» Ұлттық өлшем бірліктерді білесің бе?!

Көлем өлшемдері. Ине жасуындай,алақандай-өте шағын. Жапырақтай,ат төбеліндей. Уыс-қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұңқырайған алақан аясының іші,алақанға сиярлық мөлшер. Құшақ-қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні,қойын. Ұлтарақтай-адам табанының көлемі. Табақтай –жалпақ Тулақтай-мал терісінің көлемі. Бір танап жер-гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер- бір гектар. Көлдей-өте көлемді,кең. Үй орнындай-киіз үйдің ішкі көлеміндей. Салмақ өлшемдері Титімдей,титтей,тинақтай,тырнақтай,оймақтай, шүйкедей,түйір. Бір жапырақ-бір жұлым. Бір жұтым-ауыз толтырып бір ішерлік.(сүт,т.б.) Бір шайнам-ауызға бір салар.(тағам) Бір тілім,үзім-өте жұқа,артық бөлшек. Бір татым-бір рет шегуге жетер шылым.Көлге ,өзенге бір рет ау салып тартқанда торға ілінетін балық мөлшері. Бір шөкім,бір шымшым,бір атым (насыбай)-үш саусақтың ұшымен . Бір қайнатым(шәй)-шымшып аларлық өлшем. Бір мысқал,бір шелек(су,сүт)-10л. Бір торсық (айран)-6-7л. Бір саба(қымыз)-10-15л. Бір қап(ұн,қант)-50-60кг. Бір арқа(жүк)-45-50кг. Бір пұт-16 кг Бір мысқал-100 арпа саны  салмағы Бір қадақ- 96 мысқал-400г Найза қап,қанар-70-80кг. Бір құлақ су-3-4м3. Қадақ-200г. Батпан-51 пұт Дағар-6-8 пұт-100-130 кг Қашықтық өлшемдері Қол созым жер.Қарға адым жер.Қамшы салым жер-тым жақын жер. Таяқ тастам жер,иек астында жер-бір қыр асты,таяу жер. Иек артпа жер,әудем жер-тиіп тұрған жер. Шақырым-1000м(1 км) Дауыс жетер жер-2-3 шақырым. Ит үргені естілер жер.Қара көрінім жер.Көз ұшындағы жер-2.5-3 шақырым жер. Қозы өрісіндей жер-5-6 шақырым. Тай шаптырым жер.Аяқ жетер жер.Қозы көш жер-6-7шақырым. Құнан шаптырым жер-8-10 шақырым. Бір көш жер-10-15 шақцырым. Ат шаптырым жер-20-35 шақырым. Түстік жер-30-40 шақырым. Күншілік жер-90-100 шақырым. Ара қаным жер-200-250 шақырым. Ит өлген жер.Ит арқасы қиянда-қашық,жырақ. Жер аяғы қиянда-қиыр.жан өтер жер. Жер түбі-өте алыс,шет жер. Жер мойны-қашық. Алты айшылық жер-тым шалғай жер. Уақыт өлшемдері Бір сәт-1 секунд Сүт пісірім-5-10-минут Бие сауым-1,5 сағат Ет пісірім-2,5-3-сағат Бір түн-бір күн,тәулік-24 сағат Апта-7 күн Ай-30-31 күн Тоқсан-3 ай Жыл-365 күн
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлттық өлшем бірліктерді білесің бе?

«Қазақ халқы талантты халық.Олар өлшеу

құралдарынсыз-ақ өлшеу жұмыстарын жүргізе білген... »

Әл-Фараби

Заман өзгерісіне қарай қазіргі таңдағы біздің ең басты мақсатымыз-мектеп табалдырығында жүріп терең білім алу және тек сабақта алған біліммен шектеліп қалмай,көп ізденіп, таңдаған пәнімізден шығармашылықпен жұмыс жасап, дамыған елдердің азаматтарымен бәсекеге қабілетті болатындай етіп білімімізді кеңейту.Осы мақсатқа жету үшін әрбір оқушы білімнің қажет екенін түсініп,оны тереңірек меңгеруге тырысу қажет.

Мен өзім математика пәнін жақсы көремін.Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарда, сабақ барысында кейбір халықтық тарихи есептерді шешкенде,есептеулер жүргізгенде ұлттық өлшемдердің мәнін білмей қиналып қалатын жәйіміз бар. Халқымыздың ұлттық өлшемдерін зерттеу қорытындысында мен құрбыларыма, іні-сіңілілеріме мектепте,жоғары оқу орнына түссе де, көмегі болып қалар деген оймен ұлттық өлшемдерді ұсынып отырмын.

Ұзындық өлшемдері

Тұтам-бес саусақ жұмғандағы көлденең ұзындық

Сүйем-бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралығы-17-20 см

Сынық сүйем-бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық,бір сүйемнің төрттен үш бөлігі.-13-15 см.

Қарыс -бас бармақ пен ортан саусақты көргендегі аралық-20-22 см

Кере қарыс-бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық.

