Тақырыбы: Заттар тобын салыстыру

Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Заттар тобын салыстыру.


Сабақтың мақсаты: Заттарды салыстыруға үйрету заттардың үлкен және кіші санын анықтау,салыстыра алу және қаншалықты артық немесе кем?деген сұраққа жауап алу.
Әдіс-тәсілдері; Түсіндіру,сұрақ-жауап,мақтау-мадақтау.
Көрнекілігі: Суреттер слайд.
Сабақтың жүрісі; І- Ұйымдастыру бөлім.
Балалардың назарын сабаққа аудару.Балалардың құралын түгендеу.
ІІ-Негізгі бөлім.-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күздің қай айы? Аптаның қай күні?
-Қазір бізге қандай сабақ болады ?
-Біз бүгін жаңа тақырыппен танысамыз!
-Бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты-«Заттар тобын салыстыру»
Суретпен жұмыс:(Балалар әңгіме құрайды )
-Ненің суретін көріп тұрмыз?
-Бұл қай жер ?
-Балалар сыныпта не істеп жатыр?
-Енді осы балалардың санын салыстырамыз.
-Алдымен қыз баланы санаймыз содан кейін ұл баланы санаймыз?
-Қыз баланың саны-3.ал ұл баланың саны -2.
-Енді қыздар мен ұлдарды салыстырамыз.
-Қыз баланың саны ұл балаға қарағанда артық.Ал ұл баланың саны қыздарға қарағанда кем.
-Енді парта мен орындықтың санап салыстырамыз?
-Орындықтың саны-5 ал партаның саны -4.
-Қайсысы артық қайсысы кем?
-Орындықтың саны артық.Партаның саны кем екен.
-Ауызша жұмыс:(Суретпен жұмыс )
-1-сурет (Әңгіме құрау) «Артық» « кем» екенін анықтау.
2-ші сурет (Әңгіме құрау)
-3-ші сурет (Ауызша әңгіме құрау)
Ойын «Қай әмианда теңге артық»
Оқулықпен жұмыс: 2-ші тапсырма «Ұяшықтағы бос орынды жапсырма санмен толтырып шығу.
-3-ші тапсырма Боялмаған дөңгелекті бояп шығу.
-Тапсырма Суретке қарап адам мен заттар санын санап бояп шығамыз.
Мысалы: мұғалім саны-1 болса сол 1 дөңгелекті бояймыз.
Ары қарай қыз бала нешеу -3 болса үш дөңгелекті бояймыз.
-Ары қарай осылай ұяшықтағы адамдар мен заттарды санап санына қарай бояп шығамыз.
-Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп- теріп алайық
Қалтамызға салайық.
4-ші тапсырма. «кел ойнайық»
-Мұнда нелерді көріп тұрмыз?
-Көкөністер мен жемістерді.Бүл ойында әр ұяшықтағы жемістер мен көкөністерді санап оның түрін түсін дәмін ажыратамыз және санаймыз.
-Балалар осы барлық егіндерді қай мезгілде егеміз?
-Ал қай мезгілде жинап аламыз?(Суреттен көрсетіп әңгіме құрау)
-Балалар кім маған көкөністер мен жемістер туралы тақпақ айтып береді?
Алмагүл Пісіп тұрған алмамын
Тамсандырар бал дәмін
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайын.
ӘлібиКөктем келе бүрлеймін
Ең алдымен гүлдеймін.
Шілде болмай пісемін
Дастарханға түсемін.
Ойын: «Өз орнына орналастыр»
Шарты: Мына тұрған суретке қарап қасындағы бос тұрған торға үстелдің үстінде жатырған әр түрлі суретерден таңдап бос орынға қоюымыз керек.
ІІІ- Қорытынды бөлім.
Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
Заттарды қандай белгімен салыстырдық?
«Артық»және «кем» деген белгілермен.
Балалардан сұрақ арқылы жауап алу.
Мадақтау .Бағалау.

© 2010-2022