ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Аманшина Т. Қ

Егемен еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда шағын жинақталған мектебінің де қосар үлесі мол. Өркениетті елдер деңгейіндегі білім беру, ойлауы қаблетті, рухани байлығы жоғары, мәдениетті, бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мұғалімдердің басты мақсаты болып табылады.

Шағын жинақталған мектептің беделін көтеру, педагог мамандары бүгінгі өмірге бейімді және жаңа талапқа сай деңгейде даярлау, сонымен бірге мұндай мектептің жұмысын жақсарту, оқу-тәрбие сапасын көтеру-әлеуметтік-экономикалық әрі педагогикалық мәселе болып табылады.

Оқушылардың сапалы білім алуына мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді.Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан-жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет.

Шағын жинақталған мектептер негізінен келешегі бұлыңғыр, қазіргі таңда бала санына ғана байланысты ауыл мектептері екені белгілі. Осыған дейін де, қазір де ауылдың шағын мектептері оқу-тәрбие үрдісін іске асыруда күрделі мәселелерге, қиыншылықтарға тап болып отырғаны ешкімге де құпия емес. Әсіресе оқу үрдісіне байланысты шешілмеген, ғылыми жүйелендірілмеген мәселелер толып жатыр. Атап айтсақ, оқу бағдарламасын қазіргі заман талаптарына сай іске асыру.

Алдымен шағын жинақталған мектептердің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық:

  • Бала санының аздығына байланысты жастары сәйкес емес екі түрлі сынып біріктіріледі

  • Мұғалім 45 минут берілген бір сабақта екі түрлі сыныпқа екі түрлі тақырыпты қамтитын дәріс беруі керек

  • Сабақтың құрылымы өзгертіледі

Аталмыш мәселелер оқушылардың білімді қабылдауына біршама нұқсан келтіреді. Олай деуімнің себебі бар:

Біріншіден, жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың даму ерекшеліктері, мінез-құлықтарының қалыптасу мерзімі ескерілмейді. Бір сыныптың оқушылары өте белсенді, өздігінен жұмыс жасаулары қиындық тудыратын болса, келесі сыныптың оқушылары тым селсоқ, немесе ұяң. Мұндай балалар белгілі бір уақыт аралығында үнемі жеке жұмысты қажет етеді. Кейде жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде түрлі сауалдармен кедергі келтіруі мүмкін.

Екіншіден, назары ауып, көңілдерінің бөлінуі. Бір сынып бөлмесінде отырғандықтан, жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде өзіндік тапсырма алып, жұмыс жасап отырған басқа сынып оқушысының еріксіз көңілі бөлініп, назары басқаға ауады. Мұғалім тақта алдында, бар сыныптың назарын өзіне аударатындай қалыпта дауыстап жаңа тақырыптың мазмұнын ашу кезінде қайтіп сыныпта отырған балалардың назары аумайды? Нәтижесінде бала ойын жүйеге келтіре алмай қиналуы мүмкін.

Үшіншіден, үлгерімі төмен оқушылар мұғалім назарынан тыс қалуы ықтимал. Өйткені екі түрлі сыныпқа, екі түрлі тақырып бойынша сабақ беріп тұрған мұғалімнің уақыты шектеулі, ол үй жұмысын тексеріп, оқушының өткен тақырып бойынша нені ұғып, нені ұқпағанын біліп, көмек көрсетіп, жаңа тақырып түсіндіріп, бекіту жұмыстарын өткізіп, бағалап, үй жұмысын түсіндіріп үлгеруі керек емес пе!

Төртіншіден, психологиялық, эмоционалдық қиыншылық. Бір сабаққа біріктірілген екі сыныпта бір үйдің екі баласы оқуы мүмкін. Мұндай жағдайда балалардың бірі психологиялық күйзеліске түсу қаупі бар: нашар оқитын бауырының кемшіліктері, қателері үшін ұялып, үнемі қорқыныш үстінде отыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бала өзге түгіл өзінің не оқып, не қойғанын білмей қалары сөзсіз.

Бесіншіден, әртүрлі жастағы екі түрлі сынып-кешендерде жеке пәндерді оқытудың арнайы әдістемесі жоқ және сынып-кешендерде жұмыс істей алатын педагогикалық мамандардың сандық-сапалық тұрғыдан қамтамасыз етілмеген. [1].

