Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері Ашық сабақ

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі:Туртаева Ира

ПӘНІ

Алгебра

КЛАСЫ

8 «А»

ТАҚЫРЫБЫ

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

МАҚСАТЫ

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін меңгерту, топтық-ұжымдық жұмысқа дағдылану, өзінің, өзгенің жұмысына сыни тұрғыда қарай білу, бағалай білу, АКТ ақпаратын тиімді түрде өңдей білу, өзін-өзі жүзеге асыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ



Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады, ақпаратты өз бетінше меңгере алады; кластастарына түсінікті тілмен ақпаратты жеткізе біледі; мәтінге байланысты сұрақ қою білуге дағдыланады; кластастарын тыңдай білуге үйренеді; өзінің және өзінің кластастарының есепті шығара алуы үшін жауапкершілікті бөлісе біледі; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша ақпаратты саралай білуге үйренеді; танымдық іс-әрекет үдерісінде коммуникативтік дағдыларын жүзеге асырады.

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

ДИФФРЕНЦИАЦИЯ

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)



Оқушылар топтарға бөлінеді.

Оқушылар үй тапсырмасына өздерінің қай деңгейде дайындалып келгендігіне орай өзін-өзі тақтаға түрлі түсті смайликтермен бағалайды.

Әр оқушы өзінің қай деңгейде дайындалып келгендігіне орай өзін-өзі тақтаға түрлі түсті смайликтермен (жақсы, орташа, нашар) бағалайды.

Смайликтермен тек көңіл-күйді ғана емес, үй тапсырмасын да бағалайды.

Оқушылардың аттары жазылған тақта мен смайликтер.

Қызығушылықты ояту

(3 минут)


Сабақ басында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін психологиялық тренинг-жаттығу өткізіледі («Атом, молекула»)

Оқушылар атом дегенде үшеуден қол ұстасып, ал малекула дегенде екеуден қол ұстасып тұрулары керек.

Жаттығуға барлық оқушыларды тарту.

Үш шапалақ арқылы бағалау.

Тақтадан үлгі ретінде жаттығудан үлгі көрсету.

Мағынаны

тану

(15 минут)





(20 минут)


Үй тапсырмасы бойынша эссе оқылады.

Жаңа сабақты оқушылар өздері топтық таныстырылым арқылы түсінеді. Үш топқа квадрат

түбірдің үш қасиеті беріледі.

Әр топқа есеп береді, есепті ротация әдісі бойынша келесі топтар түсті қалам арқылы жалғастырып, аяқтайды.

Үздік шыққан эссені оқушылар таңдайды, бағалайды.

Топтық таныстырылым жасап, топтың атынан оқушы шығып түсіндіреді, қорғайды.



Топтар ротация арқылы жасаған жұмыстарының астына қателері болса ескерту немесе тілек жазады.

Жекелеген оқушыларға көмек беру.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.

Сабақты қаншалықты түсінгендерін бағдаршам түстері арқылы бағалау.

Сабақ соңында барлық оқушылардың жұмыстары жинақтап, бағалау.

Жақсы шыққан эссені «Үздік жұмыс» тақтасына іледі.

Рефлексия

(5 минут)



Бүгінгі тақырып бойынша автор орындығында сабақты қорытындылау.

Оқушылар сабақты түсінгендерін бес жолды өлең арқылы көрсету.

«Кері байланыс» парағының 1-бетіне оқушылар салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша меңгерген негізгі ұғымдары, 2-бетіне нені түсінбегендігін жазады.

Оқушылардың барлығы бес жолды өлең жазуға қатысу.

Жақсы , мағыналы өлеңге мадақтама айту.

Үздік шыққан өлеңді оқушылар таңдап «Үздік жұмыс» тақтасына ілінеді.

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма беру: №81,84 есептерін шығару.



© 2010-2022