Мектептегі іс-тәжірибе кезіндегі іс-әрекетті зерттеу туралы рефлексивті есебі

І бөлім. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздарымыздың болмысын заманауи талаптарға сай шыңдай түсу қажеттігін негізгі құндылық ретінде айрықша атап өткен болатын. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде Білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «21 ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңыздығы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды 21-ғасырға қалай дайындайды?». Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны осы екінші мәселені шешуге бағытталған. Мен де екінші деңгейлік курстың мазмұнын ұққаннан кейін осы кезге дейінгі пайдаланып келген іс-тәжірибемді өзгерту керектігін түсіндім. Өзіме «Мен не үшін өзгеруім керек?» – деген сұрақ қойып, соған жауап іздедім. Бұл сұраққа жауап беру үшін бұрынғы білім беру тәсілі мен қазіргі білім беру тәсілдерін салыстырғым келеді. Біріншіден, мұғалімнің жұмысын басқа мамандық иелерімен салыстыратын болсақ, олар тәжірибесі молайған сайын таңдаған мамандығының қыр-сырын меңгеріп шығады. Өзінің жұмысы жайлы кез-келген сұраққа жауап береді. Мұғалім де үнемі ізденіс үстінде болса ғана, оқушыны өзіне тарта алады, сый-құрметіне ие болады. «Өзінің білімін жетілдірмеген ұстаз – ағынсыз сумен тең» – дейді халық даналығы. Екіншіден, бұрын бізге оқушы тек оқу-білім үйрететін нысан болса, қазіргі оқушы – өз ойын ашық айта алатын, өзіндік дәлелдерін еркін жеткізе білетін, ынталы тұлға. Оқушы бұрын тек дайын білімді алса, қазір ол жеткіліксіз. Енді ол мектепте алған білімін кез-келген жағдайда пайдалана білетін құзіретті болуы керек. Оқушының мінез-құлқын өзгерту үшін, алдымен, біз өзіміз өзгеруіміз керек. Осы өзгерістерді жүзеге асыру үшін осы мектептегі «Бетпе-бет» кезеңінде іс-әрекетті зерттеу үшін жеті модуль арасынан «Топпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың өздігінен есеп шығару дағдысын жетілдіру» деген тақырыпты таңдап алдым. Математика пәні қиын пән болғандықтан оқушылардың барлығы бірдей қызығушылық танытпайды. Сондықтан да Ұлттық Бірыңғай Тестілеу сынағы кезінде оқушылардың көбі математика пәнінен аз ұпай алады. Өзімнің таңдап алған сыныбым 11сынып болғандықтан оқушылардың өздігінен есеп шығару дағдысын топпен жұмыс барысында жетілдіру мен үшін де, мектеп үшін де келелі мәселе болып тұр. Бұл мәселе мектептің даму жоспарына «Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындау сапасын арттыру» деген тақырыппен енгізіліп, жауапты топтың құрамына мен енгізілген болатынмын. Қазіргі кезде сынып оқушыларының ішінде төрт-бесеуі математика пәнінен 10-11 ұпай алып жүр. Топтық жұмыс барысында әрбір есептің шығарылу жолын бір-бірлеріне түсіндіру арқасында олардың есеп шығаруға деген қызығушылықтары артып келе жатыр. Егер бұл оқушылар осы қызығушылықтарын ары қарай жалғастырса Ұлттық Бірыңғай Тестілеу сынағында 12 ұпайға қол жеткізер еді. Бұл менің сыныбым үшін де, мектебім үшін де аса маңызды. Себебі, оқушымның аттестатына «жақсы» деген баға түседі, ал, мектебіміздің қала мектептерімен салыстырғанда рейтингтегі орны жоғарылайды. Осы алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін біз оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуіміз керек. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта: «Мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» – деп жазылған ( 25- бет). Әр мұғалім – өз сабағының көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты болады. Менің оқытудағы міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту деп есептедім. