Математика пәнінен ойын сабақ: Сандар сыры

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика пәнінен ойын сабақ: Сандар сырыМатематика пәнінен ойын сабақ: Сандар сырыМатематика пәнінен ойын сабақ: Сандар сырыМатематика пәнінен ойын сабақ: Сандар сырыСабақтың тақырыбы: Сандар сыры.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың бойында ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.

ә) Экономикалық-саяси ұлттық тарих деңгейін және білім деңгейін арттыру.

б) Оқушыларды жан-жақты ізденушілікке баулу.шығармашылық жұмыс жасауға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Жұмбақ шешу:

Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кеде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз. (сандар)

III. Ой қозғау: (Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз)

  1. (2*1) 3=4

  2. (3*2) 1=2

  3. (7*4) 2=5

  4. (4*3) 5=? Жауабы: 6


IV.Математикалық және пәнаралық байланыстар:

  1. Квадраттың қабырғалар санын 100-ге көбейтіңіз. (400)

  2. Дөңгелек сөзінің әріптер санын 2-ге бөліп,5-ке көбейтіңіз. (20)

  3. Шашбау сөзінің жартысына ка жалғауын қос.(шашка)

  4. Бір жұмыртқа 4минутта піседі.Ал 5жұмыртқа неше минутта піседі?(4минут)

  5. Кісібе жылдың ақпан айының соңғы күнінен 4 пен 5-тің көбейтіндісін айырыңыз.(9)

  6. Тәуелсіздік күнін халықаралық әйелдер күніне көбейтіңіз.(128)

  7. Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жасына 25-ті қосыңыз.(55)

  8. Ұлы Отан соғысының басталған жылының цифрларының қосындысын табыңдар.(15)

  9. Ең үлкен материктің әріптер санынан 4-ті шегеріңіз.(3)

  10. «ля» нотасының ретіне квартет қатысушы мүшелерінің санын көбейтіңіз.(24)

V.Шығармашылық байланыстар-сандардың сырын ашу,яғни сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысы.

«Үш бәйтерек,үш би,үш қуат,үш асыл,үшбиік,үш жұрт»

Үш бәйтерек-І.Жансүгіров,С.Сейфуллин,Б.Майлин

Үш би-Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би.

Үш жұрт-ағайын жұрт,нағашы жұрт,қайын жұрт.

Үш қуат-ақыл,жүрек,тіл.

Үш асыл-көз,тіл,көңіл.

Үш биік-билік,дәулет,даналық.

Осыған байланысты 3санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атап кету:үшбұрыштарды шешу,үш перпендикуляр,3 санына бөлінгіштік белгілері,үшбұрыштың тамаша нүктелері т.с.с

«Бес арыс,бес ақыл,бес қару»

Бес арыс-Ж.Аймауытов,М.Жұмабаев,М.Дулатов,Ш.Құдайбердиев,А.Байтұрсынов.

Бес ақыл-талап,еңбек,ақыл-ой,қанағат,рақым.

Бес қару-мылтық,найза,айбалта,қылыш,садақ.

Осыған байланысты 5санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атау:Евклидтің V пастулаты........

VI.Сандар мен амалдар:

№1

  1. 4●(5●2)=40

  2. 1●(7●10)=70

  3. 8●(4●0)=0

  4. 7●(3●2)=? Жауабы:42

№2

  1. (7▲3)=21

  2. (5▲2)=10

  3. (15■5)=3

  4. (10■2)=5

  5. 40■(4▲2)=? Жауабы:5

№3

  1. 5♥(3♥9)=17

  2. (8♥3)♥6=17

  3. (6♥5)♥(7♥1)=19

  4. (5♥2)♥(10♥3)=? Жауабы: 20

VII. Үй жұмысы:

«Жеті ата,жеті қазына,жеті ғалам» туралы білу. Сандар мен амалдарға есептер құрастыру

VIII.Қорытынды.



© 2010-2022