Сыныптан тыс Математика және спорт (6 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класс: 6

Тақырыбы: Математика және спорт

Мақсаты: Спорттық ойындарды ойната отырып, есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, сайыс

Көрнекіліктер: футбол, волейбол доптары, қапшық, есеп жазылған қағаздар.

Жоспар:

  1. Қапшықпен секіру

  2. Скакалка секіру

  3. Логика алаңы (демалыс кезеңі)

  4. Допты ұрып жүгіру (көбейту кестесі)

  5. Қасықпен су тасу (өзіне өзі ұпай жинау)

  6. Шелекке доп салу (әр лақтырғаны неше ұпай)

Бір аяқ,екі аяқ, қос аяқ, артпен, орында тұрып

Жүргізуші жоспардың шарттарымен таныстырады.

Достық пен бірлікті етіп тұлға

Жеңіске жеткен едің талай сында

Қара қылды қақ жарып әділ қазым

Еңбегін тапқырлардың әділ сына

1. Қапшықпен секіру

Шарты: Қатысушы қапшықпен секіріп келіп, есептің жауабын жазады.

  1. 1089 + 238 =1327

  2. 2576 - 893 =1683

  3. 697 + 875=1572

  4. 789 - 378 = 411

  5. 579 + 1094 =1673

  6. 2367 - 769 = 1598

  7. 786 + 972 =1758

  8. 894 - 676 =218

  9. 1649-568=1081

Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша,
Жарыста, сірә қалыспа

2. Скакалка секіру

Шарты: скакалка секіріп тұрып сұраққа жауап беру керек.

1.Қатынас дегеніміз не?

2.Оң санның модулі неге тең?

3.Тері санның модулі неге тең?

4.Оң сан мен теріс санды қалай салыстырамыз?

5.-5+5=0

6.-9+6=-3

7.9+(-5) =4

8.-8және 9 салыстыр

9. -16+8=-8

10.Масштаб дегеніміз не?

11.Шеңбердің элементі?

12.Сыныптан тыс Математика және спорт (6 сынып)қандай сан?

13.Шеңбер сызатын құрал?

14.Ұзындық өлшем бірлігі?

15.Екі орынды ең кіші сан?

16.Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар?

17.Қосуға кері амал?

18.Сыныптан тыс Математика және спорт (6 сынып) қандай сан?

19.Оң санға қарама-қарсы сан?

20.Картаны сызуға қандай өлшем қолданамыз?

21.20 қандай сан?

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама, құлама!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт.

3. Логика алаңы (қатысушы оқушыларға және көрермендерге)

1. Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа

«Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсыз»,- деп жауап береді?

Балықшы қанша балық аулаған?

Жауабы: Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ.

2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу. Атасы, әкесі, баласы.

3.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?

(Шешуі: 28 саны барлық айда кездеседі)

4.Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

5. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

Жауабы: Жанат - ұзын

6. Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып

4. Дорты ұрып жүгіру

(көбейту кестесін айтып барып, есепті шығару. 4 бетке 3 есептен жазып қойылды)

Шарты: допты ұрып жүгіріп барып есепті шығарып кері қайту керек

1.2-5-4+12 1.-4+10-13+8 1.40+(-8)-16 1.-250+120-100

2.-4+6+3-12 2.6-4+16-20 2.32+(-16)+19 2.-56+26-19

3.4-7-3+14 3.-5+8+9-23 3.65+(-15)-56 3.800+(-1000)-169

Білімдіден шығады алғыр шешен

Шешендікпен болған ғой барлық көсем

Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы

Қалмасын бұл жарыста сенің есең

5.Қасықпен су тасу

Берілген минут ішінде қасықпен су тасып құю керек. Кім көп су құяды сол жеңіске жетеді және өзі санап су құяды

6 бөлім.

Допты шелекке салу.

Допты 5 рет шелекке лақтыру керек, кім көп салса сол жеңіске жетеді.

Бір аяқ,екі аяқ, қос аяқ, артпен, орында тұрып

1-жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазы мүшелеріне береміз.

Оқушылар назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау-саламат болыңыздар!










Жерұйық негізгі мектебі





Математика және спорт

Сыныптан тыс Математика және спорт (6 сынып)



Өткізген: Қосмағамбет Ж.Ж




© 2010-2022