САБАҚТА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану


Мұсаева Жазира, "Бастауыш білім беру» мамандығының студенті

Жетекші: Сейдахметова Шарапат Рахымжанқызы, математика пәнінің

жоғары санатты оқытушысы

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.

Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгйге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.

Бүгінгі басты мәселеміз - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

ХХІ ғасыр-техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп пен колледжде компьютермен қамтамасыз етілді.

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-керек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі.

Оқушылардың білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.

Электронды оқулықтар-білім жүйесін ақпараттандыру негізі.

ХХІ ғасыр-ақпараттық технология ғасырында география сабағы да ақпараттандыру керек. Қазіргі кезде Республикалық білім беруді ақпараттандыру орталығы білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы басқарумен шығарылады. Электронды оқу автоматтандырылған оқу процесі. Электрондық оқулық дегеніміз кітаптағы материалдардың компьютерге енгізілуі. Электрондық оқулық оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп жасалып, бір-біріне байланысты төрт бөліктен тұрады.

1. Электрондық оқулықтың мотивациялық-мақсаттық компоненті.

2. Электрондық оқулықтың мазмұндық компоненті.

3. Электрондық оқулықтың операциялық компоненті.

4. Электрондық оқулықтың нәтижелік бақылау компоненті.

Электрондық оқулықтың мотивациялық-мақсаттық компоненті модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз-жергілікті жүйілік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын түйіні болып саналады.

Электрондық оқулықтың мазмұндық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін-терминдерден, ұғымдардан, әр түрлі кестелерден, график, диаграммалардан тұрады.

Электрондық оқулықтың операциалық компонентін интернативті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асады.

Электрондық оқулықтың нәтижелік-бақылаукомпоненті тест алу жолдарымен жүргізіледі. Электронды оқулықта тесттердің екі түрлі берілген. Дұрыс бір жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында оқушы өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көре алады. Ең соңында нәтижесі сапалық көрсеткіш арқылы көрсетіледі. Мысалы, бір модульдің тест тапсырмалары барлығы 20 сұрақ, оның 17-і дұрыс жауап, ал қалған 3-і қате жауап болса. Сапа 86 % болды. Осы арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды.

Электронды оқулықпен жұмыс жасау оқушының колледжде оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып, табылады. Электрондық оқулықтардың жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.

Мұғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.

Электрондық оқулық - қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сай келетін оқулық. Электронды оқулық колледж оқушыларының сыныптан тыс өз бетімен жұмыс істеуге толық, мүмкіндік туғызады. Оқулықтың модульдік жүйеге негізделіп құрылғаны, осы оқулықтың тиімділігін айқындай түседі.

Электронды оқулық дисплей экранында көрінетін жәй ғана нәрсе емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады.

Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал, өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де әрбір баланың бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.

Модульдерге берілген алгоритм оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, білім алу кезіндегі белсенділігі арта бастайды. Электронды оқулықта пайдалану оқытушының да ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Болашақта бірыңғай ақпараттық кеңістікте тәрбиелеу керек.

Республикалық білім ақпараттандыру орталығы әзірлеген электронды оқулықтар бүгінгі күннің білім берудегі өзекті мәселелерін шешетін өнім болып табылады.

Электронды оқулықтарды жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде пайдалану - алғашқы қадам, бірақ бұл білім жүйесін дамытудың көрнекті белесі, ол оқытушының қазіргі кездегі ролін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Барлық оқулықтардың материалдарын модульдік түрде құрастыру оның мазмұнын бірыңғай тұрғыдан қарастыруға негізделген. Оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен жас ерекшелігіне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесі арқылы жалпыдан жалпыға, нақтыдан нақтылыққа көтерілу электронды оқулықтардың кәдімгі оқу құралдарынан, оның ішінде соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екеніне күмән жоқ.

Оқыту үрдісіне ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады.

Мәселен, электронды оқулыпен жұмыс жасағанда, компьютерлік бағдарламада таңдап алған тараудың барлық тақырыптардың теориялық материалдары, есеп шығару үлгілерін, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалары, оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмамалары беріледі және топ оқушыларының әрқайсысына жеке-жеке нұсқаулар бойынша жұмыс жүргізуге қолайлы.

Бұндай бағдарламалардың ерекшелігі сол, уақытты да үнемдейді, оқытушының жеке жұмысын жеңілдетеді.

Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді: оқу материалын терең түсінуге; оқу мотивациясының артуына; алған білімінің ұзақ уақыт есте сақтауына; білім беруге жұмсалатын жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі, бұл оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушы шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру назардан тыс қалмауға тиіс.

Олай болса оқушыларға ғылыми білім беру, оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату, шығармашылық қабілетін жеке тұлға етіп қалыптастыру колледж оқытушыларына талаптар қояды.

Ендеше мұндай заман талабынан сай осы пәнді қызықтыру арқылы, оқушыға ғылымның күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру, ғылым мен техника жаңалықтарын өз сабағында тиімді пайдалану арқылы жаңа технологияны іске асыру қажет.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесін оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беру ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағытталған оқыту мақсаттарын жүзеге асырып отыру, оқу-тәрбие үрдістерінің барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Сондықтан да колледж оқушыларын ғылым мен білімнің қоғамға қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, олардың отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарымен сусындату басты міндет. Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу білімнің тереңдігімен өлшенеді.

Үздіксіз өзгеріп отырған әлем адамнан қабілет пен қажеттіліктерді дамытуды талап етеді. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай бұрын оқушының ойлау қабілетін, оқу, көру, есту арқылы дамытсақ, қазір ақпараттық технологияларды пайдаланып оқытудың ролі ерекше.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

  2. «Математика және физика» №6, 2010 жыл.

  3. «Қазақстан мектебі» №6, 2006 жыл.


© 2010-2022