Мен саған сенемін (6 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мен саған сенемін

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларды ауызша және тез есептеп ойлауға, математика пәніне ынтасын арттыру;

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, ауызша есептеп, тез ойлау дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: тапқырлыққа, табандылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, сызбалар, жұлдызшалар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Сайыс сабағына қатысушыларды, көрермендерді, сайыс тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Жүргізуші:

Математика барлық пәндер патшасы,

Онсыз құрылмайды өлшеусіз картасы

Нақты жауап, ой толғауын ашатын

Жауаптарын дұрыс шешіп табатын

Ғылымдардың сыр сандығын жинақтап,

Дәлелдейді, шығарады саралап,

Керегіне жаратамыз біз оны

Онсыз пәннің келіспейді ажары.

Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! 5 «Б»- сынып оқушыларымен өтетін «Мен саған сенемін» атты интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыскерлерімізбен таныстырып өтейін... Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

І кезең. Қызықты математика

Шарты: Жұмбақта берілген геометриялық фигураларды кестеден дәл тауып, реттік номерін көрсет. Әр дұрыс жауап үшін бір жұлдызша беріледі.

ІІ кезең. Кім жылдам?

Шарты: жұмбақтың шешімін тауып, шешімінің реттік номерін көрсет. Осы сайыстан кейін жұлдызшаны аз жинаған екі оқушы ойыннан шығады.

ІІІ кезең. Тапқыр болсаң, тауып көр.

Шарты: Жұмбақтың шешімін тауып, реттік номерін көрсет. Осы сайыстан кейін жұлдызшаны аз жинаған екі оқушы тағы да ойыннан шығады.

ІҮ кезең. Арифметикалық кілемше.

Шарты: Бос торкөздерге арифметикалық амалдар қою арқылы нәтижеге қол жеткіз. Осы сайыстан кейін тапсырманы басқалардан кейін орындаған екі оқушы сайыстан шығады.

Ү кезең. Сөздер сыры.

Шарты: Бұл сайысқа тек екі оқушы қатыса алады. «АРИФМЕТИКА» сөзіндегі әріптерден ғана тұратын бірнеше сөйлем құра. Мысалы бір сөзде «А» әріпін екі рет қолдануға болады, «Ф» әріпін тек бір рет қолдануға болады.

Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау.

І кезең. Қызықты математика

Шарты: Жұмбақта берілген геометриялық фигураларды кестеден дәл тауып, реттік номерін көрсет. Әр дұрыс жауап үшін бір жұлдызша беріледі.

Біліміңнің ұшқырлығын танып сен

Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.


  1. Қабағымды тік ұстап,

Төрт жағыма тең ұстар.

Қатаң заңды сақтаймын

Мен қисайып жатпаймын. (шаршы №5)


  1. Ортамызда анамыз

Қоршап оны аламыз

Қашықтықты тең сақтап

Дөңгелене қаламыз. (шеңбер №4)


  1. Үш қабырға, үш төбе,

Бір фигура құрғаны

Қыздар киген сәукеле

Ұқсап оған тұрғаны. (үшбұрыш №6)


  1. Жалғыз төбе басымда

Денем ұзын қабырға

Есімі боп адамның

Жарасамын қыздарға. (сәуле №2)


  1. Шексіз, шексіз алысқа

Кете берсем дұрыс па?

Бағындаймын ешкімге

Тоқтатуға тырыспа. (түзу №1)


  1. Шектеп мені қос нүкте

Жібермейді алысқа.

Қай фигура алсаң да

Болып тұрам қабырға. (кесінді №3)

ІІ кезең. Кім жылдам?

Шарты: жұмбақтың шешімін тауып, шешімінің реттік номерін көрсет. Осы сайыстан кейін жұлдызшаны аз жинаған екі оқушы ойыннан шығады.

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,

Жалындаған жастармыз біз көктембіз

Мақсатымыз биіктерден көріну

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.


  1. Белгісіз санды әріппен белгілеген теңдік (теңдеу №3)

  2. Қосудың нәтижесі (қосынды №2)

  3. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек №5)

  4. Ортақ бөлгіші 1 - ге тең сан (өзара жай сан №1)

  5. Бөлгіштері екіден көп сан қалай аталады? (құрама сан №6)

  6. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан (натурал №4)

ІІІ кезең. Тапқыр болсаң, тауып көр.

Шарты: Жұмбақтың шешімін тауып, реттік номерін көрсет. Осы сайыстан кейін жұлдызшаны аз жинаған екі оқушы тағы да ойыннан шығады.

Қиындықтан сірә біздер қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.


  1. Шекер жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды

Шекер ұстап аузына

Ол қазыққа айналды. (циркуль №2)


  1. Алпыс төрт тең бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар

Ақ - қарағып бөлмеде

Бірін - бірі қуғандар

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысы. (шахмат №1)


  1. Жүз өрт түйме,

Он бір ине. (есепшот №5)


  1. Бойы екі қарас.

Сыйып тұр жиырма бес арыс. (сызғыш №6)


  1. Білегіңнің күшімен

Басым болса білімің

Бұл найзаның ұшымен

Шешсің ой түйінін. (қалам №3)


  1. Қобдиыңда қайырлы

Қазынаның бәрі бар

Тауыссаң көз майыңд

Қалағаның табылар. (кітап №4)

ІҮ кезең. Арифметикалық кілемше.

Шарты: Бос торкөздерге арифметикалық амалдар қою арқылы нәтижеге қол жеткіз. Осы сайыстан кейін тапсырманы басқалардан кейін орындаған екі оқушы сайыстан шығады.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.

Білмеймін дер қысылма,

Талабың болса бабында.


8

4

10

2

=

10

4

4

2


4

10

6

2

=

14

14

6

12


6

6

6

=

30

Ү кезең. Сөздер сыры.

Шарты: Бұл сайысқа тек екі оқушы қатыса алады. «АРИФМЕТИКА» сөзіндегі әріптерден ғана тұратын бірнеше сөйлем құра.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау - дей отырып ойынымыздың соңғы 5 - кезеңіне де келіп жеттік.

Қорытынды.

Жеңімпаздарды марапаттау.


© 2010-2022