Оқушы саны аз сыныптарда сабақ берудің жақсы жақтары да баршылық:

1) Оқушы саны аз сыныптағы әрбір оқушы, оның сабақтағы іс-

әрекеті мұғалім назарында болады

2) Әр оқушының дара ерекшеліктері, танымдық қызығушылығы

есепке алынады.

3) Жеке тапсырма беруге, тексеруге уақыт жеткілікті

4) Даму деңгейін бақылап отыруға мүмкіндіктер молаяды.

5) Жаңа педагогикалық технологияларды ебін тауып қолдануға

болады.

6) Әр оқушымен, қабілетті, үлгерімі төмен оқушымен жеке

жұмыстар жүргізу мүмкіндігі;

7) Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете алады. Біздер, мұғалімдер үшін

әңгімелесу кәсібіміздің басты құралы болып саналғандықтан, оны пайдалану мүмкіндігі мол. [2].

Шағын мектеп мұғалімінің сабақ дайындалу кезінде мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма дайындайды, дәптерлерін тексеруге уақыт аз кетеді. Сонымен қатар оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады, ал сабақта белсенділік танытатындардың есте сақтау қабілеті артады, білімді орнықты меңгереді, танымы кеңейеді, шығармашылығы артады. Әрине, шағын жинақталған мектепте әр пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни оңтайлы жағы да, қиындығы да бар.

Осы орайда мен математика пәнін оқытудың ерекшеліктеріне тоқталмақпын. Алдымен екі тілде сабақ беру кезіндегі оқушылардың ұлттық ерекшелігіне тоқталайын. Орыс тілді сынып оқушыларының сабақта өздерін еркін ұстап, сабақта белсенділік танытады, ал қазақ тілді сынып оқушыларының ұлттымызға тән ұяңдық басым, көбіне ашылып сөйлей алмайтыны байқалады. Одан кейін қос тілді параллель сыныптарды математикадан кей сабақтарда біріктіріліп өткізіледі. Тақырып бір, яғни екі сыныпқа бір тақырып бойынша сабақ беруге дайындаласың. Сонымен, қос тілдегі екі параллель сыныпқа сабақ берудің тиімді ерекшеліктері:

1) Сабақты жоспарлаудың ыңғайлылығы. Қазақ және орыс тілінде

сабақтың тақырыбы мен мақсаты бір, үй тапсырмасын тексеру

әдісін де бірдей қолдануға болады. Жалпы сабақтың кезеңдері бір.

2) Қос тілді меңгеруге (қазақ тілді балалардың орыс тілін, орыс тілді

балалардың мемлекеттік тілді) қосымша мүмкіндіктің пайда

болуы. Және де математикада көптеген терминдер бір тілде

айтылады емес пе?

3) Оқушылардың танымдық белсенділіктері артады. Өздігінен білім

алу жағдайында, қосымша материалдар іздеген уақытта тіл

білімінен қиналмайды. Аудармашылық қабілет қалыптасады.

4) Пәнаралық байланыс іске асады: қазақ тілі-орыс тілі-математика-

т.б.

5) Екі сынып болғандықтан бала саны аз да болса артып,

педагогикалық әдіс-тәсілдерді, кейбір жаңа педтехнологияны

қолдануға, топпен жұмыс жасауға, деңгейлік тапсырмалар беруге

мүмкіндік туады.

6) Математиканы оқытуда практикалық мәселеге көп көңіл бөлінеді,

атап айтқанда есеп шығаруға үйрету. Ал бұл жағдай тілге тәуелді

емес. [3].

Осындай сабақтардың нәтижесінде шәкірттер математиканы екі тілде меңгереді, ұяң оқушылар ысылады, жеке оқушылардың өзіндік намысы оянады.

Әдетте шағын жинақталған мектептің сыныптарындағы бала саны 5-6, көп болса, 9-10 бала болады. Математикада екі сыныптағы тақырыптар сәйкес келмейді, өйткені жылдан-жылға өтілетін тақырыптар тереңдетіліп, өзгертіліп отырылады. Мұнда тек өзіндік жұмыс, есеп шығару, қайталау, бақылау сабақтары сәйкес келеді.

Біріктіріп оқытып жатқан сыныптарда оқушы саны аз болса да мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарламасын орындап, оқытудың тиімді инновациялық технологияларын пайдалану шағын жинақталған мектептің мұғалімінің құзырында. Мұғалім таңдаған оқытудың әдіс-тәсілдері алдымен оқушы үшін тиімді болуы керек.

