• Преподавателю
  • Математика
  • Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Раманова Мульдер Джаксимуратовна Мұғалім портфолиосы А есебі

№5 топ ІІІ деңгей

Тараз қаласы 17.04.2015

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі

қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері атты үш айлық курстың бірінші кезеңінде 7 модульді сабақта қалай пайдалану керек екендігі туралы үйреніп, екінші кезеңде практикада мектепте өз сабағыма енгізуге тырыстым. Бұл есепте екінші мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде өткен 4 сабағымда оқушыларды қалай бағалағандығым туралы рефлексифті есеп жазбақшымын. Бұл Бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу [1].

Бұл тұжырымдамада бағалаудың тек қана оқушының игерген білімдерін саралау ғана емес, сонымен бірге оқушының қалай дамып келе жатқандығын, оқу сатысының қай баспалдағында тұрғандарын анықтау мақсатында айтылған деп білемін.

Бағалау ─ ол білімнің нәтижесі болып есептеледі.Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі ─ білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда, бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды [2].

Қазіргі уақытта аталған кемшіліктерді болдыртпау үшін, халықаралық деңгейде бағалаудың жаңа түрлері анықталды. Негізінен бағалаудың екі түрі көрсетілген: оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау. Тағы бағалаудың ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы сияқты түрлері кең тараған. Оқыту үшін бағалау ─ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі [3]. Осы курстың мақсаты бағалаудың осы түрін пайдалану. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін, критериялы бағалау арқылы жүргізіледі. Өзін-өзі бағалау нәтижесін мұғалім бақылау арқылы жиынтық баға ретінде оқу журналына баға қояды.

Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. [4] Ал оқыту үшін бағалау оқушыларға қорытынды, немесе формативті бағалау нәтижесінде жиынтық бағаны қояды. Ал ішкі бағалау сараптық жұмыс, бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, өзіндік жұмыс, мәтінмен жұмыс. Сыртқы бағалау тест, анкета, олимпиада, ҰБТ, ғылыми жоба, т.б. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру, фишкалар, жұлдызшалар, тілек, смайликтер [5]. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады.

Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды маңызды деп санаймыз. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың бірін-бірін бағалауды жүргізуге болады. Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. Мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушыға қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін.Бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әр түрлі көзқарастар пайда болмайды.

Мен осы курс барысында бағдарламадағы жеті модульді оқыдым және осы модульдерді сабақтарыма барынша тиімді ықпалдастыруға тырыстым. Сонымен қатар осы жеті модуль ішінен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін сабақтарымда пайдаландым. Сондықтан да рефлексивті есебіме осы модульді таңдадым. Дәстүрлі сабақ кезінде бағалау мен үшін қиналатын мәселелердің бірі болып табылатын. Ал осы курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде жан-жақты білім алудың арқасында бағалаудың әр түрлерімен таныстым және пайдаланудың тиімді жолдарын үйрендім. Бағалау - ол оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі. Курстың бірінші бетпе-бет кезінде, біз оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалаудың екі түрімен таныстық. Бағалаудың бір түрі, формативті бағалау туралы айта кетсем. Формативті бағалауда оқушы өз бағасына шынайы көзқараспен қарауына мүмкіндік береді. Бұл бағалаудың нәтижесінде оқушы өз білімінің қаншалықты деңгейде екеніне көзін жеткізе алады. Білімге, оқуға деген қызығушылығы қалыптасады, өзіне деген сенімі артады, өз-өзін реттейді.

Сол себептен оқушылар өз білімін өзі бағалауы маңызды деп ойлаймын. Кейін өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін балалар өздері шешу тиіс.

Мен мектептегі іс-тәжірибеден өту кезіндегі сабағымды жоспарлаған кезінде бағалауға көп мән беретін болдым, себебі оқушыларды мұғалім емес өздері бағалайтын болады. Оқушыларды сабақ кезінде ешқандай даусыз, талассыз, сенімсіздік ұялатпай қандай бағалау тәсілдерін қолдансам екен деп ойланып неден бастарымды білмедім. Барлық сабақтарда оқытуды бағалау және оқуды бағалау керек. Ол үшін не істеуге болады? Алдымен мен сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрауға тиіс болдым. Сол кезде менде «Бағалауды тақырыпқа қалай енгізуге болады?» - деген сұрақ туындады. Осы модуль бойынша тек үй

тапсырмасы ғана емес, жаңа сабақта және оны бекіту кезінде немесе оқушының кез келген іс-әрекетін бағалап отыруымыз керек екендігін оқу курс барысында түсіндік. Әр сабақта бағалау арқылы оқушы өзін қалай дамыту керек, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін оқушылар өздері шешу керек. Сол

себептен сабақтағы әдетте болатын іс-әрекеттерді, оқушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырмаларды орындап отырған балаларды бақылау және оқушылардың орындаған сынып немесе үй жұмыстарынан тексере отырып көптеген ақпараттар алуға болады.

