Математика - поэзия мысли

«Математика – ақыл-ойдың әуені» - математикалық ойын. Қатысушылар – 5а және 5ә сыныптарының оқушылары. Ойынның негізгі мақсаты: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін кеңейту, ұйымшылдық және жауапкершілік қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.            Шараның өтуі. 1-оқушы: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жүрегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 2-оқушы: Ұзақ ұйықтап, жұмсақ түз бесігі...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы,

Қорғалжын ауданы,

Арықты орта мектебінің математика пәнінің оқытушысы

Асыржанов Баглан Жакипжанович


«Математика - ақыл-ойдың әуені» - математикалық ойын.

Қатысушылар - 5а және 5ә сыныптарының оқушылары.

Ойынның негізгі мақсаты: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін кеңейту, ұйымшылдық және жауапкершілік қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Шараның өтуі.

1-оқушы:

Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-оқушы:

Ұзақ ұйықтап, жұмсақ түз бесігінде,

Естімеппін Архимед есімін де.

Жерді қозғау қиялы былай тұрсын,

Жемісі де тимепті несібеме.

1-оқушы:

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.

Жансызға жан бітіріп жолға салып,

Сары құзы ақсақалға көрсетті, елге.

2-оқушы:

Бұл жерде танысасың Пифагормен,

Кемеңгер, ол - философ кезінде өткен.

Кездесесің дәл сондай тағы да бір

Ғалымдармен жер жаһанда білім еккен.

1-оқушы:

Архимед, Пифагорың айтқаның бұл,

Талаптанып, білімге зейініңді бұр.

Таудан аққан, төбеден төкті олар нұрын,

Судай тасыр, әр бесік белден асқан,

Дүниеге сан алуан өнер шашқан.

Білім алып, олардың жолын қуған,

Әрбір адам өмірде өрге басқан.

Пән мұғалімі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Еліміздің ертеңі алдымызда отырған оқушыларымыздың қолында. Бүгінгі білімді шәкірт - ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын тұлға. Сол тұлғаның бойында білім негіздерін қалау, тапқырлықты, алғырлықты, біліктілікті қалыптастыру мектеп қабырғаларында іске асады. Біздің мектепте математика апталығы өтіп жатыр. Сол апталықтың бір шарасы, теректің бір бұтағы сияқты, бүгінгі математикалық ойынымыз. Белгілі орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносов айтыпты: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек». Олай болса - қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Ойынға қатысушылармен танысайық:

Бірінші топ: 5а сыныбы: «Үшбұрыш» командасы.

Екінші топ: 5ә сыныбы: «Дәреже» командасы.

Командалар өздерін таныстырады.

Жүргізуші әділқазылар алқасымен таныстырады.

Ойынның кезеңдері:

  1. Тез жауап бер! (әр түрлі ауызша есептерді шығару, сұрақтарға жауап беру).

«Үшбұрыш» командасына қойылатын сұрақтар:

  • Мектеп өмірінен: Өзі жалғыз және жұдырықтай ғана, ал көпті бағындыруға шебер-ақ! /қоңырау/

  • Бір минутта неше секунд бар? /60/

  • Қосудың нәтижесі? /қосынды/

  • Ең кіші үштаңбалы сан? /100/

  • Бұрыштарды өлшейтін құрал? /транспортир/

  • Ең кіші жай сан? /екі/

  • 30 минут сағаттың қандай бөлігін құрайды? /екіден бір бөлігін/

  • Бір ғасырда неше жыл бар? /100/

«Дәреже» командасына қойылатын сұрақтар:

  • Мектеп өмірінен: Бірі ұзын, бірі қысқа, орындары ауыспайды, оларсыз білім алынбайды; /сабақ пен үзіліс/

  • Азайтудың нәтижесі? /айырма/

  • Дөңгелек салуға арналған құрал? /циркуль/

  • Ең үлкен екітаңбалы сан? /99/

  • Бір жылда неше күн? /365/

  • Ең кіші натурал сан? /1/

  • Екіден бір кіші ме жартысы кіші ме? /тең/

  • Бір тәулікте неше сағат бар? /24/

2. Екі командаға логикалық есептер /мұқияттық пен ойлануды қажет етеді/:

  • Аспанда торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара ұшып жүр. Осылардың нешеуі құс? /үшеуі/

  • Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?

/төрт сағаттан/

  • Барлық цифрлардың көбейтіндісі неге тең? /нөлге/

  • Үстел басында екі адам отыр. Біреуі екіншісінің әкесі, ал екіншісі бірінші адамның ұлы емес. Сонда ол кім болғаны? /қызы/

  • Үстел үстінде бес май шам жанып тұр еді. Еркін оның төртеуін сөндірді. Үстел үстінде неше май шам қалды? /бесеу/

  • Бір теректе он екі алма өсіп тұр. Осындай екі теректе неше алма өседі?

/теректе алма өспейді/

3. Кімнің ойы терең, тілі жетік: сандарға байланысты мақалдарды айтып, мағынасын түсіндіріп береді.

4. Музыкалық үзіліс. Өлең: «Ерке үшбұрыш». 5а сыныбы.

Математика - поэзия мыслиМатематика - поэзия мысли5. Екі командаға тапсырма: суреттерде неше төртбұрыш пен неше үшбұрыш бар?

6. Ұлы адамдардың математикаға байланысты нақыл сөздерін келтіру.

7. Музыкалық үзіліс: Өлең: «Сағындым Алматымды». 5ә сыныбы.

8. Қорытынды, марапаттау.

© 2010-2022