Тақырыбы: Центрлік және осьтік симметриялар

Оқушыларға  центрлік және осьтік симметриялар ұғымы мен танысу және фигураларды түрлендіру тәсілін   анықтаудыүйрету. 1. Білімділік: Фигуралардың түзуге қатысты симметриялы фигуралар. . 2. Дамытушылық:  Оқушылардың есеп шығару дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік:   Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке  тәрбиелеу.   Оқушыларға  центрлік және осьтік симметриялар ұғымы мен танысады және фигураларды түрлендіру тәсілін   анықтауды үйренеді. 1) Тақырып жұмыс жасау оқушылардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту,  өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. 2) Сыни тұрғыдан ойлау   балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді. 3) Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға  ықпал етеді.
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Күні: 25.11.2014 ж. сыныбы: 9-А,г

Пәні: Геометрия

Сабақтың тақырыбы

ІІ 1.Центрлік және осьтік симметриялар.

Сілтеме

9-сынып Геометрия, 61-67-ші оқулық беттері. Слайдтар.

Мақсаты:

Оқушыларға центрлік және осьтік симметриялар ұғымы мен танысу және фигураларды түрлендіру тәсілін анықтауды үйрету.

1. Білімділік: Фигуралардың түзуге қатысты симметриялы фигуралар. .

2. Дамытушылық: Оқушылардың есеп шығару дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі:

Оқушыларға центрлік және осьтік симметриялар ұғымы мен танысады және фигураларды түрлендіру тәсілін анықтауды үйренеді.

Түйінді идеялар

1) Тақырып жұмыс жасау оқушылардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.

2) Сыни тұрғыдан ойлау балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.

3) Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал етеді.

Блум таксаномиясы

7 модуль

ресурстар

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс - әрекеті

Білу

Диалог

топтастыру

Топтастыру әдісі


Ұйымдастыру.Топтарға бөледі. Екі вектордың скаляр көбейтіндісі - деп нені айтады? Векторлардың скалярлық көбейтіндісі сан бола ма,әлде вектор бола ма?

Түсті стикерлер таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Өз білетіндерін топтастырады.

Ынтымақтастық атмосферасын құрады .№230 Тік бұрышты координаталар жүйесінде вектордың координаталары - деп нені айтады?

Бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді.

Топтық жұмысты талқылауға үйренеді. Оқушылар критерий шығаруды үйренеді.

Түсіну

Сыни ойлау

Интернет, оқыту нұсқауылық стратегиясы

Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Сұрақтар беріледі.

Сабақ үстінде ауызша сұрақ-жауап сыни көзбен қарауға дағдыланады.

Оқушыларға жазықтықты түрлендіру деп нені түсінесіңдер? Фигураның бейнесі, түпбейнесі деген не?

Мысал келтір?

І топ. Тақырыптың идеясын ашады.

ІІ топ. Ережені қолданып есептейді.

ІІІ топ.Салыстырады.

IV топ. мәнін табады.


АКТ-ны қолдану


сергіту

Сергіту сәтін ұйымдастырады.

Бейнетаспадағы әуен арқылы жаттығу жасайды.

Қолдану

Диалог

Оқулық

Тапсырмалар орындалады. Фигураның симметрия центрі үнемі бола бере ме?

Мысал келтіріңдер.

Жаңа білімдерді қолданады. Ортақ ұқсастығын айтады. Оқулықтан есептер шығарады.

Талдау




АКТ-ны қолдану

Түртіп алу стратегиясы

Центрлік симметрияның қандай қасиеттерін білесіңдер? Егер координаталар бас нүктесі симметрия центрі болса, онда центрлік симметрия қалай анықталады?

Қатты әсер еткен жерлері. Оқулықтан есептер шығарады. Центрлік симметрияның қандай қасиеттерін білесіңдер? - сұрақтарға жауап береді.

Жинақтау

АКТ-ны

қолдану

қолдану

Есептер құрастырыңдар? (салыстырыңдар) Қандай да бір фигура салып,оған алдын ала белгіленген нүктеге қатысты симметриялы фигура салыңдар.

  • Фигураларды қалай түрлендіру қозғалыс деп аталады?

  • Түзу бойында жатқан нүктелер қозғалыс арқылы түзу бойында жатқан нүктелерге көшетінін және де олардың өзара орналасу реті сақталып қалатынын дәлелдеңдер

  • Қозғалыс арқылы түзулер, жарты түзулер, кесінділер не нәрсеге көшеді?

ІІІ Жаңа сабақ:

F фигурасын, оның әрбәр Х нүктесі берілген О нүктесіне қарағанда симметриялы Х ¹ нүктесіне көшетіндей F¹ фигурасына түрлендіру О нүктесіне қарағандағы симметриялы фигуралар деп аталады. Сонда F пен F¹ фигуралары О нүктесіне қарағанда симметриялы фигуралар деп аталады.

Теорема 1,2,3 73 бет практикалық жұмыс

Жаңа білімдерді қолданып есеп құрас-тырады.Түзуге қатысты симметриялы фигура салыңдар.

Жазықтықтың А нүктесі l түзуіне қатысты симметриялы Аэ нүктесіне бейнеленсе, онда мұндай түрлендіру жазықтықты l түзуіне қатысты симметриялы түрлендіру немесе осьтік симметрия деп, ал түзу - симметрия осі.

Теорема: Түзуге қатысты симметрия қозғалыс болады.

Теорема: Бұру қозғалыс болып табылады.


Үй тапсырмасын беру. Оқулықтан №250 орындап келіңдер.

Өз-өзін бағалайды, оқушының өздігінен ізденуі, бір-бірін бағалайды, сыни көзбен байқайды, өз-өзін салыстыра біледі. Өз деңгейін анықтайды.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау


Центрлік симметрияның қандай қасиеттерін білесіңдер? Егер координаталар бас нүктесі симметрия центрі болса, онда центрлік симметрия қалай анықталады? Фигураның симметрия центрі үнемі бола бере ме?

Мысал келтіріңдер.

Сабақта кері байланыс жасауды үйренеді.Оқушылар парақшаларды толтырады.

Не білдім? Не үйрендім? Не ұнамады? Сабақ несімен ұнады?


Ддд












1.Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты қалай анықтайды?

2.Центрлік симметрияның қандай қасиеттерін білесіңдер?

3.Егер координаталар бас нүктесі симметрия центрі болса, онда центрлік симметрия қалай анықталады?

4.Фигураның симметрия центрі үнемі бола бере ме?

5.Мысал келтіріңдер.

© 2010-2022