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мектептегі «Бетпе-бет» кезеңінде өзімнің іс-тәжірибеме топпен жұмыс істеу, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау сияқты өзгерістер енгізіп, сабақ үстінде және сынып сағатында пайдаланып отырдым. Сабақты бұлай түрлендіріп өткізу менің оқушыларыма өте ұнады. Сыныптың барлық оқушылары сабақ барысында өткізілген тақырып бойынша постер қорғау, қиындығы жоғары ҰБТ есептерін тақтада талдау, топқа бөліну, сергіту сәті, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалауға асқан қызығушылықпен қатысты. Оны олардың салған постерлерінен, шығарған тақпақтарынан, берген сұхбаттарынан көруімізге болады. Өзім 11 сыныптың жетекшісі болғандықтан оқушылардың ішінен А, В, С оқушыларын таңдап алып, сабақ үстінде үнемі бақылап отырдым. Мен А оқушы ретінде оқу озаты Тұрсынғали Мархабатты алдым. Оқушының есте сақтауы, зейіні өте жақсы. Логикалық ойлау дәрежесі де жоғары, тек мінезі тұйықтау. Өздігінен есеп шығару дағдысы қалыптасқан. Мұны оқушының ҰБТ сынақтарынан жоғары ұпай алып жүргендігімен дәлелдеуіме болады. Мархабат барлық сабақтарға өте қызығып, белсенді қатысты. Суретті өте жақсы салатындықтан постерлерді өзі көркемдеп, топ атынан қорғауға шығып отырды. Маған, әсіресе, оның «Туынды тақырыбына қайталау есептерін шығару» сабағында шығарған постері мен тақпағы өте ұнады. Оқушы ҰБТ-ге арналған тәрбие сағатына да белсене қатысты. Оқушы сабақ соңындағы кері байланыста «Сабақтың өту форматы керемет!» – деп өз пікірін айтты. Мархабат өзіне топтық сабақтардың ұнағандығы жайлы өзінің сұхбатында айтқан болатын (1–бейнежазба). Ал, В оқушы ретінде оқу екпіндісі Әміржанов Қайранды алдым. Оқушының есте сақтауы өте жақсы болғанмен, зейіні тұрақты емес. Логикалық ойлау дәрежесі жоғары , бірақ өздігінен есеп шығару дағдысы толық қалыптаспаған. Өзіне талап қоюшылығы жеткіліксіз. Мен Қайранда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің пайда болуына жұмыс жүргіземін. Егер ондай қасиет пайда болса, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Қайран барлық сабақтарға белсенді қатысып, постер қорғауға шығып отырды, өз ойынан тақпақ құрастырды, есептерді талдауға белсенділікпен қатысты. Ол «Логарифм тақырыбына қайталау есептерін шығару» сабағында топтың атынан постерді өте жақсы қорғап, басқа топтардың сұрақтарына дұрыс жауап берді. Оқушы ҰБТ-ге арналған тәрбие сағатында да постер қорғаған болатын. Қайранға жаңа форматта өткізілген сабақтар өте ұнады (2–бейнежазба). Ал С оқушы ретінде оқу деңгейі орташа, математика пәнінен «3» бағаға үлгеріп жүрген Жандуллаева Әселді алдым. Оқушының есте сақтауы мен зейіні орташа. Өздігінен есеп шығару дағдысы толық қалыптаспаған, өзіне деген сенімділігі аз. Оқушы алгебрадан өткізілген сабақтарға өз тобында жақсы араласып, А деңгейінің есептерін өздігінен шығарып көрсетті, ал В және С деңгейлерінің есептерін талқылауға қатысып отырды. «Туынды тақырыбына қайталау есептерін шығару» тақырыбындағы төртінші сабақта тобының атынан постер қорғауға қатысты. Әсел өзінің берген сұхбатында топтық жұмыс барысында өзінің түсінбей қалған кейбір есептерін осы топтық жұмыс барысында түсінгенін айтқан болатын (3–бейнежазба). Топтық талқылауда оқушылар берілген тақырыпты топ ішінде талқылап тақырыпты жан–жақты қарастыруға мүмкіндік алады. және мұнымен шектелмей, өзге топтың жұмысымен салыстыра отырып, бағалау барысында түйінді ойға келе алады. Мұнда оқушылар арасында сенімді қарым–қатынас қалыптасып, «жақын арадағы даму аймағында» тапсырманы өзі орындайды. Топтық жұмыста түрлі пікірлерді және сол пікірлерге қарама–қарсы пікірлерді тыңдай отырып, оқушы өзіндік талдау нәтижесінде бір тұжырымға келеді. Яғни, оқушының бойында сын тұрғысынан ойлау қалыптасады. Оқушы талқылауда білімді 50% игерсе, өзге серіктесіне түсіндіруде немесе жұмысты қорғауда 90% игереді. Мұны біз мұны оқушылардың алған ақпараттың сақтауының орташа пайызын көрсететін «Оқу пирамидасынан» көруімізге