20-ға дейінгі сандарды қосу және азайтудың кестелік жағдайларын меңгеру деңгейін тексеру

Раздел Математика
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайтудың кестелік жағдайларын меңгеру деңгейін тексеру

Білімділік мақсаты: 20- дейінгі сандарды кестелік қосу және азайтудың кестелік жағдайларының бастапқы деңгейін анықтау, есептеу білігі мен білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру

Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Тірек білімді пайдалану.

Ауызша жаттығулар:

«Санды тап» ойыны. Мұғалім тапсырманы оқиды:

  • 14 шығу үшін қандай санға 9-ды қосу керек

  • 9 шығу үшін қандай саннан 2-ні азайту керек

  • «Мен бір сан ойладым, оған тура сондай санды қосса, нәтижесі 14 болады. Мен қандай сан ойладым?»

«Қай мысал шығарылғанын тап?» ойыны.

Мұғалім тақтаға мысалдар жазады:

5+6 12-4 9+5

7+5 14-5 8+5

Содан кейін былай дейді: «Мен осы мысалдардың бірін шығардым, нәтижесі 13 болды. Қай мысалды шығардым?» және т.б.

Сандар құрамымен жұмыс. «Жұбын тап» ойыны.

Мұғалім тақтаның оң жағына 10, 11, 12, 13, 14 сандарын, ал сол жағына жазылған сандардың құрамына кіруі мүмкін сандарды жазады: 5, 5, 6, 6, 7, 6, 7, 7, 4. «Екі таңбалы санды санның құрамына кіретін сандармен екі сызық арқылы біріктіріңдер».

Математикалық диктант «Дұрыс немесе бұрыс».

Мұғалім амалдарды оқиды:

  • 8 бен 5-тің қосындысы 14-ке тең

  • 7 мен 4-тің қосындысы 11-ге тең

  • Бірінші қосылғыш- 9, екінші - 5. Қосындының мәні 14-ке тең.

  • 9 саны 2-ге арттырылды. Нәтижесі 11.

ІІІ. Өздік жұмысы.

1-нұсқа

2-нұсқа

7+5 13-8 12-4+3

11-9 4+8 17-9-6

9+5 16-8 4+7-3

7+6 12-7 11-5+3

18-9 5+8 12-9-2

7+5 14-7 6+7-3

Х+5=12 а-9=5

9+х=13 а-6=6

Әлия бір ай ішінде12 кітап оқыды, ал Айдын 3 кітап кем оқыды. Айдын барлығы неше кітап оқыды?

Дәуреннің ойындар жазылған13 дискісі бар, ал Жанаржа одан 5 диск кем. Жанарда барлығы неше диск бар?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығуды орындай отырып, ауызша жұмысты жалғастыруға болады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



© 2010-2022