Білім сапасы функ сауаттылыө

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім сапасын көтеру- оқушыларының сапасын

математика сабағында функционалдық

сауаттылығын дамыту жолдары

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы және т.б. функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады.Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілді. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген.Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.Біріккен Ұлттар Ұйымының «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасына сай зерттеулерде функционалдық сауаттылық әр азаматтың міндеті ретінде қарастырылып, әрмен қарай кәсіби сауаттылықпен жалғасатыны анық айтылған.
Функционалдық сауаттылық - білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық - оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай - ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген.
Білім беру саласының мониторингі функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары арқылы іске асады:
- Оқу және жазу сауаттылық
- Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық
- Компьютерлік сауаттылық
- Математикалық сауаттылық
- Денсаулық сауаттылық
- Құқықтық сауаттылық
• Оқу және жазу сауаттылығы.
Оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу, құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру. Көрген - білгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу
• Жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық. Оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық - саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.
• Компьютерлік сауаттылық
Оқушының ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту.
• Математикалық сауаттылық
Математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде көрінеді.
• Денсаулық сауаттылық
Дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру.
• Құқықтық сауаттылық
Оқушының құқықтық білімін жақсарту, құқықтық ұғыну, өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т. б.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.
Математика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ - жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға қойған мәселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін - бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлемін. Осы мақсатта маған 5 сыныпқа арналған «Логикалық математика», 9 - 11 сыныптарға арналған «Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» курстарының көмегі тиюде. Өз тәжірибемде оқушылардың төмендегідей тапсырмаларды орындай отырып, функционалдық сауаттылығы дамып, ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасуда.
№1. Біздің ықшам ауданда 5 үй бар. Әрбір үйде 5 мысық бар. Әрбір мысық 5 тышқан аулайды. Тышқандарды ұстай алмаса, әрбір тышқан 5 уыс ұн жейді. Егер әрбір уыс ұн 5 граммға жуық болса, мысықтар тышқанды ұстағанда неше кг ұн сақтап қалады?жауабы ( 3, 125 кг )
№2. Егер 8 адам 8 сағатта бір жұмысты бітіретін болса, адамдардың біреуі осы жұмыстың жартысын неше сағатта бітіре алады? жауабы(32 сағ )
№3. Делдал 3000 теңгеге тауар сатып алып, 3500 теңгеге оны сатты. Келесі күні осы тауарын 4000 теңгеге қайта сатып алып, екі күннен кейін 4500 теңгеге сатса, делдал осы саудада қанша пайда не қанша шығын көрді? жауабы(1000 тң пайда)
№4. Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты - Қыркүйек, ортаншысының аты - Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны? жауабы( Ахмет)
№5. Бір ауылда 80 үй бар. Осы ауылдағы 60 үйде ат, 50 үйде ешек болса, ауылдағы ең аз қанша үйде ат та, ешек те бар? жауабы( 30 )
№ 6. Бір қатарда Қанаттың артында 36 адам бар. Ал Аслан Қанаттан 23 адамнан кейін тұр. Асланның алдында 51 адам бар болса,онда қатарда неше адам болғаны? жауабы( 65 )
№ 7. Бір адам қалаға бара жатыр еді,оған қарсы танысы кездесіп,екеуі ұзақ Бір адам қалаға бара жатыр еді, оған қарсы танысы кездесіп, екеуі ұзақ әңгімелескеннен кейін олар жолдарын жалғастырды. Қалаға қанша адам келді? жауабы( 1 )
№ 8. Қанат: «осы жерде тұрған үшеуіміз және бәріміз де өтірікшіміз » деді. Бірақ Русланға оның сөздері ұнамады: «сен ғана өтірікшісің» деді. Бекзат ренжіп: «екеуің өтірікшісіңдер», осы үшеуін танитын бір адам «олардыңбарлығы сөйледі, олардың барлығы өтірікші немесе барлығы шындықты айтады. Бірақ кім өтірік айтады, кім шындықты айтады мен айта алмаймын». Осы жерде қанша өтірікші бар? жауабы( 2 )

№9Бір торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоянды бөліп алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалды.Ол қалай?Жауабы.Бір оқушы қоянды торымен алды.
№ 10. Ат жарысқа қатысқан ауыл балалардың бірі екеуінің алдында,бірі екеуінің ортасында,бірі екеуінің артында шауып келеді.Дарысқа неше бала қатысты? жауабы( 3 )
Әртүрлі қызықты есептер адам ойының дамуына жетелейтіні сөзсіз. Оның ішінде салу есептерінің де маңызы өте үлкен.Осының дәлелі ретінде төмендегідей бірнеше есептерді орындап,ойлау кабілетімізді тексеріп көрейік. Қолымыздағы қағазды көтермей,бір рет сызған сызықты екінші рет баспай,берілген денелерді сызып шық.Әрбір фигураға тек бір ғана сан сәйкес келетінін ескеріп,берілген циклограмманы шеш. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларынҰБТ тапсыруға дайындық барысында уақытты тиімді ,ұтымды пайдалану барысында өте маңызды тест тапсырмаларында көптеп кездесетін санның берілген пайызын табу есептерінің жауабын қалай тез табуға болады?Бұл жерде ықтималдық теориясының негізінде «жоққа шығару»әдісін қолдануға тиімді. Мысал №1: 45 санының 30%- ын табу керек. Жауаптары: А) 30, 5 В) 30 С) 15 Д) 13, 5 Е) 1, 5
Ой толғау: 45 санының 30%- ы осы санның өзінің жартысынан кем болатынтықтан, берілген жауаптардан А, В, С жауаптарын алып тастаймыз. ООнда тапсырманың жауабы не 13, 5; не 1, 5 сандары болады..Ауызша есептеу арқылы 45*0, 3=13, 5 екендігін алуға болады.
Мысал №2: берілген арифметикалық прогрессиясының тұрақтысы мен алғашқы п - мүшесінің қосындысын табу керек. Ой толғау: берілген тапсырмаға қарап, арифметикалық прогрессияның өспелі не кемімелі болатындығын, сәйкес емес жауаптарды алып тастау (метод исключения) арқылы берілген есептің дұрыс шешімін тез табуға болады. Бұл уақытты үнемдеуге алып келеді. Осындай әдіс - тәсілдерді практикада есептер шығаруда қолдана отырып, мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, алған білімдерін уақытты үнемдей отырып, тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыруға бағыттаймын.

1.Автордың аты-жөні - Бабырова Куляш Койбагаровна

2.Ғылыми дәрежесі -

3.Жұмыс орны - «Дәмді орта мектебі» ММ, математика мұғалімі.

4.Мекен-жайы - Дәмдәі елді мекені,Гагарин көшесі

5.Байланыс телефондары - 87714306920

6.Е-mail [email protected]

7.Мақала тақырыбы - Білім сапасын көтеру- оқушыларының сапасын

математика сабағында

функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары

8.Секция - математика.


© 2010-2022