Мектептегі іс-тәжірибе кезіндегі өтуге тиісті тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабағымды алгебра пәнінен 8-сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарға сәйкес «Квадрат теңсіздіктер» тақырыбында өттім. Оқушылар бағалауды жақсы меңгеріп, сабақтарда дұрыс қолдану үшін мен жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргіздім. Әсіресе өткізген тәжірибемде өздерін және бірін-бірі бағалауына көп көңіл аудардым.Оқушы өз-өзін реттей отырып, өзінің білім деңгейін анықтай алады, өзінің білімін басқалармен салыстыра алады деген ойда болдым.

Формативті бағалауда мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға болып қалмайды, оқушы өзін және сыныптастарын бағалайды. Сыныпта өзін-өзі бағалау кезінде оқушыда әр түрлі сұрақ туындайды. Мысалы, «Мен өзімнің ойымды толық жеткізе алдым ба?», «Жаңа тақырыпты мен жақсы меңгердім бе?», «Бүгінгі сабақта мен қаншалықты белсенділік таныттым?», «Өзгелердің пікірін тыңдадым ба?», «Өзгелердің пікірімен санастым ба?» - міне осындай сұрақтарға жауап беру арқылы оқушы жауапкершілікті сезінеді, өз білімен жетілдіру қажеттігін түсінеді,талдау жасайды. Өзінің білімін басқалармен салыстыруда білім алу кезінде шешім шығаруды үйренеді, дағдыланады. Өз білімін жақсарту үшін бағалауды түсінеді. Сондықтан да оқушылардың іс-әрекетін, өзара әңгімелерін, пікірлерін, жауаптарын тыңдап бақылап отырдым.

Мен өткізген сабақтар топтамасында жалпы бағалаудың мына түрлерімен бағаладым: смайликтер, бағдаршам түстері, бас бармақ, «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Бағалау сэнвичі» кері әсер парағы, «найза», «ББҮ» кестесі; критерийлер парағы, «Блоб ағашы», «Блоб сыныбы».

Сабақ бастамас бұрын мен оқушыларға бүгінгі сабақта өздері бағаланатын бағалау түрлерімен таныстырып отырдым. Сонымен қатар мен сабақтарымда, топтардың бір-бірін бағалауын қолданып отырдым. Себебі бұл бағалау барысында, топ мүшелерінің әділдігіне көз жеткізгім келді. Ал егер топтық жұмыста, топ басшылары бағалайтын болса, онда мен оларға бағалау парағын таратып беріп отырдым.

Бірінші сабақта әр топ бір-бірінің жұмыстарын смайликтер арқылы бағалады. Смайликтерді қолдану барысында мен оқушыларға «Егер жасыл смайлик күліп тұрса сабақты жақсы түсінгеннің белгісі, ойланып тұрған сары смайлик болса орташа түсіну, ал қызыл аузы төмен қарап тұрған смайлик онда мүлде түсінбегенін білдіреді» деп түсіндірдім.