Назарларыңызға жоғарыда баяндалған екі түрлі жағдайда математикадан сабақ берудің үлгісі мен жоспары.

1. Қос тілді параллель 5-сыныптағы математика.

Сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді қосу

Тема урока:

Сложение десятичных дробей

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға ондық бөлшектерді

қосу алгоритмін үйрету

2. Оқушылардың логикалық ойлау

қабілетін, есте сақтау, қырағылық

дағдысын дамыту

3. Оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын арттырып, өзара

көмек, бір-біріне деген жанашырлық

сезімін ояту.

Цели урока:

1. Формировать у учащихся

алгоритм сложения десятичных

дробей

2. Развитие мыслительных

способностей учащихся, внимания

и памяти.

3. Воспитание интереса к

предмету, чувства взаимовыручки

и взаимопомощи.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру сәті

2. «Ой қозғау» 68-20:4-2=58 мына

өрнектің қай жеріне жақшалар

қойылмаған?

Дұрыс жауабы: 68-20:(4-2)=58

3. Үй жұмысын тексеру

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын

айту.

2) Оқушылардан кез келген ондық

бөлшектер атауын сұраймын.

3) Аталған сандарды қосу арқылы

ондық бөлшектерді қосудың

ережесін шығарамыз.

4,283 4,283

1,7 1,700

---------------- -------------

5,983 5,983

283 7 983

4 -------- + 1----- = 5----------

1000 10 1000

Ондық бөлшектерді қосу аттас

разрядтардың кішісінен бастап қосу

арқылы жүзеге асады, ондық

бөлшектің соңынан ноль тіркеу жай

бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру

дегенді білдіреді.

5. Есеп шығару:

1) Оқулық бойынша

2) Тақта алдында кезекпен шығару

3) Жеке тапсырмалар

орындау(карточкамен жұмыс)

6. Сабақты бекіту

Шағын тест жұмысын алу

7. Сабақты қорытындылау:

Бағалау, қайталау

8. Үй тапсырмасын беру

Ход урока:

1. Организационный момент

2. «Разминка» 68-20:4-2=58 где в

этом выражении должны стоять

скобки?

Правильный ответ: 68-20:(4-2)=58

3. Проверка домашнего задания

4. Объяснение новой темы:

1) Обьявление темы и цели урока

2) Попрошу у всего класса назвать

любые десятичные дроби.

3) На примере названных чисел

объясняется сложение десятичных

дробей, выводится правило

сложения. Например:

4,283 4,283

1,7 1,700

---------------- ------------

5,983 5,983

Сложение десятичных дробей

выполняется по одноименным

разрядам начиная с наименьшего

разряда. Здесь приписывание

нулей в конце десятичной дроби

это есть приведение к общему

знаменателю обыкновенных

дробей.

5. Решение задач:

1) по учебнику

2) У доски

3) индивидуальная работа с

учащимися (работа по карточкам)

6. Закрепление урока

Провести небольшой тест.

7. Итоги урока:

Выставление оценок, повторение.

8. Домашнее задание

Мұндай сабақтардың нәтижесінде екі сыныптың да тек жақсы нәтижеге жететіні айқындалды:

1) Бәсекеге деген қабілеттіліктің қалыптасуы;

2) Екі тілде де еркін жауап бере алу дағдысының қалыптасуы;

3) Орыс тілді оқушылардың мемлекеттік тілге деген ықыласының

артуы;

Әрине, екі тілде сабақ беру мұғалімнің шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты екенін естен шығармауымыз жөн.

Ал бір сыныпқа жинақталған екі түрлі сыныптың алдымен тақырыптық-күнтізбелік жоспарын ыңғайлы етіп жсаған жөн, өйткені екі сыныпта өтілетін тақырыптардың мазмұндары бір-бірінен өте алшақ.

Мысалы, 5-6 сыныптағы математика пәнінен тақырыптық жоспарынан үзінді:

Сабақтың реті

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

5 сынып

6 сынып

1-3

4 сыныпта өткенді қайталау

5 сыныпта өткенді қайталау

3

4

Санды өрнектер, әріпті өрнектер.

Қатынастар

1

5

Тақырып бойынша есеп шығару

Тақырып бойынша есеп шығару

1

6

Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып өрнектерді ықшамдау

Берілген қатынаста бөлу

1

7

Тақырып бойынша есеп шығару

Тақырып бойынша есеп шығару

1

8

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып өрнектерді ықшамдау

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

1

9-10

Тақырып бойынша есеп шығару

Тақырып бойынша есеп шығару

2

11

Теңдеу.

