Рабочая программа по математике Математиканың таңдамалы тараулары

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математиканың таңдамалы тараулары

7 сыныпқа арналған арнаулы курс бағдарламасы

Түсінік хат

Математикада арнаулы курсты оқытудың негізгі мақсаты оқушының пәнге тұрақты қызығушылығын қалыптастыру мен қатар математикалық талантын ояту және ары қарай дамыту, қазіргі заман дамуына қажет қабілеттерін қалыптастыру, өзін-өзі дамыту идеясына негізделген бұл бағдарлама мемелекеттік қалыптан тыс математика курсының мазмұнын ауқымды, кеңейте оқытуға бағытталады.

Осы арнаулы курсты оқытудың алғашқы кезеңі бағыт бағдар беру. Осы кезеңде оқушы өзінің пәнге қызығушылығы және пәнді меңгеру мүмкіндігін бағалау арқылы 9-сыныптан кейін жаратылыстану-математикалық бағытта немесе қоғамдық-гуманитарлықбағытта оқуды таңдау жасайды.

Бағдарламаның басты мақсаты:

- Оқушыға мектептің математика курысынан тыс кеңейте білім беріу

- Математикалық амалдар, идеялармен жетік танысу математика ғылымының тілін үйрету

- Ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту білім біліктілігін арттыру

- Оқушының логикалық ойлау дәрежесін дамыту, математикалық ой-өрісін кеңейту, пайымдау, негіздеу, дәлелдеу икемділіктері мен машықтарын жетілдіру

7 сыныпқа арналған « Математиканың таңдамалы тараулары» бағдарламасы «Функциялар және графиктер », «Күнделікті проценттік есептеулер» , «Квадрат үшмүше» тарауларын қамтиды.

« Математиканың таңдамалы тараулары » бағдарламасын оқу үрдісіне еңгізу нәтижесінде оқушы жоғарыда аталған тақырыптар бойынша мектеп бағдарламасынан тыс қосымша материалдармен танысып оларды қолдануға дағдыланады.

Бағдарлама аптасына 2 сағат барлығы 68 сағатқа арналған.

Оқушының біліміне қойылатын талаптар.

- Сызықтық функциялар және кері пропорциональдық функциялар графиктеріне геометриялық түрлендірулер қолдана білу, модуль белгісі бар функциялардың графигін сала білу, сызықтық сплайна графигін сала білу

- «Процент» негізгі мәнін түсіну қарыз есептеуді білу, берілген бөлшектің процентін анықтай білу, күнделікті кездесетін процентік есептерді шеше білу, проценттік күрделі формуласын қолдануды меңгеру

- Проценттік бағалауларды үйрену, ауызша және жазбаша жағдайларда проценттерді есептей білу, калькуляторды қолданып үйрену, және де басқа проценттік оңтайлы тәсілдерді үйрену

- квадрат үшмуше есептерін шығарудың әдіс тәсілдері туралы білімдерін кеңейтіп,тереңдету .



Оқу мазмұны:

I тарау:

Графиктер (22сағат)

Негізгі білім біліктілігін тексеру. Курстың мақсатын анықтау

Функция графиктеріне геометриялық түрлендірулер.

Модуль таңбасымен берілген функциялардың графиктерін геометриялық түрлендірулер арқылы салу

Әр түрлі функцияның графиктерінің бөліктерінен тұратын графиктер

Сызықтық «Сплайна» графигін салулар

Презентациялар "Графиктер "

II тарау:

«Күнделікті проценттік есептеулер» (22сағ)

Проценттер. Негізгі проценттік есептер

Күнделікті өмірдегі проценттік есептеулер

Қорытпалар, қоспалар және ерітінділер есептері

Тақырыптық есептер шығару

III тарау

Квадрат үшмүше (24 сағ)

Квадраттық үшмүше, негізгі түсінік

Виет теоремасын қолданудың әр түрлі тәсілдері

Квадрат үшмүшенің түбірлерін зерттеу. Параметрлі есептерді шешу

Стандарттан тыс есептерді шешу, олимпиада есептерін шешу

Сынақ -1сағат























Оқу материалын тақырыптық жоспарлау

Сабақ тақырыбы

Сағаттар саны

«Функциялар және графиктер» (22сағат)

1

Негізгі білім біліктілігін тексеру. Курстың мақсатын анықтау

2

2-3

Функция графиктеріне геометриялық түрлендірулер.

4

4-5

Модуль таңбасымен берілген функциялардың графиктерін геометриялық түрлендірулер арқылы салулар

5

6-7

Әр түрлі функцияның графиктерінің бөліктерінен тұратын графиктер

4

8-9

Сызықтық «Сплайна» графигін салулар

4

10

Презентациялар "Графиктер "

2

11

Тақырыптық сынақ №1

1

«Күнделікті проценттік есептеулер» (22сағ)

12-13

Проценттер. Негізгі проценттік есептер

4

14-16

Күнделікті өмірдегі проценттік есептеулер

6

17-18

Қорытпалар, қоспалар және ертінділер есептері

4

19-21

Тақырыптық есептер шығару

7

22

Тақырыптық сынақ №2

1

«Квадраттық үшмүше және оған қосымша» (24сағ)

23

Квадраттық үшмүше, негізгі түсінік

2

24-25

Виет теоремасын қолданудың әр түрлі тәсілдері

4

26-30

Квадрат үшмүшенің түбірлерін зерттеу. Параметрлі есептерді шешу

10

33

Стандарттан тыс есептерді шешу, олимпиада есептеріш шешу

7

34

Сынақ жұмысы №3

1

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Т.Т. Абвлайхановтар «Математика есептері» Алматы Рауан 1995

  2. Т.Р. Әлімбай «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар мен халық есептері

Алматы Рауан 1997

  1. А.А. Леман «Москвада өткізілген математикалық олимпиадаларының есептері жинағы Алматы Мектеп 1999

  2. «Математика», «Репетитор» басылымдары

  3. Ильясов М.Н. Олимпиады по Математике. Павлодар, ПГУ,2009г.

  4. А.Г. Мордкович, Т.Н. Мишустина, Е.Е. Тульчинская. Алгебра-7. Часть 2: Задачник для общеобразовательных учреждений - М.: Мнемозина, 2012.

  5. М.Л. Галицкий, А.М. Гольдман Сборник задач по алгебре 8-9. М.Просвещение,2006.

  6. Ю.Н. Макарычев, Н.Г. Миндюк Учебник алгебры 7 с углубленным изучением математики



© 2010-2022