Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8

Пәні: алгебра

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шешу.

І.Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шешу алгоритмімен таныстыру,квадрат теңдеуге келтірілетін есептерді шығаруды үйрету.

2.Тәрбиелік мақсаты: Жүйелі түрде жұмыс істеуге,өз ойын дәл ,нақты айта білуге

бейімдіктерін қалыптастыру.

3.Дамытушылық мақсаты: Оқушыны есептің шешімін өздігінен іздеп,таба білуге

Дағдыландыру.

ІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

ІІІ.Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, саралап оқыту, сұрақ-жауап, топпен жұмыс әдістері.

ІY.Қолданылған технология: Деңгейлеп оқыту.

Y.Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта арқылы формулалар, тест тапсырмаларын, есептер көрсету.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Слаид 1.

Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту және белсенділігін арттыру

(3 топ оқушылары жарыса отырып орындайды ).

І-топ

ІІ- топ

ІІІ -топ

Квадрат теңдеудің дискриминантын есептеп,түбірлерінің санын

көрсет:

Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару

х-тің қандай мәндерінде

Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару үшмүшесі

1-ге тең мән қабылдайды?

Теңдеуді шешіп,Виет тео-

ремасына кері теорема

бойынша тексер:

Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару

Жаңа сабақ7 Квадрат теңдеу арқылы шығарылатын кез келген мәтінде есепті шығару үшін

мына алгоритмді басшылыққа алған жөн:

1.есептің мәтінінде берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін

есептің шартын білу қажет;

2.бастапқы шаманы әріппен белгілеу;

3.теңдеу құру;

4.құрылған теңдеудің түбірлерін табу;

5.табылған түбірлердің қайсысы теңдеуді қанағатттандыратынын тексеру.

Берілген алгортимді қолданып,есептер шығаруға мысал келтіру.

Мысал. Егер тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуі екіншісінен 4 см қысқа екені және гипотенузасы 20 см-ге тең екені белгілі болса,осы үшбұрыштың катеттерін тап.

Кіші катет х см-ге тең болады.Пифогор теоремасы бойынша гипотенузасының квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең болады. Шыққан теңдеуді ықшамдайық.

Есептің мағынасы бойынша х-тің мәні оң сан болуы тиіс.Бұл шартты тек екінші түбір, яғни 12 саны қанағаттандырады. Жауабы:12 см,16 см.

Сыныпта орындалатын жаттығулар.Оқулықтағы жаттығуларды 3 топқа беру.

Оқушылар жұмыстарын алмастыра отырып,өздері бағалайды.Дұрыс жауабын тақтамен өздері тексереді.

І -топ

ІІ- топ

ІІІ -топ

Оқулықтан.№ 201 есеп.

Бірінші сан екінші саннан

10-ға артық және олардың көбейтіндісі 56-ға тең.

Осы сандарды тап.

Оқулықтан № 202 есеп.

Бірінші сан екінші саннан 16-ға кем және олардың

көбейтіндісі 80-ге тең.

Осы сандарды тап.

Оқулықтан №203 есеп. Біреуі екіншісінен 6-ауы

артық екі натурал санның

көбейтіндісі 187-ге тең.

Осы сандарды тап.

Жаңа білімнің берілуін тексеру.

Жаңа сабақты бекіту.

Экономикалық мазмұнды есептер кітабынан.

Екі бригада бірігіп,тас жолды 18 күнде жөндейді. Егер алдымен жұмыстың Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару-сін

бірінші бригада жеке, ал қалған бөлігін екінші бригада жеке орындаса,онда тас

жолды жөндеуге 40 күн кетеді.

Тас жолды жөндеу үшін әрбір бригадаға қанша күн қажет?

Сабақты қорытындылау.Тест тапсырмалары.

Квадрат теңдеу арқылы шығарылатын есептер.

1.Екі санның қосындысының мәні 15, ал көбейтіндісінің мәні 54.

Осы сандарды тап.

А.-6;-9; В.3;18; С.-3;-18; Д.6;9.

2.Тізбектей алынған екі натурал санның квадраттарының қосындысы 1513-ке тең.

Осы екі санның қосындысын тап.

А.55; В.53; С.-55; Д.54.

3.Бөлшектің алымы бөлімінен 1-ге кем.Егер осы бөлшекке оған кері бөлшекті

қосса ,онда Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару саны шығады. Бастапқы бөлшекті тап.

А.Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару; В.Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару; С.Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару; Д.Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма №205, №209.


© 2010-2022