Рационал сандарға амалдар қолдану

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалар қолдану тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандарды көбейтуге есептер шығару.

  2. Дамытушылық: Таңбалары бірдей сандарды көбейту. Есептеу дағдыларын жетілдіру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: есеп шығару сабағы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,тест треннажері,плакаттар.

Сабақ құрамы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.


  1. Үй жұмысын тексеру бөлімі.

«Миға шабуыл» (сұрақтарға жауап)

1. Рационал сандар дегеніміз қандай сандар?
2. Теріс санның модулі...?
3. Екі теріс санның қосындысы........?
4. Теріс сандар дегеніміз қандай сандар?
5. Кез келген санның таңбасы қандай болады?
6.-4 пен -1 сандарының қайсысы үлкен?
7. Қарама-қарсы сандар дегеніміз?
8. Таңбалары әртүрлі екі санды қосу ережесі?
9. Қандай жағдайжа сандардың қосындысы 0-ге тең?
10. Таңбалар ережесі?
11.Координаталық түзу дегеніміз?


  1. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» өткен материалды қайталау бөлімі


  • Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі - теріс сан. a × (-b) = -a b

  • Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі - оң сан. -a × (-b) = a b

  • Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы


  1. Тез есептей білеміз бе? Оқулықтан №523,№525 есептер ауызша

1-топ

Көбейтуді орындаңдар:

  1. 15 · 8 ;

  2. (-15) · (-6) ;

  3. 2 · (-25);

19 · (-3);

2 топ

Көбейтуді орындаңдар:

  1. 15 · 9 ;

  2. (-12) · (-7) ;

  3. 3 · (-15);

  4. 24 · (-2);

3-топ

Көбейтуді орындаңдар:

  1. -0,7 · 6;

  2. -41 ·0 ;

  3. ( -0,18 )· 1 ;

  4. (-9) ·10


  1. «Кім жылдам?» (бекіту сұрақтары- треннажер,тест)

- Таңбалары әр түрлі екі сандынның көбейтіндісі қалай табылады?

-Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең болады?

Оқушыларды мұғалімнің және оқушылардың өздерін өзін-өзі, топ жетекшісі бағалауы

Үйге тапсырма беру.

Қорытынды.

© 2010-2022