болады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 27-бет). Топтық жұмыстың тағы да бір тиімділігі білімді сан қырынан қарастыра отырып, игерілуінде. Бұрын дәстүрлі оқытуда оқушыға білім беріліп, ол білім аз уақытта ұмытылып немесе өмірлік іс–тәжірибеде қолданылусыз қалатын. Себебі балаға берілген білім қайта қозғаусыз, жаттанды күйде есте сақталатын. Cындарлы оқытуда оқушы білімді алып, оны қайта ой елегінен өткізе отырып, бір тұжырымға келіп, өз пікірін ортаға салады. Сонымен қатар, өзгелердің ой–пікірлерімен салыстырып, қайта қорытынды жасайды. Оқушылар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта «Оқушы оқу үрдісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер екі жағын да қадағалай білуі тиіс» – деп жазылған (25- бет). Сыныпта өткізілген сабақтарға оқушылардың белсенді қатысуы олардың бойында пәнге деген қызығушылықтың, талап қойғыштықтың пайда болуын көрсетеді. ІІ бөлім. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп Сыныпта өткізілген тізбектелген төрт алгебра сабағы мен бір тәрбие сағатында оқушылардың жұмыстары толығымен суретке түсірілді. Таңдап алынған А, В, С оқушылардың сабаққа қалай қатысқандығына бақылау жүргізіп отырдым. Сабақ барысында топ басшылары топ мүшелерін өздері бақылап, бақылау парақтарына бағалап отырды. Ал постерді барлық топ қорғап біткен соң, топтар бірін-бірі бағалады. Балалардың тақырыпты қалай түсінгендігін білу үшін «Ыстық орындық» тәсілімен ауызша есептер шығарылды. Барлық сабақтарда да 2014 жылғы ҰБТ кітапшаларынан тақырыпқа байланысты есептер беріліп, топта талқыланып бір-бірлеріне түсіндірген соң, топ мүшелерінің бірі тақтаға шығып қорғап отырды. Бұл сабақтардың барысында оқушылар өз топтарының түсінбей отырған оқушыларына есептің шығарылу жолын түсіндіріп отырды. Сыныпта «Логарифм» тарауын қайталау сабағында оқушылар геометриялық фигуралар арқылы «жұлдызша», «төртбұрыш», «үшбұрыш», «трапеция» топтарына бөлінді. Сабақ барысында интербелсенді тақта, деңгейлік тапсырмалар, ҰБТ кітапшалары пайдаланылды. Интербелсенді тақтада топтарға есептер көрсетіліп, оқушылар есептерді топта талдап, шығарып көрсеткен соң ғана тақтадан есептің шығарылу жолы ашылып көрсетілді. Бұл сабақта А оқушы бір топта, ал, В, С оқушылар екінші топта отырды. А оқушы өз тобында басқаларға есеп шығаруға көмектесіп отырды, ал В, С оқушылары отырған топта математикадан «5» деген бағаға шығып жүрген Қадыр Оразбек басқа оқушылар ға қиын есептерді шығару барысында көмек беріп отырды. ҰБТ кітапшасынан логарифмге берілген күрделі есептерді топтарында талдап, постерге шығару жолын толығымен жазып, кейіннен топтың бір мүшесі постерді қорғады. Мұнда дәстүрлі сабақта белсенділік көрсетпейтін Дүзелбаева Айгүлдің постерді қорғауға шыққаны, топпен жұмыстың тиімділігін көрсетеді. Сыныпта «Туынды» тарауын қайталау сабағында оқушылар теңгелер арқылы «бестік», «ондық», «он бестік», «жиырмалық» топтарына бөлінді. Сабақта А мен С оқушылары бір топта отырды. Сабақ кезінде А оқушы мен В оқушы тақпақ шығарып, постер қорғады. Сабақ барысында өткізілген «Ақшақар» тренингіне оқушылар қызығушылықпен қатысты. Оқушылар өздері қорытынды жасады. Қызықтысы сол, бірге жүретін Айғаным мен Аяжанның жасаған ақшақары екеуі екі жерде отырса да бірдей болып шықты. Сергіту сәтінде интербелсенді тақтада логикалық тапсырмалар көрсетілді. Бұл есептерді шешу үшін оқушылардың «сын тұрғысынан» ойлануларына тура келді. Бұл есептерді математика пәнінен «5-тік» бағаға шығып жүрген Мархабат (А оқушы) пен Оразбек бірінші шығарды. Бұл олардың «сын тұрғысынан ойлау» деңгейлерінің жақсы дамығандығын көрсетеді (4–бейнежазба). Сынып оқушылары Блум таксономиясы тәсілімен «Иррационал теңдеулер» тарауына қайталау есептерін шығаруға өткізілген сабақта «Натурал сандар», «Бүтін сандар», «Иррационал