілік:тапсырма жазылған карточкалар, плакаттар

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Есептер шығару

V Сабақты бекіту

VI Сабақты қорытындылау

VII Үйге тапсырма

Сабақ мазмұны: 1-мысал

I.24*19*7 көбейтіндісінің 8-ге өлінгіштігін анықтайық

24*19*7=(8*3)*19*7=8*(3*19*7)=8*399

Егер көбейткіштердің біреуі берілген санға бөлінсе, онда көбейтінді де сол санға бөлінеді№

24саны 8-ге бөлінетіндіктен, 24*19*7 көбейтіндісі де 8-ге бөлінеді№ Бөлінді 399-ға тең

8585+51қосындысының 17-ге бөлінгіштігін анықта

II8585+51=17*505+17*3=17*(505+3)=17*508

Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінсе, онда қосынды да сол санға бөлінеді.

117-65 айырмасының 13-ке бөлінгіштігін анықта

III.117-65=13*9-13*5=13*(9-5)=13*4

Егер азайғыш та, азайтқыш та берілген санға жеке жеке бөлінсе, онда айырма да сол санға бөлінеді.

№176

1)15a:3=(15:3)*a=5a 2)32x:8=4x

21b:7=(21:7)*b 60y:12=5y

42c:6=(42:6)*c=7c 72x:18=4x

№190

(18x+45y):9=18x:9+45y:9=2x+5y

(24x+30y):6=24x:6+30y:6=4x+5y

(195a-65b):13=195a:13-65b:13=15a-5b

(145a+87b):29=5a+3b

Үйге:№175 ; №175; №181

52-53 бет



© 2010-2022