Аршын-шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық.

Құлаш-иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы.

Кере құлаш-иық деңгейіндегі кере созылған екі қол ұшының аралығы.

Сала/көш/құлаш-үш құлаш.

Адым,қадам-жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы.

Аттам-адамның созылыңқы шегі

Кез-саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық-70-75 см 1 кез-7-9- тұтам.

Қалыңдық өлшем бірліктері

Қыл елі.Жарты елі.Пышақ сырты.Бармақ елі.Шынашақ.Табан елі.Сере..

Қалыңдық өлшем тұтам,сүйем,қарыс сияқты ұзындық өлшемдері және күрек бойы, құрық бойы,кісі бойы тәрізді тереңдік өлшемдері сөз қисынына қарай пайдаланылған.

Елі-орта шамадағы бір саусақтың ені-2-2,5 см

Сере-аздап ажыратылған төрт саусақ ені-12 см.

Оқ бойы-жебе ұзындығы-1-1,5м

Найза бойы-3-5м

Арқан бойы-10-12м

Көлем өлшемдері.

Ине жасуындай,алақандай-өте шағын.

Жапырақтай,ат төбеліндей.

Уыс-қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұңқырайған алақан аясының іші,алақанға сиярлық мөлшер.

Құшақ-қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні,қойын.

Ұлтарақтай-адам табанының көлемі.

Табақтай -жалпақ

Тулақтай-мал терісінің көлемі.

Бір танап жер-гектардың алтыдан бір бөлігі.

Бір мойын жер- бір гектар.

Көлдей-өте көлемді,кең.

Үй орнындай-киіз үйдің ішкі көлеміндей.

Салмақ өлшемдері

Титімдей,титтей,тинақтай,тырнақтай,оймақтай, шүйкедей,түйір.

Бір жапырақ-бір жұлым.

Бір жұтым-ауыз толтырып бір ішерлік.(сүт,т.б.)

Бір шайнам-ауызға бір салар.(тағам)

Бір тілім,үзім-өте жұқа,артық бөлшек.

Бір татым-бір рет шегуге жетер шылым.Көлге ,өзенге бір рет ау салып тартқанда торға ілінетін балық мөлшері.

Бір шөкім,бір шымшым,бір атым (насыбай)-үш саусақтың ұшымен .

Бір қайнатым(шәй)-шымшып аларлық өлшем.

Бір мысқал,бір шелек(су,сүт)-10л.

Бір торсық (айран)-6-7л.

Бір саба(қымыз)-10-15л.

Бір қап(ұн,қант)-50-60кг.

Бір арқа(жүк)-45-50кг.

Бір пұт-16 кг

Бір мысқал-100 арпа саны салмағы

Бір қадақ- 96 мысқал-400г

Найза қап,қанар-70-80кг.

Бір құлақ су-3-4м3.

Қадақ-200г.

Батпан-51 пұт

Дағар-6-8 пұт-100-130 кг

Қашықтық өлшемдері

Қол созым жер.Қарға адым жер.Қамшы салым жер-тым жақын жер.

Таяқ тастам жер,иек астында жер-бір қыр асты,таяу жер.

Иек артпа жер,әудем жер-тиіп тұрған жер.

Шақырым-1000м(1 км)

Дауыс жетер жер-2-3 шақырым.

Ит үргені естілер жер.Қара көрінім жер.Көз ұшындағы жер-2.5-3 шақырым жер.

Қозы өрісіндей жер-5-6 шақырым.

Тай шаптырым жер.Аяқ жетер жер.Қозы көш жер-6-7шақырым.

Құнан шаптырым жер-8-10 шақырым.

Бір көш жер-10-15 шақцырым.

Ат шаптырым жер-20-35 шақырым.

Түстік жер-30-40 шақырым.

Күншілік жер-90-100 шақырым.

Ара қаным жер-200-250 шақырым.

Ит өлген жер.Ит арқасы қиянда-қашық,жырақ.

Жер аяғы қиянда-қиыр.жан өтер жер.

Жер түбі-өте алыс,шет жер.

Жер мойны-қашық.

Алты айшылық жер-тым шалғай жер.

Уақыт өлшемдері

Бір сәт-1 секунд

Сүт пісірім-5-10-минут

Бие сауым-1,5 сағат

Ет пісірім-2,5-3-сағат

Бір түн-бір күн,тәулік-24 сағат

Апта-7 күн

Ай-30-31 күн

Тоқсан-3 ай

Жыл-365 күн

Ғасыр-100 жыл(Жарты ғасыр-50 жыл,ширек ғасыр-25 жыл)

Бір мүшел-12 жыл(1-мүшел-13 жас,2-мүшел-25 жас,3-мүшел-37 жас,4-мүшел-49 жас...)

Жұманазарова Жарқынай

9-сынып оқушысы

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

228 орта мектеп

© 2010-2022