Жазба жұмыстарына қойылатын талап

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жазба жұмыстарына қойылатын талап

1.Жазба жұмысы таза,жүйелі,әрі сауатты отындалуы тиіс.

2.Жаңа программаға байланысты енгізілген символдар мен белгілеуелер орынды қолданылуы керек.Тапсырмалардың жету жолдарын тізбектеп те,амалға бөліп те жазуға болады.Оларды қалай да ең тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орындаған жөн.

3.Есеп мазмұнына сәйкес орындалатын қысқаша жазуларды,сызбалар мен суреттерді оның жету жолына кірістірмей,өз алдына бөлек орындалғаны жөн.Жауаптары жеке жолға бөлек жазылады.

Математика пәнінен жазба жұмысына қойылатын баға.

Оқушының орындаған жұмысына қойылатын баға тапсырманың көлемі мен сапасына қарай анықталады.

1.Барлық баға дұрыс орындалып,және де ең тиімді жету тәсілдері қолданылған болса,сонымен бірге қажетті есептеулер мен түрлендірулер мен сызбалар дурыс орындалса,жету жолы жүйелі де таза,әрі сауатты жазылса,сәйкес шамалардың атаулары келтіріліп,әрбір тапсырманың жету жолына жеткілікті түсіндірулер мен негіздемелер берілсе,әрбір тапсырманың,соның ішінде есептің толықта,тиянақты жауабы берілсе жазба жұмысына "5"(өте жақсы) деген баға қойылады.

2.Есепті немесе мысалдарды шығару барысында елеулі бір қате немесе кішігірім екі қате немесе 1-9 кемшілік (егер жұмыстың бұл түрлері тексерудің арнайы объектісі болып табылмаса) жіберілсе "4" (жақсы) деген баға қойылады.

3.Берілген тапсырманың Жазба жұмыстарына қойылатын талап бөлігі дұрыс орындалған болса немесебір қате және 3-4 кемшілік немесе тек қана екі қате жіберсе,онда "3"(қанағаттанарлық) деген баға қойылады.

4.Берілген тапсырма бойынша міндетті икемдікті меңгермегендігін көретін елеулі қателер жіберген болса немесе екіден артық қате және «3»кемшілік жіберсе,онда тапсырманың орындалуына «2»(өте нашар)деген баға қойылады.

5.Оқушының тексеріліп отырған тақырып бойынша міндетті бөліммен икемдікті меңгермеген немесе жұмыстың едәуір бөлігін өзі орындамаған оқушыға «1» қойылады.



Типтік қателер.

І.Амалдардын орындалу реті жайындағы білімді қолдану және амалдар жүргізу іскерліктері мен дағдыларын игеру деңгейін анықтау.

а)амалдардың орындалу реті ережесін дұрыс қолданбау.

ә)Жазбаша амал алгоритмдерінін кейбір кезеңдеріне сай әсіресе, көбейту мен бөлуді орындау кезінде ноль кездесетін жағдайда дұрыс іс-әрекет жүргізбеу.

б)Ондық бөлшектермен амалдар жүргізуде үтірдін қалпын дұрыс анықтамау.

в)Рационал сандармен амалдар орындағанда таңбаны дұрыс анықтамау.

г)Бөлімдер әртүрлі бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге дұрыс келтірмеу

ғ)Жай және ондық бөлшектер араласып келгенде оның бірінен екіншісіне ауысуда қиналу

д)Амалдардың заңдарын пайдаланып есептеулерді тиімді жүргізудің мүмкін жағдайларын ескермеу.

е)Әр түрлі өрнектерді дәрежелеу ортақ бөлгішке қысқарту сияқты қарапайым түрлендірулерді ,есептеулер жүргізуде тиімді қолданбау.

ІІ.Алгебралық өрнектермен тенбе-тең түрлендірулер жүргізу іскерліктер мен дағдыларын тексеру.

а) түрлендірулерді орындаудын рет тәртібін сақтамау.

ә) қосындыны, айырманы, көбейтіндіні, бөліндіні бөлшекке түрлендірудің мән-мағынасын жетік түсінбеудің салдарынан олардың бірінің орнына басқасын орындау.

б) бүтін өрнектің бөлімінен 1-ге тән болатынын ескермеу, бөлімдері әр түрлі бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге дұрыс келтірмеу.

в) бөлшектің бөлімін көбейткіштерге белгілі тәсілдермен дұрыс жіктемеу, бөлшекті ортақ көбейткішке қысқартпау, бөлшектің және оның бір мүшесінің танбасын қажет болғанда өзгертуді ескермеу.

г) қарапайым теңбе-тең түрлендірулердің (ұқсас мүшелерді біріктіру, қысқаша көбейту, теңбе-теңдіктердің қолдану, бір мүшені көпмүшеге және көпмүшені көпмүшеге көбейту т.с.с) кейбір жағдайларда дұрыс орындамау.

д) тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде сәйкес формулалардын дұрыс қолданылмауы.

ІІІ. Теңдеулерді, теңсііздіктерді және системаларды шешуді қандай дәрежеде игергендігін анықтау.

а) бөлімінде айнымалы бар теңдеулерді шешуде, бөліміді нольге айналдыратындай мәнді теңдеудің шешуі ретінде жауабын келтіру.

ә) бөлшектің, көбейтіндінің нольге тең болу шарттарын теңдеудің шешуін тапқанда дұрыс қолданбау.

б) сызықтық теңсіздіктерді шешкенде теріс санға теңсіздікті мүшелеп бөлгенде теңсіздік таңбасының қарама-қарсыға өзгеретінін ескермеу.

в) сызықтық теңсіздіктер системасын шешкенде оның құрамына енетін теңсіздіктер шешуін табумен шектеліп, системаның шешуін табудың қажеттігін ескермеу.

г) екі белгісізді теңдеулер системасын шешкенде алмастыру тәсілін дұрыс қолданбау және система шешуін парлар түрінде анықтамай, жекелеген айнымалының ғана мәндерін табумен шектелу.

ғ) графиктік тәсілмен теңсіздікті, теңдеуді және системалаларды шешуді қолдана алмау.

д) теңдеулерді, теңсіздікті және системаны шешу барысында орындалатын әр алуан түрлендірулерді дұрыс жүргізбеу,

ж) квадрат теңдеудің түбірлерін табудың формуласын дұрыс қолданбау.

IV. Тексті есептерді алгебралық әдіспен шығара алу іскерлігін нақты деңгейін анықтау.

а) есеп мазмұны бойынша қандай да бір белгісіздерді іріктеп алу және оларды әріптермен белгілеудің қажеттілігін ескермеу.

ә) теңдеу не система құрамына енетін өрнектерді дұрыс құрмау, яғни белгілі және белгісіз шамалардың, сондай-ақ белгілі шамалардың арасындағы тәуелділіктер мен байланыстардың, мән-мазмұнына орай іс-әрекет орындай алмау.

б) қажетті қағидалар, ережелер мен формулалардың, қандай-да болмасын амалды іріктеп алуда негіз болатын байланыстардың өрнектерді және теңдеулерді не системаны құруда дұрыс қолданылмауы.

в) теңдеу не система құруда теңестірілетін объектілерді не олардың шамаларын дәл анықтай алмау.

V. Қарапайым функциялар қасиеттерін әр түрлі мақсатта қолдана алу

іскерліктерін нақты деңнейін анықтау.

а) міндетті программалық функциялардың ( у=kx, у= Жазба жұмыстарына қойылатын талап , у= кх+l, y= ax2 , y= ax2 +вх+с) негізгі қасиеттерін (анықтау облысын, мәндерінің жиыны, графигі, өспелі не кемімелі т.с.с) еркін игермеудің салдарынан оларды, практикалық тұрғыдағы мәселелерді шешуде (функцияның анықталу облысын табу, сәйкес функцияның графигін салу, сәйкес функцияның графигі бойынша айнымалы х пен у-тің мәндерін табу, аргументтін мәнінің өзгерісіне байланысты, функция мәнінің өзгеру аралықтарын анықтау) қолдана алмау.

ә) функция қасиеттерін және олардан туындайтын негізгі қорытындыларды графиктік тәсілмен теңдеуді, теңсіздікті, системаларды шешуде қолдана алмау.

б) функция қасиеттерін оның графигін шамалап салуда қолдана алмау.

в) әр түрлі функциялар қасиеттерін бір-бірімен шатастыру.

КЕМШІЛІКТЕР

  1. Санның немесе цифрдың дұрыс көшіріліп жазылмауы, сондай-ақ әр алуан түзетулер.

  2. Оқушының ұқыпсыздығын берілгендердің дұрыс көшіріліп жазылмауы, есептеулерде кеткен қателіктер.

  3. Ұқыпсыздықтан есептеулерде және көру дәлдігінен кеткен қателіктер, сондай-ақ әр түрлі түзетулер - кемшіліктер болып табылады.

  4. Негізгі бөлім мен іскерліктерді оқушының жеткілікті толық және берік игере алмағандығын білдіретін кемшіліктер, сондай-ақ бір дағдайда дұрыс, ал екінші жағдайда қате орындаған қандай да бір түрлендірулер, есептеулер т.б. кездессе, оқушы ұқыпсыздығынан кеткен, бірақта берілген тапсырманың не оны шешу тәсілінің мән-мазмұнын өзгертуге киліктірмейтін кемшіліктер; математикалық терминнің және таңбаның дұрыс қолданылмауы, сызбаның ұқыпсыз орындалуы, кемшілік болып табылады.

© 2010-2022