Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға  «Цилиндр», оның элементтері, қималары, қолданылуы туралы мағлуматтар беру; ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту; б) тәрбиелік: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.   Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар,  интерактивтік тақта.  . Сабақ ежелгі – грек сәулет ескерткіштері туралы слайдтан басталады (Презентация 1). Осы кезде гректің «Сиртаки» әуені ойнап тұрады.     Тіктөртбұрыштың ОА және О1В қабырғалары параллель жазықтықтарда жататын тең дөңгелектер жасайды. Бұл дөңгелектер цилиндрдің табандары деп, ал олардың радиусы цилиндрдің радиусы деп аталады. Сонымен цилиндрдің екі табаны да дөңгелек болып табылады. Цилиндрдің осі деп табандарының центрінінен өтетін түзуді атайды. АВ қабырғасы цилиндрдің осіне параллель болады, ол цилиндрдің жасаушысы деп аталады және цилиндрдің бүйір беті деп аталатын қисық бетті жасайды. Цилиндрдің жасаушылары оның табан жазы...  
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Сабақтың тақырыбы: Цилиндр. Цилиндрдің қимасы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға «Цилиндр», оның элементтері, қималары, қолданылуы туралы мағлуматтар беру;

ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту;

б) тәрбиелік: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, интерактивтік тақта.


Сабақтың барысы


I. Ұйымдастыру кезені. Сәлемдесіп оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақты меңгерту

1. Сабақ ежелгі - грек сәулет ескерткіштері туралы слайдтан басталады (Презентация 1). Осы кезде гректің «Сиртаки» әуені ойнап тұрады.

Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)

Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)

- Осы слайдта сендер бір фигураның әрбір суретте қолданғанын байқап отырсыңдар. Бұл фигура қалай аталады, ол қалай шығады, оның қандай элементтерінен тұратынын бүгін сендер білетін боласындар.

2.

Слайд 2

Слайд 3

  1. Тіктөртбұрыштың ОА және О1В қабырғалары параллель жазықтықтарда жататын тең дөңгелектер жасайды. Бұл дөңгелектер цилиндрдің табандары деп, ал олардың радиусы цилиндрдің радиусы деп аталады. Сонымен цилиндрдің екі табаны да дөңгелек болып табылады.

  2. Цилиндрдің осі деп табандарының центрінінен өтетін түзуді атайды.

  3. АВ қабырғасы цилиндрдің осіне параллель болады, ол цилиндрдің жасаушысы деп аталады және цилиндрдің бүйір беті деп аталатын қисық бетті жасайды. Цилиндрдің жасаушылары оның табан жазықтықтарына перпендикуляр.

  4. Цилиндрдің биіктігі деп табандарының арасындағы арақашықтықты атайды.

  5. Егер жасаушылары цилиндрдің табандарына перпендикуляр, яғни цилиндрдің биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік дөңгелек деп аталады.

  6. Тік дөңгелек цилиндрде биіктіктің ұзындығы жасаушының ұзындығына тең.

Слайд 4

- Геометрияда және бізді қоршаған ортада цилиндрдің басқа түрлері кездеседі, мысалы көлбеу цилиндрлер. Мұндай цилиндрлер мектеп курсында қарастырылмайды.

3. Цилиндрдың қимасы.

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы деп жалғыз нүктеден, цилиндрдің жасаушысынан немесе табанынан өзгеше фигураны, яғни цилиндр мен жазықтықтың ортақ бөлігін айтады.

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

III. Практикалық тапсырма. (Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу)

Слайд 10

Слайдта цилиндрдің суреті және жанында қимасы салынған «шторкамен» жабылған цилиндрдің суреті. (pub.1, pub.2). Оқушы керекті инструментпен цилиндрдің қимасын салады, түсіндіре отырып. Оқушы болған сон, «шторка» ашылады, оқушының жұмысы жабық тұрған цилиндрдің қимасымен салыстырылады.




IV. Есеп шығару.

Дайын сурет бойынша есеп шығару.

Слайд 11

Слайд 12


V. Cабақты қорытындылау. (слайд 13)

Оқушыларға сұрақтар:

1. Сендерді қоршап отырған ортада цилиндр пішіндес заттарды атаңдар.

2. Сүрет бойынша цилиндрдің элементтерін атаңдар.

3. Цилиндрдің анықтамасы.

4. Цилиндрдің қимасы шаршы, тіктөртбұрыш, трапеция болуы мүмкен бе?

5. Қай жағдайда цилиндрдің қимасы дөңгелек болады?

О1

О

А

В

С

D

Цилиндр. Цилиндрдің қимасы (11 сынып)

VI. Жеке оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма: П.5.1, 5.2, №11, 12, 21, 22 (слайд 14) (Геометрия -11, В.Гусев, Ж. Қайдасов)



© 2010-2022