сандар», «Рационал сандар» топтарына бөлінді. Білу деңгейінде оқушылар өз топтары туралы таныстырып өтті. Сабақ барысында интербелсенді тақта, деңгейлік тапсырмалар, ҰБТ кітапшалары пайдаланылды. Түсіну деңгейінде «Ыстық орындық» ойыны арқылы интербелсенді тақтада топтарға есептер көрсетіліп, есептер ауызша шығарылды. Қолдану деңгейінде әр топқа қиындық деңгейлері бірдей тапсырмалар беріліп, топ мүшелері бір-біріне түсіндіре отырып шығарды. Талдау деңгейіндеС тобының қиындығы жоғары есептерінен әр топқа бір есептен берілді. Топ мүшелері орындарында есепті талдап, ішінен біреуі тақтаға шығарып көрсетті. Жинақтау деңгейінде «Құндылықтар спектрі» әдісін пайдалана отырып, топтарға ҰБТ тапсырмалары берілді. Мұнда берілген есептердің қиындық дәрежесі бірте-бірте артып отырды. Бағалау деңгейінде оқушылардың сабақ барысындағы бағалау парақшасы мен топ атынан есеп қорғау нәтижесі бойынша оқушыларға баға қойылды. Сабақта А мен В оқушылары бір топта отырды. А оқушы В оқушыға С тобы есептерінің түсінбеген жерлерін түсіндіріп, осы есепті тақтада постермен В оқушы қорғады. В оқушы постер қорғауда Сабақтан алған әсерлерін, сабақта шығарылған есептерді қандай деңгейде түсінгендігін білу үшін кері байланыста стикерлер берілді. Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып, оны плакатқа салынған «білім ағашына» апарып жапсырды. Оқушылар «білім ағашына» жапсырған стикерлерінде сабақтың өте қызықты өткенін, көп нәрсе үйренгендерін, сабақтың өткізілуінің топтық әдісі өздеріне ұнайтындықтарын жазды. Сыныпта «Квадрат теңсіздіктерді шешу» тақырыбына Блум таксономиясы тәсілімен өткізілген сабақта оқушылар «түзу», «парабола», «гипербола», «кубпарабола» графиктерін таңдап алуларына байланысты төрт топқа бөлінді. Білу деңгейінде әрбір топ өздеріне берілген функцияның қасиеттеріне сипаттама береді. Түсіну және қолдану деңгейінде интербелсенді тақтаның көмегімен квадрат теңсіздіктерді шешуге берілген есептерді (А,В) шығару берілді. Әр топтан оқушылар шығып А,В тапсырмаларын тақтада шығарып түсіндіріп өтті. Оқушылар өз топтарына берілген тапсырманы орындады. Тобының оқушысы есепті шығара алмаса немесе қате жіберсе, оған ең бірінші өзінің тобы, егер олар орындай алмай жатса басқа топтың мүшелері көмектесті. Талдау деңгейінде С тобының қиындығы жоғары есептерінен әр топқа бір есептен беріледі. Топ мүшелері орындарында есепті талдап, ішінен біреуі постермен тақтаға шығарып көрсетті. Мұнда «түзу» тобының постерінде графиктегі үш жағдайдың біреуінде қате кетті, ал, «кубпарабола» тобының постерінің графигінде қателіктер болды. Бұл қателіктерді топтар бірін-бірі бағалағанда өздері анықтады. Есептері дұрыс шығарылып, математикалық тілде қатесіз қорғалған постерлерге «үлкен жұлдызша», ал қате жіберген топтар «кішкентай жұлдызша» алды немесе «жұлдызшасыз» қалды. Сабақтарда көп белсенділік танытпайтын Галиев Асхат деген оқушымның постер салуға белсенді араласқандығын байқадым. Жинақтау деңгейінде«Айналмалы бекеттер» әдісін пайдалана отырып, топтарға ҰБТ тапсырмаларын берілді. Топта есептер шығарылып, түсіндірілді, талданды. Әр топ шектеулі уақытпен берілген деңгейлік тапсырманы орындап, келесі топтың тапсырмасын толықтырды. Бағалау деңгейінде оқушылардың сабақ барысындағы бағалау парақшасы мен топ атынан есеп қорғау нәтижесі бойынша оқушыларға баға қойылды. Сабақтан алған әсерлерін, сабақта шығарылған есептерді қандай деңгейде түсінгендігіне байланысты кері байланыста таудың суретіне өздерінің атын жазу тапсырылған болатын. Мұнда шыңның басына жеткен үш оқушы математикадан «5» бағаға шығып жүрген Мәдина, Айғаным, Мархабат (А оқушы) болды. Қалған оқушылар өз аттарын білім деңгейлеріне сәйкес белгіледі (5–бейнежазба). Бұл сабақ бойынша оқушылардың пікірлері мынандай болды: «Сабақтың өту форматы керемет!», «Маған сабақ өте қатты ұнады, Анар апайға рахмет!», «Сабақ өте қызықты өтті, бірігіп жұмыс істедік!». Мерсердің (2005) «құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады» деген пікірінің дұрыстығын оқушылардың белсенділігінің артқанынан көруімізге болады. Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Оқушылар сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істегенде оларда ортақ проблема болды, бір-бірінің идеяларын талқылады, баға берді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырды. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланды. ІІІ бөлім. Қорытынды және талдау Маған іс-тәжірибеге өзгерістер енгізе отырып жаңа үлгіде өткізген сабағымда топтардың біріне ылғи жақсы оқитын оқушылар, ал екіншісіне орташа үлгерімді оқушылар түсті. Ол топ басқа топтармен бәсекелесе алмай, ішіндегі жалғыз жақсы оқитын Еркін басқа топтардан жеңіліп қалған соң өте көңілсіз болып қалды. Бастапқы сабақтарда оқушылар бағалау парақтарына баға қоюды ұмытып немесе нақты бағаны қоймай жүрді. Таңдап алған А, В, С оқушылардың, сынып оқушыларының сабақ үстінде білім алғандығы туралы фотосуреттерін, сұхбаттарын, сауалнамаларын жинақтадым. Сынып оқушыларынан өзін-өзі басқару деңгейлері туралы сауалнамалар алдым. Төменде таңдап алған А,В,С оқушылардың топпен жұмыс істеп болғаннан кейін кез-келген жағдайда өздерін басқарулары туралы берген жауаптарын көрсетіп отырмын. А оқушы МАРХАБАТ Ешқашанн Сирек Кейде Әдетте Әрқашан Топпен жұмыс істеу Топ қатысушылар менің достарым болмаса да, мен кез-келген топта жұмыс істей аламын 1 2 3 4 5 Мен өз идеяларымды серіктестеріммен талқылап, келісімге келе аламын. 1 2 3 4 5 Мен топты басқарып немесе басқаларға көмектесу үшін өз мінезімді өзгерте аламын. 1 2 3 4 5 Мен өздерінің көзқарастарымен бөлісу үшін адамдарға түрткі бола аламын және оларды тыңдай білемін. 1 2 3 4 5 Мен топта жауапкершілік ала білемін және топ жұмысына жақсы үлес қоса аламын 1 2 3 4 5 Мен жұмысты жақсарту жөнінде жақсы кеңес бере аламын және менің атыма айтылған кеңесті қабылдаймын 1 2 3 4 5 Ұпайлардың жалпы саны: 30 В оқушы ҚАЙРАН Ешқашанн Сирек Кейде Әдетте Әрқашан Топпен жұмыс істеу Топ қатысушылар менің достарым болмаса да, мен кез-келген топта жұмыс істей аламын 1 2 3 4 5 Мен өз идеяларымды серіктестеріммен талқылап, келісімге келе аламын. 1 2 3 4 5 Мен топты басқарып немесе басқаларға көмектесу үшін өз мінезімді өзгерте аламын. 1 2 3 4 5 Мен өздерінің көзқарастарымен бөлісу үшін адамдарға түрткі бола аламын және оларды тыңдай білемін. 1 2 3 4 5 Мен топта жауапкершілік ала білемін және топ жұмысына жақсы үлес қоса аламын 1 2 3 4 5 Мен жұмысты жақсарту жөнінде жақсы кеңес бере аламын және менің атыма айтылған кеңесті қабылдаймын 1 2 3 4 5 Ұпайлардың жалпы саны: 26 С оқушы ӘСЕЛ Ешқашанн Сирек Кейде Әдетте Әрқашан Топпен жұмыс істеу Топ қатысушылар менің достарым болмаса да, мен кез-келген топта жұмыс істей аламын 1 2 3 4 5 Мен өз идеяларымды серіктестеріммен талқылап, келісімге келе аламын. 1 2 3 4 5 Мен топты басқарып немесе басқаларға көмектесу үшін өз мінезімді өзгерте аламын. 1 2 3 4 5 Мен өздерінің көзқарастарымен бөлісу үшін адамдарға түрткі бола аламын және оларды тыңдай білемін. 1 2 3 4 5 Мен топта жауапкершілік ала білемін және топ жұмысына жақсы үлес қоса аламын 1 2 3 4 5 Мен жұмысты жақсарту жөнінде жақсы кеңес бере аламын және менің атыма айтылған кеңесті қабылдаймын 1 2 3 4 5 Ұпайлардың жалпы саны: 23 Топпен жұмыс істеу сауалнамасының салыстырмалы диаграммасы Бұл диаграммадан А оқушының кез-келген топта өзін-өзі көрсете алатындығын, өз идеяларын серіктестеріммен талқылап, келісімге келе алатынын, топ мүшелеріне көмек көрсете алатындығын көруімізге болады. В оқушы кез-келген топта өзін-өзі көрсете алатындығын, өз идеяларын серіктестеріммен