Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді салыстыру (5 сынып)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ_______: Сынып: ______ Күні: ___________

Тақырып:Ондық бөлшектерді салыстыру

Сабақтың мақсаты:а)білімділік:ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу және разрядтары бойынша салыстыруды үйрету;

ә)дамытушылық:ондық бөлшектер жайлы білімдерін толықтыру;

б)тәрбиелік:еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: оқулық

Әдісі: түсіндіру

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу

ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

б) оқушы зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау:№898

III. Жан - жақты білімдерін тексеру:

  1. Бөлімі 10, 100, 1000 және т.с.с. жай бөлшектерді бөлімсіз қалай жазуға болады?

  2. Ондық бөлшектіңжазылуында үтір қайда қойылады?

  3. Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңбалар деп аталады?

  4. Ондық бөлшектің, мысалы, 7,126 ондық бөлшегінің, бөлшек бөлігінің разрядтарын атаңдар;

V.Жаңа сабақ: 1 - мысал.Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді салыстыру (5 сынып) ондық бөлшектерін қарастырайық:

Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді салыстыру (5 сынып)

Егер ондық бөлшектің оң жағына нөлдерді тіркеп жазсақ, онда оған тең бөлшек шығады.

Ондық бөлшектерді салыстыру тәсілдерін қарастыраайық.

1 - тәсіл. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе салыстыру.

Мысалы, 0,6 сен 1,3 - ті салыстырайық. 0,6 ондық бөлшегі координаталық сәуледе А нүктесімен кескінделсе, 1,3 ондық бөлшегі В нүктесімен кескінделеді. Координаталық сәуледе оң жақта кескінделген сан сол жақта кескінделген саннан үлкен болатыны белгілі.

Координаталық сәуледе үлкен ондық бөлшек оң жақта, ал одан кіші ондық бөлшек сол жақта кескінделеді.

Координаталық сәуледе тең ондық бөлшектер бір ғана нүктемен кескінделеді.

2 - тәсіл. Ондық жүйеде жазылғандықтан, ондық бөлшектер разрядтары бойынша да салыстырылады. Ондық бөлшектің алдымен бүтін бөліктерін салыстырамыз, олардың қайсысы үлкен болса, сол сан үлкен болады.

3 - тәсіл. Ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп, салыстыру.

Ондық бөлшектерді ондық таңбаларының сандарын теңестіріп, сонан соң үтірді алып тастап, натурал сан түрінде салыстыруға да болады.

VI.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

  1. Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?

  2. Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?

  3. Ондық бөлшектерді разрядтары бойнша қалай салыстырады?

  4. Ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп, салыстыруды түсіндіріңдер.

VII.Жаңа сабақты бекіту:

№925(ауызша орындау)

№926. Тең сандарды тауып теңдік түрінде жазу:

  1. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді салыстыру (5 сынып)

  2. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді салыстыру (5 сынып)

  3. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді салыстыру (5 сынып)

  4. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді салыстыру (5 сынып)

№927

A(3,5)

№928

  1. 1,0<1,3; 4) 5,6>5,1;

  2. 2,4<3,2; 5) 7,6>8,3;

  3. 3,5>2,9; 6) 9>8,5.

№929

  1. 2,7<3,6; 2) 8,30>7,94; 3) 7,308<7,312;

0,4>0,39; 0,47<0,5; 14,901>14,890;

0,1<0,99; 5,21<6,0; 56,053<51,983.

VIII.Үйге тапсырма: №930



© 2010-2022