6 - сыныптарға арналған Мәтінді есептерді шешу

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 - сыныптарға арналған Мәтінді есептерді шешу

Мұнайлы ауданы

№9 жалпы білім беру орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі Шабаева Қарлығаш Ұзақбайқызы

Жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру үшін мұғалім де заман талабына сай білім беруде шығармашылықпен жұмыс істеп, әр сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданып өткізуі тиіс. Іс жүзінде мәтінді есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу оқушының математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Берілген тақырыпқа бөлінетін сағат санының аздығына байланысты оларды өз дәрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Мен өз тәжірибемнен 6-сыныпқа өткізген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығару

Мақсаты:

Білімділік: мәтінді есептерді теңдеу арқылы шығаруды оқушыларға сол есептің шартымен танысып, оны элементар шарттарға ажыратуды, есепке талдау жасауды үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ой өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушының жеке қасиетін дамыту, білім дағдысын, ойлау белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға жағдай жасау, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабаққа қолданылатын әдіс тәсілдер: баяндау, жазбаша жұмыс.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,

Сабақтың барысы .

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Өтетін сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Бүгінгі сабағымызда мәтінді есептердің бірнеше қарапайым түрлерімен танысып, оларды теңдеу құру арқылы шығарамыз.

Сыныпта 860,861,862,864,876

№860 Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түптерінің санынан 2,5 есе артық. Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болды?

Шешуі:

1 жүйек 2,5х-12

2 жүйек х+12

2,5х-12=х+12

2,5х-х=12+12

1,5х=24

Х=24:1,5

Х=16 Жауабы: 16

№861 алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды. Алғашқыда кітапсөресінің арқайсысынданеше кітап болды?

Шешуі:

1 сөре (х-18)*3

2 сөре х+18

(х-18)*3=х+18

3х-54=х+18

3х-х=18+54

2х=72

Х=36 жауабы: 36

№862 Екі санның қосындысы 348-ге тең. Біріншісі санның 80%-і екінші саннан 6ға кем. Бірінші санды табыңдар.

1-cан 0,8х+6

2-сан х

0,8х+6+х=348

1,8х=342

Х=342:1,8

Х=190 жауабы: 190

864. дүкенге әрқайсысы 1,5 кг-нан және 1,8кг-нан барлығы 11 орам өрік әкелінді. 1,5 кг-нан оралған барлық өріктің массасы 1,8кг-нан оралған барлық өріктің массасына тең. Дүкенге арқайсысы 1,5 кг-нан неше орам өрік әкелінді?

1,5х=1,8(11-х)

1,5х=19.8-1.8х

1,5х=1,8х=19,8

3,3х=19,8

Х=19,8:3,3

Х=6 жауабы: 6 орам

III. Сергіту сәті. «Ойымды жалғастыр»

Жеті жұрттың тілін біл... (жеті түрлі ілім біл)

Білікті бірді жығар... (білімді мыңды жығар)

Жүз теңгең болғанша... (жүз досың болсын)

Бір кісі қазған құдықтан... (мың кісі су ішеді)

Отыз тістен шыққан сөз... (отыз рулы елге тарайды)

6 - сыныптарға арналған Мәтінді есептерді шешу

IV. Үлестірмелік тарату. 4 оқушыға 4 үлестірмелік беріп, сабақ соңында бағалаймын.

V. «ойын есебі»

№876

Алдаркөсе жасыл, қызыл және ақ қалпақтар, сұр, көк және қара шапандар, бір пар етік және бір пар бәтеңке бар. Алдаркөсе көршілерінің таңыркату үшін неше түрлі киіне алады?

Шешуі: Алдаркөсе 6 шапанмен 1 пар етікпен 6 рет және 6 шапанмен 1пар бәтеңкемен 6 рет шығады. Сонда Алдаркөсе көршілерін таңырқату үшін 12 түрлі киіне алады екен.


САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ: Алған білімдерін бір жүйеге келтіріп, пысықтау

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: №863, 865.

БАҒАЛАУ.

© 2010-2022