талқылай алатынын, топ мүшелеріне қолынан келгенше көмек көрсете алатындығын көруімізге болады. С оқушы кез-келген топта жұмыс істей алатындығын, өз идеяларын серіктестеріммен талқылай алатынын және өз атына айтылған кеңесті қабылдайтынын көруімізге болады. Сынып оқушыларынан шығармашылықпен жұмыс істеулері туралы сауалнамалар алдым. А,В,С оқушылардың топпен жұмыс істеп болғаннан кейін шығармашылықпен жұмыс туралы берген жауаптарын көрсетіп отырмын. А оқушы Ешқашан Сирек Кейде Әдетте Әрқашан Шығармашылықпен жұмыс істеу Мен мәселені шешу үшін немесе тапсырманы орындау үшін бірегей және жаңа идеялар ойлап табамын 1 2 3 4 5 Мен жаңа сұрақтар қойып немесе жаңа саланы зерттей отыра, өзімнің оқуымды кеңейту әдістерін ойлап таба аламын 1 2 3 4 5 Мен түрлі сабақтар мен түрлі уақыттарда үйренгенімнің барлығын біріктіре аламын 1 2 3 4 5 Мен өзімнің және басқа біреудің ойлағанының дұрыстығын тексеру үшін сұрақтар қоя білемін 1 2 3 4 5 Мен жұмыстың түрлі әдістерін байқап, жұмысты аяқтағанша дейін оларды ұстана аламын 1 2 3 4 5 Мен жаңа жағдайларға бейімделу үшін өз ойларымды өзгерте аламын 1 2 3 4 5 Ұпайлардың жалпы саны: 30 В оқушы Ешқашан Сирек Кейде Әдетте Әрқашан Шығармашылықпен жұмыс істеу Мен мәселені шешу үшін немесе тапсырманы орындау үшін бірегей және жаңа идеялар ойлап табамын 1 2 3 4 5 Мен жаңа сұрақтар қойып немесе жаңа саланы зерттей отыра, өзімнің оқуымды кеңейту әдістерін ойлап таба аламын 1 2 3 4 5 Мен түрлі сабақтар мен түрлі уақыттарда үйренгенімнің барлығын біріктіре аламын 1 2 3 4 5 Мен өзімнің және басқа біреудің ойлағанының дұрыстығын тексеру үшін сұрақтар қоя білемін 1 2 3 4 5 Мен жұмыстың түрлі әдістерін байқап, жұмысты аяқтағанша дейін оларды ұстана аламын 1 2 3 4 5 Мен жаңа жағдайларға бейімделу үшін өз ойларымды өзгерте аламын 1 2 3 4 5 Ұпайлардың жалпы саны: 26 С оқушы Ешқашан Сирек Кейде Әдетте Әрқашан Шығармашылықпен жұмыс істеу Мен мәселені шешу үшін немесе тапсырманы орындау үшін бірегей және жаңа идеялар ойлап табамын 1 2 3 4 5 Мен жаңа сұрақтар қойып немесе жаңа саланы зерттей отыра, өзімнің оқуымды кеңейту әдістерін ойлап таба аламын 1 2 3 4 5 Мен түрлі сабақтар мен түрлі уақыттарда үйренгенімнің барлығын біріктіре аламын 1 2 3 4 5 Мен өзімнің және басқа біреудің ойлағанының дұрыстығын тексеру үшін сұрақтар қоя білемін 1 2 3 4 5 Мен жұмыстың түрлі әдістерін байқап, жұмысты аяқтағанша дейін оларды ұстана аламын 1 2 3 4 5 Мен жаңа жағдайларға бейімделу үшін өз ойларымды өзгерте аламын 1 2 3 4 5 Ұпайлардың жалпы саны: 19 Оқушылар А оқушы В оқушы С оқушы Ұпай саны 30 26 19 Бұл диаграммадан А оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындығын, өз ойын жеткізе білетіндігін, басқа біреудің ойлағанының дұрыстығын тексеру үшін сұрақтар қоя білетіндігін көруімізге болады. В оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындығын, өз ойын жеткізе білетіндігін, басқа біреудің ойлағанының дұрыстығын тексеру үшін сұрақтарды қоюға тырысатындығын көруімізге болады. С оқушының өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеу дәрежесінің төмен екендігін, басқа біреудің ойлағанының дұрыстығын тексеру үшін сұрақтар қоюдың қиынға соғатынын көруімізге болады. «А», «В»,«С» оқушылардан «Туынды тақырыбына қайталау есептерін шығару» сабағынан кейін алынған сауалнама Сұрақтар А оқушы В оқушы С оқушы Жаңа үлгідегі сабақ ұнады ма? өте ұнады өте ұнады өте ұнады Сабақтың қандай тұстары ұнады? Сабақтың өткізілу тәсілі, әсіресе топ атынан постер қорғау,шығармашы- лығымызды көрсету ұнады. Мен сурет салып, тақпақ шығардым, постерді қорғадым. Маған сабақтың барлық кезеңдері ұнады. «Ақшақар» тренингі» маған өте ұнады. Мен сурет салып, тақпақ шығардым, постер қорғадым. «Ақшақар» тренингі» маған өте ұнады.