Квадраттық функция тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары Алгебра (8-сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты -жөні

Досымбекова Қымбат Садыққызы

8 сынып

Алгебра

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қаспан орта мектебі-шағын орталығы

мерзімі

04.03.2014


Сабақ тақырыбы

Квадраттық функция тақырыбына есептер шығару

Сілтеме

Блум таксономиясы, Алгебра оқулығы 8 сынып, Шыныбеков Ә, Әбілқасымова А, Қайдосов Ж "Мектеп" 2010

Жалпы мақсаты

а) білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін

пысықтап, Квадраттық функция тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары Алгебра (8-сынып) , Квадраттық функция тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары Алгебра (8-сынып) , y=axКвадраттық функция тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары Алгебра (8-сынып)+bx+c функцияларының қасиеттері мен графигін есептер шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру

ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту, өз бетінше есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. Тиянақты жауап беруді талап ету. Теорияны практикамен ұштастыру

ә) тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға,

ойын қорыта білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқушылар үшін оқу нәижелері

  • Функцияның графигін, қасиеттерін дұрыс анықтауға үйренеді,

  • Білімін жүйелі пайдаланып үйренеді.

  • Функцияның қасиеттерін және графикті пайдалана отырып, есептер шығаруды үйренеді.

Негізгі мақсаты

  • Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру

  • Өзін-өзі реттеуді үйрету

  • Постермен жұмыс ұйымдастыру

  • Өз бетімен ізденіп, топпен жұмыс жасауға үйренеді

Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері

Жұпта жұмыс жасау, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту

Сабақ көрнекілігі

үлестірме парақтар, деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар жазылған постерлер,бағалау парағы

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Квадраттық функция тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары Алгебра (8-сынып) , Квадраттық функция тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары Алгебра (8-сынып) , y=axКвадраттық функция тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары Алгебра (8-сынып)+bx+c функцияларының қасиеттері мен графигі тақырыбына берілген есептерді шеше алады. График тұрғыза алады. Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

Психологиялық дайындық. Бір-бірімен амандасады, бір-біріне сәттілік тілейді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Түрлі-түсті парақшалар тарату арқылы оқушыларды 3-топқа бөлу (1 мин)

1, 2, және 3 топқа топтасады.

Бағалау критерийі:

  • Үй тапсырмасын дәптер арқылы топ арасында тексеру

  • «Тірек сұрақтары» өткен тақырыпқа байланысты бір-біріне сұрақтар қою

  • «Ой қозғау» тапсырманы түсініп, қатесіз орындау (постермен жұмыс)

  • Оқулықпен жұмыс

  • Тест тапсырмаларын орындап білімдерін жүйелі қолдану

  • Тақырыпты қорытып, ойын жинақтау

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу. Үй тапсырмасын пысықтау 7 мин

Оқушыларға үйге берілген тапсырма бойынша дәптерлері арқылы топ арасында бір-бірінің шығарып келген есептерін тексереді,қойылған сұрақтарға жауап береді

Оқушылар топ арасында бір-бірінің үй жұмыстарын тақта арқылы тексереді. Бағалау парағына әр оқушының бағасын қояды

II. Тірек сұрақтары

1. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қорытындылау

1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?

2.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?

  1. у=5х2-6 4) у=4х2

2) у=7х-1 5) у=x3+x+1

3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х

3. y=ax2 y= ax2+n y= a(x-m)2

функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді?

4. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?

5. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады?

6. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?

7. y=axКвадраттық функция тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары Алгебра (8-сынып)+bx+c функциясының графигін қалай салуға болады?

Түсіну. Сабақтың тақырыбымен таныстыру және мақсатын анықтау 2мин

Берілген сұрақтарға жауап береді және сабақтың мақсатын анықтауға тырысады.

Қолдану. Әр топқа «Ой қозғау» тапсырмалары беріледі 10 мин


Топтарға «Ой қозғау» тапсырмалары бойынша постермен жұмыс жасайды.

Топпен жұмыс

  1. Парабола төбесінің координаталарын табыңдар:

  1. у= (х-3)2 - 2

  2. у= 5(х+2)2 - 7

  3. у= х2 + 4х + 1

  4. у= 2х2 - 6х + 11

2.у= х2 +2: у= -3х2 + 4х - 7 фукциясының графигі (1; -6) нүкте арқылы өте ме?

  1. 3. у= 2х2 параболасын: 1) Ох осі бойымен оңға 3 бірлікке; 2) Оу осі бойымен 4 бірлікке төмен; 3) Ох осі бойымен солға 2 бірлікке, одан әрі Оу осі бойымен 3 бірлікке төмен жылжытқанда алынатын парабола теңдеуін жазыңдар.

Сергіту сәті 3 мин

Оқушыларға музыкалық сергіту қойылады.

Топтағы оқушылар орындарынан тұрып, бой сергіту жаттығуларын жасайды.

Талдау. Оқушыларға оқулықтан есептер беріледі. 10мин

Оқушылар тақырыпқа байланысты оқулықтан берілген берілген есептерді тақтада орындайды. Әр топ бір-бірлерінің есептерін тексереді.


Жинақтау. Тест тапсырмаларымен жұмыс

5 мин


Тест тапсырмаларымен жұмыс.

1.Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?

А) 2х+3

В) х3 - х -7

С) х2-19х

Д) 3х2 -9х -1

2. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:

А)(х-1)(х-8)

В) (х+1)(х -9)

С) (х+1)(х+8)

Д )жіктеуге болмайды.

3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі қандай түске боялған?

А) қызыл

В) көк

С) жасыл

Д) басқа

4. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?

А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға

В) Ох осі бойымен 5 бірлік солға

С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен

Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.

5. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта:

А)1;-7/3

В) 1;7/3

С) 2;4

Д)8;1

Бағалау. 3мин

Топтың бағаларын талдау

Қорытынды бағаны шығару

Топты оқушылар келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • Үй тапсырмасын дәптер арқылы топ арасында тексеру арқылы

  • «Тірек сұрақтары» өткен тақырыпқа байланысты бір-біріне сұрақтар қою арқылы

  • «Ой қозғау» тапсырманы түсініп, қатесіз орындай білу, постерді қорғай алуы

  • Оқулықтан тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды орындай білуі

  • Тест тапсырмаларын орындап білімдерін жүйелі қолдана білуі

Тақырыпты қорытып, ойын жинақтап, айта алуы

Үйге тапсырма 1 мин

Үйге тапсырма бергеннен кейін, күнделіктеріне бағаның қасына қолымды қойып шығамын

Оқушылар күнделіктерін ашып бағалау парағындағы бағаларды қояды, үйге берілген тапсырманы жазып алады.

( үйге деңгейлік тапсырмалар )

Рефлексия 1 мин

Оқушыларға стикерлер таратылады.

Оқушылар өз ойларын жазып, көңіл-күй дидарына жапсырады.





© 2010-2022