Тура пропорционал шамалар

1

12-13

Тақырып бойынша есеп шығару

Тақырып бойынша есеп шығару

2

14

Формулалар.

Масштаб.

1

15

Тақырып бойынша есеп шығару

Кері пропорционал шамалар

1

16-17

Қайталауға арналған жаттығулар

Қайталауға арналған жаттығулар

2

18

Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысы

1

19

Қатемен жұмыс

Қатемен жұмыс

1

Сабақ жоспары мынадай болмақ:

5 сынып

6 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Формулалар.

Масштаб.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды формула

ұғымымен таныстырып,

оларды қолданып, есептеуге

үйрету

2. Оқушылардың логикалық

ойлау қабілетін,танымдық

белсенділігін арттыру.

3. Оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын арттырып,

ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

1. Оқушыларды масштаб ұғымымен,

оларды қолдану салаларымен

таныстырып, картаның масштабын

табуды үйрету.

2. Оқушылардың логикалық ойлау

қабілетін,танымдық белсенділігін

арттыру.

3. Оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын арттырып,

ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті.

2. «Ой қозғау» (2 сыныпқа

бірдей

тапсырма беруге болады.)

3.Үй жұмысын тексеру

4.Жаңа тақырып түсіндіру

5.Есеп шығару (оқулық

бойынша)

6.Жеке тапсырмалар орындату

1.Ұйымдастыру сәті.

2.«Ой қозғау». » (2 сыныпқа бірдей

тапсырма беруге болады.)

3.Үй жұмысын тексеру

4.Есеп шығару (жеке тапсырмалар)

5.Жаңа тақырып түсіндіру

6.Жаңа тақырыпты бекітуге арналған

есептер шығару

7.Сабақты бекіту:

5-сыныпқа сұрақ: формула деген не? 6-сыныпқа сұрақ: масштаб

деген не?

Енді, оқушылар бәріміз бірігіп масштаб табудың формуласын

құрайық. Демек масштабты табу үшін сызбадағы кесінді ұзындығын

жер бетіндегі қашықтыққа бөлеміз.

М=С:Ж

8.Бағалау

9.Үй жұмысын беру

Сабақ нәтижесінде

1) 5-сынып оқушылары алдағы өтілетін тақырыптан хабардар болып

қана қоймай, формула құрастыруға үйренеді;

2) 6-сынып оқушылары өткенді пысықтайды

3) Бір сөзбен, сабақтастық мәселесі жүзеге асады.

Сонымен қатар мұндай біріккен сабақтарда 5-6 сынып оқушылары арасында өзара көмек, өзара тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Жоғарыда айтылған шағын жинақталған мектептерде математика пәнін оқытуды ұйымдастыруға қойылатын басты талаптар:

1) Тәрбиелік талаптар, яғни мұғалімнің жинақылығы, оқушылардың

білімге деген ынта-ықыласы;

2) Дидактикалық талаптар, яғни тақырыптық-күнтізбелік, күнделікті

сабақ жоспарларының дұрыс жасалуы;

3) Психологиялық талаптар, яғни мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік, эмоция және психологиялық ырғақ; [4].

Сөзімді қорыта келе, шағын жинақталған ауыл мектептерінде математиканы біріктіре оқыту тұлғаның жан-жақты қабілеттерін: фантазиялық еркіндігін, зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысын қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

Дегенмен, жоғарыдағы сабақтардың ең тиімдісі оқушылар саны аз болсын, көп болсын әр сыныптағы сабақты жеке өткізгеннен тиімдісі жоқ дер едім. Шын мәніндегі оқу сапасына қол жеткізу үшін алдымен ұстаз уақытын, үкімет қаржыны, ал оқушы күш-жігерін, ынта-ықыласын аямауы керек деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Асқарбаев А., Храпченко Г.М. Мектептердегі оқытудың

мазмұны мен әдістері. Алматы. «Мектеп», 1981

  1. Әлиева К.С., Бәйдібекова Е., Ысқақова Ә. Шағын комплектілі

мектепте математикадан өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыру.

Шымкент, 1992.

  1. Концевая Л.А.Исползьзования учебника в самостоятельной работе

школьника.(Проблемы школьного ученика.(Сборник)). Вып. 2.- М.:

Просвещение,1974-66-77с

  1. Құлмағанбетова Б. «Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру».

Алматы. «Мектеп,» 1976


© 2010-2022