Сабақ үстінде есепті ақылдаса отырып шығару өте ұнады. Сабақта қандай әрекеттерге қатыстыңыз? Постерді қорғауға, тапсырмаларды орындауға,топтарды бағалауға қатыстым Постерді қорғауға, тапсырмаларды орындауға, бағалауға Постерді қорғауға, топтарды бағалауға Табыс критерийлері арқылы бағалау саған ұнады ма? Неліктен? Ұнады, себебі топтарды, бір-бірімізді нақты бағаладық және қателіктерімізді түсіндік. Есеп шығару барысында неден қате жіберетінімді топта талқылау барысында түсіндім. Ұнады, енді үйде осы тақырыпқа ҰБТ есептерін шығарамын. Топтық жұмыс сізге ұнады ма ? өте ұнады өте ұнады өте ұнады «А», «В»,«С оқушылардан «Логарифм тақырыбына қайталау есептерін шығару» сабағынан кейін алынған сауалнама Сұрақтар А оқушы В оқушы С оқушы Жаңа үлгідегі сабақ ұнады ма? өте ұнады өте ұнады өте ұнады Сабақтың қандай тұстары ұнады? Сабақтың өткізілу тәсілі, әсіресе топ атынан постер қорғау ұнады. Сабақтың өткізілу тәсілі, әсіресе топ болып, ақылдасу ұнады Сабақтың өткізілу тәсілі, оқушылардың түсінбеген жерлерін бір-біріне үйретулері ұнады. Сабақта қандай әрекеттерге қатыстыңыз? Постерді қорғауға, тапсырмаларды орындауға,топтарды бағалауға Постерді қорғауға, тапсырмаларды орындауға, топтарды бағалауға Постерді қорғауға, топтарды бағалауға Табыс критерийлері арқылы бағалау саған ұнады ма? Неліктен? Ұнады, себебі топтарды, бір-бірімізді шынайы бағаладық және әркім өзінің жіберген қателігін түсінді, келесіде қайталамауға тырыстық. Ұнады, өйткені біз әр тапсырманы орындау барысында бір-бірімізбен жарыса есеп шығардық, қатемізді көрдік. Ұнады, себебі мен өз жіберген қателігімді түсіндім, үйде неге көбірек дайындалу керектігін түсіндім. Топтық жұмыс сізге ұнады ма ? өте ұнады өте ұнады өте ұнады «А», «В»,«С» оқушылардан «Иррационал теңдеулер тақырыбына қайталау есептерін шығару» сабағынан кейін алынған сауалнама Сұрақтар А оқушы В оқушы С оқушы Жаңа үлгідегі сабақ ұнады ма? өте ұнады өте ұнады өте ұнады Сабақтың қандай тұстары ұнады? Сабақтың өткізілу тәсілі, әсіресе топ атынан постер қорғау ұнады. Сабақтың өткізілу тәсілі, әсіресе топ болып, ақылдасу ұнады, Оқушылардың түсінбеген жерлерін бір-біріне үйретулері ұнады. Сабақта қандай әрекеттерге қатыстыңыз? Постерді қорғауға, тапсырмаларды орындауға, топтарды бағалауға Постерді қорғауға, тапсырмаларды орындауға, топтарды бағалауға Топтарды бағалауға Табыс критерийлері арқылы бағалау саған ұнады ма? Неліктен? Маған өзімнің білгенімді басқаларға үйрету ұнады Мен квадрат теңсіздіктерді шешуде білмегендерімді топта талқылауда есіме түсіріп, постер қорғадым. ҰБТ кітапшасында квадрат теңсіздіктерді шешуде білмегендерімді топта талқылауда үйрендім. Топтық жұмыс сізге ұнады ма? өте ұнады өте ұнады өте ұнады «А», «В»,«С» оқушылардан «Квадрат теңсіздіктерді шешу тақырыбына қайталау есептерін шығару» сабағынан кейін алынған сауалнама Сұрақтар А оқушы В оқушы С оқушы Жаңа үлгідегі сабақ ұнады ма? өте ұнады өте ұнады өте ұнады Сабақтың қандай тұстары ұнады? Сабақтың өткізілу тәсілі, әсіресе топ атынан постер қорғау ұнады. Сабақтың өткізілу тәсілі, әсіресе топ болып, ақылдасу ұнады, Оқушылардың түсінбеген жерлерін бір-біріне үйретулері ұнады. Сабақта қандай әрекеттерге қатыстыңыз? Постерді қорғауға, тапсырмаларды орындауға, топтарды бағалауға Постерді қорғауға, тапсырмаларды орындауға, топтарды бағалауға Топтарды бағалауға Табыс критерийлері арқылы бағалау саған ұнады ма? Неліктен? Маған өзімнің білгенімді басқаларға үйрету ұнады Мен квадрат теңсіздіктерді шешуде білмегендерімді топта талқылауда есіме түсіріп, постер қорғадым. ҰБТ кітапшасында квадрат теңсіздіктерді шешуде білмегендерімді топта талқылауда үйрендім. Топтық жұмыс сізге ұнады ма ? өте ұнады өте ұнады өте ұнады ІVбөлім. