Өрнек 10-а (1 сынып)

Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 28 Құсмұрын орта мектебі ММ






Онлайн сабақ

Тақырыбы: «Өрнек 10-а»


Өткізген: Уалиева С.О.






2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:Өрнек 10-а

Сабақтың мақсаты: 1)Санды теңдік, санды теңсіздік және әріпті өрнек туралы түсініктерді тиянақтау, есеп шығару және түрлендіру, олардың мәндерін табу дағдыларын қалыптастыру.

2)Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

3)Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін дамыту.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер:Ойын, талдау, дәлелдеу.

Көрнектілігі:Интерактивтік тақта, шана,шаңғы, аққала, коньки суреттер.

Сабақтың барысы:1)Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындалу

Өлеңді оқушылар хормен айтады.

Аппақ, аппақ дала,

Аппақ ауыл- қала.

Жапалақтап ақша қар,

Жауа берсін, жауа.

Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа.

Шана теуіп ойнаймыз,

Қыс айлары тамаша

-Қазір қандай мезгіл. Бүгінгі ауа райы қандай?

-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Ендеше бүгін біз Сабақта қыс ойындарын ойнайық.

Қазір сынып 3 топқа бөлінеміз.

1 топ 2 топ 3 топ

«Қар лақтыру» ойыны. Қай топ бірінші шығарса, сол топ көп қар лақтырады.

Сандар құрамын көрсет:

1 топ 2 топ 3 топ

5+ 7+ 9+

Жаңа материалмен жұмыс: Өрнек 10-а

Шана тебу ойыны

Сыныпты топ бойынша жарыстыру. Әр қатарға әр түсті шанабелгілеу.

1-қатар -көк түсті шана

2- қатар -жасыл түсті шана

3- қатар - қызыл түсті шана

10-5= 10-6= 10-8=

10-4= 10-7= 10-9=

7+3= 8+2= 6+4=

5+5= 9+1= 2+5=

Кітаппен жұмыс:

«Кім жүйрік» шаңғы тебу жарысы

1 топ 2 топ 3 топ

а + 9 а - 9 а - 8

а = 0;1 а = 10;9 а = 10;9;8

Сергіту сәті: Музыка ырғағымен «Аққала» мен бірге қимыл жасау.

«Аққала құрастыру» арқылы әр топ мына есептерді орындайды.

1 топ

7+3 8-а 4+а 7+3 а+6

7+а а-5 а+7 10+0 6+1

2 топ

9-а 8-2 4+а 7+3 а+6

8+0 а-5 а+7 10+0 6+1

3 топ

5+2 4-3 а+2 3-а 5-а

8-5 6+4 а-6 7+а 3+3

Әр өрнектерді көк сызықпен, санды өрнектерді қызыл сызықтармен қоршаймыз

«Коньки тебу жарысы»

1 топ:

2 топ:

3 топ:

Өз беттерінше орындайды.

1 топ 2 топ 3 топ

5+3= 9+1= 6-4=

8-3= 10-9= 2+4=

8-5= 10-1= 6+2=

Қорытынды:

  • Бүгінгі сабақта не істедік?

  • Сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма №3 есеп 167- бет

Бағалау.


© 2010-2022