Открытый урок по математике на тему Көпмүшелерді қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді қосу және азайту.Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Көпмүшелерді қосуға және азайтуға түсінік беру.Алған білімдерін тиянақтау,жүйелеу. 2.Дамытушылық:Оқушылардың сөз байлығын,іскерліктерін,өз бетімен еңбектену сезімдерін,білімдерін,ойлау қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік:Пәнге деген көзқарасты,білімге деген құштарлықты ояту,ұйымшылдыққа,тазалыққа тәрбиелеу.Сабақтың типі:дәстүрліСабақтың түрі:жаңа білім беруСабақтың әдісі:түсіндірмеліСабақтың көрнекілігі:дид.мат.журнал...
Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Көпмүшелерді қосуға және азайтуға түсінік

беру.Алған білімдерін тиянақтау,жүйелеу.

2.Дамытушылық:Оқушылардың сөз байлығын,іскерліктерін,өз бетімен

еңбектену сезімдерін,білімдерін,ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:Пәнге деген көзқарасты,білімге деген құштарлықты

ояту,ұйымшылдыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:дәстүрлі

Сабақтың түрі:жаңа білім беру

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі:дид.мат.журналдар,интерактивті тақта,плакат.

Сабақтың жоспары:1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Сұрақ-жауап

4.Жаңа білім беру

5.Есептер шығару

6.Сергіту сәті

7.Қорытынды

Сабақтың барысы:

1.Оқушылармен амандасып,орындарына отырғызу.Сынып тазалығына көңіл бөлу.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Сұрақтарға жауап беру:

а) Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды?

ә) Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?

б) Бірмүшелер қалай көбейтіледі?

в) Көпмүше деп нені айтамыз?

г) Көпмүшенің ұқсас мүшелері деп нені атаймыз?

4.Жаңа білім беру.

3a3-5a2b+7ab2+b3 және 5a3-6ab2+4b3 көпмүшелерін қосайық.Ол үшін көпмүшелерді жақшаға алып,қосамыз да,жақшаларды ашамыз.Сонан соң ұқсас мүшелерін біріктіреміз:

(3a3-5a2b+7ab2+b3)+(5a3-6ab2+4b3)= 3a3-5a2b+7ab2+b3+ 5a3-6ab2+4b3=8a3-5a2b+ab2+5b3

6x2-2x+5 көпмүшесінен 3x2-2x+1 көпмүшесін азайтайық.Ол үшін көпмүшелердің айырмасын жазып,жақшаны ашқаннан соң ұқсас мүшелерін біріктіреміз: (6x2-2x+5)-(3x2-2x+1)= 6x2-2x+5-3x2+2x-1=3x2+4

Сонымен,көпмүшелерді қосқанда және азайтқанда нәтижеде көпмүше шығады.Бұл амалдар мынадай ережелер бойынша орындалады:

-егер жақшаның алдында «плюс»таңбасы болса,онда көпмүше мүшелерін өз таңбаларымен жазады;

-егер жақшалардың алдында «минус»таңбасы болса,онда жақша ішіндегі мүшелерді қарама-қарсы таңбаларымен жазады.

5.Есептер шығару.(Оқулықпен жұмыс)

№186, №187, №189,№195(1,2)

6.Сергіту сәті.

1.Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді,аңшы оның 2-ін атып түсірді. Торғайлардың қаншауы қалды? (2-уі қалды,қалғандары ұшып кетті)

2.Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір-бірден бауыры бар.Отбасында барлығы неше бала? (8)

3.Үш түйе құс ұшып келе жатыр.Аңшы олардың біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(түйе құс ұшпайды)

4. Көшедегі өткелді жолақты ақпен бояп қояды.Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса,ақ жолақтар саны қанша болғаны?

7.Қорытындылау,бағалау.

8. Үйге тапсырма беру. №191,№198


© 2010-2022