Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту шығармашылық жұмыс

Раздел Математика
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты -оның пәнге деген қызығушылығын дамыту арқылы ғана жете алады. Пәнге танымдық қызығушылықты дамыту жолының шарттары бар: ол бұрын жария етілген факттілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материялға, тарихи бағдар беру, ілімінің практикалық мәнін ашып көрсету, ғылымның соңғы жаңалақтарын жүйелі баяндау.Өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлерін, оқытудың проблемалық әдісін меңгеру. Оқушының қабілетін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қаблеттілігіне көтермелей білу, және өз ара бәсекелестікте көмек көрсете білу.

Математика сабағында оқушының назарын аударатын әр түрлі қызғылықты материалдар, тартымды есептер, математикалық софизмдер мен ойындар сабақта өзінің орнын табу керек. Мұндай есептер оқушының математика деген ынта ықыласын арыттырып,өз бетінше есептерді шығаруға итермелейді және логикалық ой -өрісін дамытады. Бір сарынды есептер шығарудан шаршамас үшін әртүрлі математикалық жарыстар, ойындар ұйымдастырғаны жөн. Ойындар ұйымдастыруда мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деп В.Ф.Сухомлинский айтқандай ойын ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты дамытады.Ойынсыз ақыл -ойдын, қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес.Ол арқылы оқушының рухани сезімі, өмірмен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады.


© 2010-2022