Бірінші сабақта үй тапсырмасын орындау барысында бас бармақ арқылы бір топ екіншісін бағалады. Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есепТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Оқушылар тұжырымдамалық картамен топтық жұмыс барысында смайликтер арқылы бірін-бірі бағалады. Бұл алғашқы сабақтағы бағалау болғандықтан, оқушылар қателіктер жіберіп жатты. Мысалы, әділ бағаламау, топтың бағалаумен келіспеуі немесе келісе салуы, өздеріне сенімсіз болуы. Бұдан менің байқағаным, оқушылармен әлі де болса бағалау жұмыстарын жасата отырып, оқытуда бағалаудың басқа түрлерін түсіндіріп, тағы да жұмыс жасау керек екенін түсіндім. Содан кейін мен әр топқа найза қадағыш бердім,мұнда оқушылар найза түріндегі стикерге өз аты- жөндерін жазып, қадау керек болатын. Мұндағы мақсатым, оқушыларға өз-өздерін бағалату болды. Топтық жұмыс барысында олар өздерін қалай бағалайды екен деген ой туындады. Себебі, өзін бағалау топтық бағалауға қарағанда қиындау және жүйелі болып келеді. Оқушылар өздерін шынайы бағалауды үйренеді, біледі. Негізінен алғанда формативті бағалау оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырды деуге болады. Оқушылар жаңа сабақты қалай түсінгенін немесе түсінбегенін түрлі түсті жетондар арқылы арқылы бағалауды дұрыс деп таптым. Өзімнің екінші сабағымда, оқушылардың қызығушылығын тудыру барысында жетондар беріп отырдым. Барлық оқушыда үш түрлі түс бар болды, яғни оқушының түсінгенін, не түсінбегенін осы түстер арқылы көрсетуді сұрадым. Мен жасыл түстерді жақсы бағаға баладым, ал сары түсті кей жерді түсінбедім дегенге, ал қызыл түс мүлде түсінбедім дегенге баладым. Үшінші сабағымда оқушылар өздерін «Бағдаршам» арқылы бағалау кезі өте ерекше және қызықты болды. Себебі жасыл түспен өздерін бағалағандар, менің жолымда еш кедергі жоқ, яғни бәрін білемін, ал сары түспен бағаласа, әлі де болса даярлану керек, қызыл түске түскендер, мен тоқтап тұрмын, менде бір кедергі бар сияқты дегендей ұғымда болды. Сонымен сабақты бағдаршам арқылы бағалау кезінде, мен оқушының бойынан сенімділік қалыптастырдым. Одан әрі әр сабаққа белсенді, ықыласпен қатысады және сабақтың өте қызықты болып өтуіне атсалысады деп ойлаймын. Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есепТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Бағалаудың бір түрі «Екі жұлдыз,бір тілек» және «Бағалау сэнвичі» секілді кері әсер парақтары. Мұнда оқушылар «Не білдім?», «Не үйрендім?», «Сабақ неліктен ұнады?» және «Келешекте сабақтың қандай болғанын қалайды?» деген өз ойлары жөнінді ұсыныстарын айтады, стикерге жазып іледі. Осы ұсыныстарды ойға ала отырып,келесі сабағымды әрі қарай түрлендіре отырып, оларды қызықтыратындай етіп өткізуге тырыстым. Оқушылар стикер парақшаларына өз ойларын, алған әсерлерін жазды. Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Төртінші сабағымды өту барысында формативті бағалаудың «Басбармақ» әдісін қолдандым. «Жаңа сабақтан не білдің?», «Не үйрендің?» - деген сұрақтар қойып, саусақ белгілері арқылы «Мен түсіндім және басқаларға түсіндіре аламын» - десе (Бас бармақ жоғары қарай бағытталған), «Мен түсінбей тұрмын» - десе (бас бармақ жанына қарай бағытталған), «Ал мен мүлде түсінген жоқпын» (Бас бармақ төмен қарай бағытталған) бағалауды қолдандым. Сабақ барысында мен оқушыларды ынталандырып, мақтап мадақтап «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы құрыпсың» деген сөздерді көбірек айтып отырдым. Негізінен бағалау барысында оқушыны мақтап,көтермелеп отырудың маңызы аса зор деп ойлаймын. Себебі оқушы әрқашанда мақтағанды, мадақтап отырғанды жақсы көреді, сондай мақтауға лайық болуға тырысады. Сондықтан да үнемі баланы мақтап отыру керек. Одан соң жұмысының дұрыс жерлеріне тоқталып, дұрыс орындаған жерлерін атап көрсетіп, қателік кеткен тұстарын ұсыныс арқылы балаға жеткізіп отырсақ, онда балалардың сабаққа деген құлшыныстары арта түсетіндігі айқын.Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Сонымен қатар төртінші сабақ кезінде сабақта бағалауды критерий құру арқылы қолдандым.Құрған критериімді плакатқа жазып тақтаға ілдім және оқушыларға түсіндірдім. Сабақтың әр кезеңі бойынша, сабақ соңында оқушылар өз білімдерін смайлик, бағдаршам түсі, жұлдызша, түрлі түсті стикерлер арқылы, плакатқа жабыстырып бағалау жүргізді. Бағалау критерий-дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес,бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі,негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары болады. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды [6].Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Критерийлік бағалау - бұл оқушылардың айқын белгіленген білім жетістіктерін салыстыруға негізделген, білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгіленген өлшемдермен ұжымдық түрде жасалған, білімнің мақсаты мен мазмұнына, оқушылардың біліктілік жолының қалыптасуына ықпал етуші үрдіс. Критерийлік бағалау жүйесінің қызметі білім беру, бақылау, дамыту, тәрбиелеу, диагностикалау, үйлестіру болып табылады. Критерий арқылы бұл бағалаудың ерекшелігі, біріншіден оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудырады, екіншіден өз деңгейлерін анықтай алады, ал үшіншіден бағалауда әділдік жүреді. +Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Дескриптор

