Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рудный орта мектебі





Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып


Тақырыбы: «ХХІ - ғасыр көшбасшысы»




.

Дайындаған: математика пәнінің мұғалімі

Аитеева Аягөз Амангелдіқызы























2015-2016 оқу жылы

Новоукраинка селосы

Сабақтың тақырыбы: «ХХІ - ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық

ойын сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, математикадан білімін тексеруге, есте сақтау қабілеттерін жақсартуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жүргізушінің сөзі: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Баршаңызды «ХХІ - ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер. Ойынымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді - дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Әділ қазылар алқасын тағайындау:

Ойынға 5-6 «а» - сынып оқушылары қатысады.Ойынымызды бастамас бұрын оқушыларға сұрақ қою арқылы 6 оқушыны ортаға алып шығамыз.

Оқушыларға сұрақ.

1) 7200:100=72

2) 6300:9=700

3) 7·80=560

4) 420:6=70

5) 450:90=5

6) 810:9=90

І-тур: Бәйге.

ІІ-тур: Тіл - өнері.

ІІІ-тур: Ғажайып үштік.

ІҮ-тур: Көкпар.

Ү-тур: Жорға.

І-тур: «Бәйге»

Сұрақтарға жауап беру арқылы өтеді. Шарты белгіні кім бірінші көтерсе сол оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1) Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз? (бөлімдері сол қалпында жазылады, алымдарын қосып алым етіп жазамыз)

2) Бұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы бөлімінен үлкен болған жағдай)

3) Дұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы бөлімінен кіші болған жағдай )

4) Жай сандар дегеніміз қандай сандар? (1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар)

5) Құрама сандар дегеніміз қандай сандар? (2 немесе одан да көп блгіштері бар сандар)

6) 1 жай сан ба, әлде құрама сан ба? (1 жай сандарға, құрама сандарға жатпайды)

7) 5,1 үлкен бе, әлде 5,10 үлкен бе? (тең)

8) Өзара кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? (1-ге)

9) 7-ге кері сан. (1/7)

10) Сандарды координаталық сәуледе салыстырғанда неге назар аудару керек?

(қайсы оң жақта орналасқан болса сол сан үлкен болады)

ІІ-тур: «Тіл - өнер»

Бұл турда мақал-мәтелдер оқылады мен тастап кеткен сөзді тауып, толық оқып береді. Шарты белгіні кім бірінші көтерсе сол оқушы жауап береді. Тауып алған сөзді үш тілде айтуы керек. 1 тілде -10 ұпай, 2 тілде - 20 ұпай, 3 тілде - 30 ұпай алады.

1) Жұт ... ағайынды. (жеті) Жеті-семь-seven.

2) Айдағаны ... ешкі ысқырығы жер жарады. (бес) Бес-пять-five.

3) Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. Қалам-ручка-pen.

4) Алты қырлы, алты сырлы. Қарындаш-карандаш-pensl.

5) Екі қолға ... күрек. (бір) Бір-один-one.

6) Ел құлағы .... (елу) Елу-пятьдесят-Fivty

7) Жігітке жеті өнер де аз, ... өнер көп емес.(жетпіс) Жетпіс-семьдесят-Seventy.

8) Отыз тістен шыққан сөз, ... рулы елге жайылады.(отыз) Отыз-тридцать-soty.

Әділ қазылар Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сыныпалқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз екі оқушы ойыннан шығады.

ІІІ-тур. «Ғажайып үштік»

Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша есептер таңдайды. таңдауды бастайды, қалғандары да шығаруға болады. Таңдаған оқушы бірінші жауап береді, ал қалғандары тыңдайды. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарсыластар деген сөзден кейін басқа оқушылар жауап береді. Егер қарсыластар деген сөз болмай жауап бере бастасаңдар ешкімге де ұпай есептелмейді.

20-ұпайлық есепті таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар.

1) 8·х=40 2) 25+х=68 3) 38:х=2;

х=5; х=43; х=19;

30-ұпайлық есепті таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар.

1) Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып= Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып; 2) Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып = Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып; 3)Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып·Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып =Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып;

40-ұпайлық есепті таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар.

1) Азатта 20 қалың дәптер және одан 5 есе кем жұқа дәптер бар. Азатта барлығы қанша дәптер бар? (24)

2) 4 тәуліктің Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып бөлігі неше сағатқа тең? (16 сағат)

3) Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сыныпАшық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып=Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып;

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз бір оқушы ойыннан шығады.

ІҮ-тур: «Көкпар».

Бұл бөлімде 2 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

Логикалық есептер.

1) Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса неше килограмм?

2) Тік төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастады, неше бұрыш қалды?

3) 70 минут көп пе, 1 сағ 10 мин көп пе. (тең)

4) Екі қолда 10 саусақ, 10 қолда неше саусақ?

5) Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады? (2 сағат)

6) Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

Формулалар.

1) Тік төртбұрыштың табу формуласын ата: S=a·b

2) Тік төртбұрыштың периметрін табу формуласын ата:P=2(a+b);

3) Квадраттың ауданын табу формуласын ата: S=Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып;

4) Квадраттың периметрін табу формуласын ата: P=4a;

5) Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу формуласын ата: V= a·b·c;

6) Тік бұрышты

кубтың көлемін табу формуласын ата: V= Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып;

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз бір оқушы ойыннан шығады.

Ү-тур: «Жорға»

Бұл бөлімде қалған 2 оқушыға есеп беріледі. Есепті кім дұрыс шығарса, сол оқушыға 10 ұпай қосылады.

1-ші оқушыға: Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып=Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып;

2-ші оқушыға: Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып=Ашық сабақ: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. 5 сынып.

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз оқушы ойыннан шығады және де жеңіәмпаз анықталады.

Қорытынды: Жоғары ұпай жинаған оқушыға «ХХІ - ғасыр көшбасшысы» атағын беріп, марапатау.

Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренерміз аман болсақ!

Келгендеріңізге мың да бір рахмет. Ойынымызды аяқтауға рұхсат етіңіздер.

© 2010-2022