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы Маған бірінші «Бетпе-бет» теориялық білім алу кезеңінен кейін мектептегі іс-әрекеттегі алған тәжірибем болашақтағы іс-әрекетіме жол салды деп айтуыма болады. Дәстүрлі білім беруде мұғалім оқушыларға тек дайын материалдардан дәріс берсе, жаңа форматтағы білім беруде тың әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ беру оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттыратындықтарын байқадым. Сабақ үстіндегі оқушылардың бір-бірімен араласуы, сыйластығы, бір-бірімен санасуы, бір-біріне сенімділігі мен өзара көмектің артатыны көрінді. Топпен, жұппен жұмыс барысында олардың жауапкершілігі арта түсті, бірінің білмегенін екіншісі толықтырып, жетелеп отырды, жақын арадағы даму аймағы пайда болды, топ басшылары өздеріне жүктелген жауапкершілікті түсіне білді Сабақ барысында оқушыларға тапсырма беру арқылы олардың сын тұрғыдан ойлауы қалыптасты, өзіндік пікірі, өзіндік ойы пайда болды және талқыға түсу арқылы ортақ бір шешімге тоқталды. Бұл туралы мұғалімдерге арналған нұсқаулықта: «Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпараттарды ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады» - делінген болатын (42- бет). Постермен жұмыс істеу барысында оқушылар сын тұрғысынан ойлап, белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтіндіктерін көрсетті. Сабақ барысындағы сергіту сәттері оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды. Оқушылар өзін және өзгені бағалағанда өзінің қандай деңгейге жататындығын салыстыруға мүмкіндік алды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін келесі сабаққа өзінің білмегенін біліп келуге тырысты. Оқушылар бірін-бірі бағалағанда сыныптағы ұйымшылдық, өзара сыйластық және топтың басқа мүшелерінің пікірлерімен санасу қалыптасады. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқушылардың берілген тақырып бойынша интернет желісінен ақпараттарды іздеуіне, шығармашылыққа ұмтылдырды. Тиімді таңдап алынған әдістер оқушыларды оқуға тартты, ашық сұрақтар оқушылардың өз ойын жеткізуге көмектесті, іздену жұмыстары оқушыларды шығармашылыққа жетеледі, нашар оқитын оқушыларда белсенділік байқалды, ең бастысы - топтық жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа белсенділіктері артты. Бұрын олар тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетті бағыттаушы, ұйымдастырушы болып табылды. Енді мен бұл тәжірибемді жаңа тақырыпты бекіткенде, қайталау есептерін шығарғанда, жеңіл тақырыптарды бастағанда пайдаланып отырамын. Себебі, жаңа үлгідегі сабақтарды өткізгендегі оқушылардың қызығушылығы өте ұнады. Олар сабақтың әрбір кезеңін асыға күтіп отырды. Осы жолы бұл жаңа сабақ үлгісін тәрбие сағатына пайдалансам, алдағы уақытта ата-аналар жиналысын тек осы түрде өткізуді жоспарлап отырмын. Оқушыларға іс-тәжірибеге өзгерістер енгізе отырып жаңа үлгіде өткізген сабақтарым өте ұнады. Бірақ кездескен қиыншылықтар да болды. Іс - әрекетті зерттеу кезіндегі негізгі қиындықтардың бірі уақыттың жеткіліксіздігі болды. Сабаққа дайындық көп уақыт алады. Видеоға сұхбат түсіруде көптеген қиыншылықтар болды. Бірақ келешекте бұл қиындықтарды жеңемін деп сеніммен айта аламын. Себебі, күнделікті іздену, жұмыс жасау мұғалімді кәсіби өсуге әкеледі. Математика сабағы ойлану мен ойлантудың сабағы болғандықтан, Блум таксономиясының "талдау, жинақтау, бағалау" сынды ойлаудың жоғары деңгейлері оқушылардың пәннен алған білімін өмірде қолдана алуына жетектейді. Л.Выготский: " ... Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек" - деген болатын. Сондықтан да алдағы уақытта сабақ барысында қолдана алмаған жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушыларға сапалы білім беруге жұмыстанамын және өзімнің ұжымымдағы осы әдіс-тәсілдерге қызығушылық танытқан барлық ұстаздармен бірлесіп жұмыс істеймін.
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
© 2010-2022