«Миға шабуыл»

«Ыстық орындық»

«Деңгейлік тапсырмалар»

«Кластер әдісі»

«Теледидар дикторы»

Жалпы ұпайы

Бағасы

Критерийлер

Жауабы толық

Жауабы толық емес

Жауабы жоқ

Тақырыпты аша алды

Түсіндіре алды

Түсіндіре алмады

Есептің барлығы дұрыс

Қатесі бар

Дұрыс емес

Ой қосып мысалдар келтірлі

Ой қосып, дәлелдер келтіре алмады

Жауап бере алмады

Өз пікірін еркін білдіре алды

Пікір білдіргенмен,дәлелдер келтіре алмады.

Жауап бере алмады.

Рубрикатор

4-5

2-3

0-1

4-5

2-3

0-1

4-5

2-3

0-1

4-5

2-3

0-1

4-5

2-3

0-1

Оқушының аты-жөні


1

Әлжаппар Ислам


2

Әмір Мұрат


3

Болат Сымбат


4

Емшібек Ғалия


5

Кенже Әсел


6

Магамедов Лазги


7

Мәжит Арайлым


8

Мұханбай Ұлжан


9

Мұсайып Нұр


10

Тоқсанбаева М


11

Ибрагим Сабина



Оқушылар үшін қызығушылық тудырған бағалаудың түрі «Блоб ағашы», «Блоб көпірі» және «Блоб сыныбы» секілді өзін-өзі бағалау парақшалары болды. Бұл парақшаларды мен әр сабақтың соңында пайдаланып отырдым. Өзін-өзі бағалауға арналған бұл бағалауды оқушылар ерекше бір сезіммен белгіледі десем де болады. Өйткені олар үшін бағалаудың бұл тәсілі жаңа тәсіл болып табылады. Бағалау парағын таратып берген кезде, мен оларға бұл бағалаудың ережесін түсіндіріп өттім, біраз мысалдар келтірдім. Олар бірден өздерін сабақта қалай жұмыс жасағандары туралы белгілей бастады. Бұл бағалау түрі балалардың алға ұмтылысын арттырады, сабаққа деген талпынысын тудырады.

Әр күнгі сабақта мұғалімнің жаңаша бағалау түрлерін қолдана білуі - сыныптағы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін, қарым-қатынысын, пәнге

деген қызығушылығын, ынтасын арттырады деген шешімге келіп отырмын. Менің мектептегі іс-тәжірибие кезіндегі өткен сабақтарымда, формативті және жиынтық бағалаулар осылай көрініс тапты. Оқу процесін алға жылжыту, дамыту үшін мен бағалаудың әр түрлерін қолдану қажет деп ойлаймын. Сонда ғана біз оқыту және бағалауды бірін бірі толықтырып, оқу процесінде дұрыс қолданылып жатыр деп айта аламыз. Келешекте сабақтың сапасын жақсарту мақсатында бағалаудың формативті және сумативті түрлерін, сабақ беретін сыныптарда пайдалану керек екенін түсіндім. Ал сабақта бағалауды мен ғана емес, оқушылар өздері де білімдерін бағалап отырса, олардың білім алуға деген ықыласы, ынтасы, талпынысы және қызығушылығы одан сайын арта түсуіне көзім жетті.

Бағалау кезінде, әрине кездескен қиындықтар да болды: уақыттың тапшылығы, алғашқы сабақтағы сенімсіздігім, балалардың шуы, осы өткізіп жатқан сабағыма деген күмәнім. Осы кедергілерді жоюына мынандай себептер көмектесті: әріптестермен кеңесу, балалардың пікірі, «Мұғалімге арналған нұсқаулықты» оқып, толық мағынасын түсіну.

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін сабақтарымда қолдана отырып жеткен жетістіктерім: оқушылардың алгебра пәніне деген қызығушылығы артты, оқуда бәсекелестік пайда болды, бағалаудың әр түрін үйреніп, сабақта пайдалана білді, критерий құру арқылы бір-бірін бағалады. Бағалау арқылы өз білімдерін шыңдады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. [1], [2], [4], [5] ,[6] «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық».12; 52; 58-беттер. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана. 2012 ж.

  2. Глосарий. Әдістемелік құрал. 13; 32-беттер. Астана. 2012 ж.


© 2010-2022