10 сынып алгебра Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу

Раздел Математика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға 8-наурыз мерекесі туралы түсінік беру және жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. ана туралы түсініктерін кеңейту, өз ойларын ортаға салу.

2.Оқушыларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап мейірімділікке, сый-құрметке, адамгершілікке тәрбиелеу.

3.Оқушыларға ұлтқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Қабырға газеттері, «Ана есімін әрқашан - біздер биік ұстаймыз», «Ана» деп көркем жыр төккен, Армысың, ару нұр көктем! «Ана - өмір шуағы» нақыл сөздер, үнтаспа пайдаланылады.

Сабақтың түрі : әдеби-музыкалық кеш

Сабақтың барысы:

Үнтаспада Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні орындалып тұрады. Төрге мерекеге арнайы жиналған ата-аналар, ұстаздар, қонақтар жайғасады.

Жүргізуші: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті аяулы асыл аналар, қадірлі Ұстаз-аналар, ару қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана - өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер!

Сахнада Айбек терең ойда, ерсілі-қарсылы жүр.Сол кезде Әлібек кіріп келіп:

Әлібек:-Айбек неге көңілсіз жүрсің ?

Айбек :Ойланып жүрмін

Әлібек:Қызыңа қандай сыйлық беремін деп пе?

Айбек:Жо-жоқ. Е-е, Әлібек , мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.

Әлібек: -Онда тұрған не бар? Жылдағыдай тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ ай……

Айбек:-Жо-о,жоқ! Жарамайды.Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!

Әлібек:-Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды.Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде.Жігіттер де дайындалып жүрген шығар , міне өздері де келе жатыр ғой ( 9-сыныптың жігіттері шығады сахнаға )Жігіттер қалай бастаймыз ба? Бастасақ бастайық , ендеше әсем әнмен аналарымыздың ,ару қыздарымыздың көңілдерін көтерейік.

Ән «Қызыл гүлім-ай» орындайтын 9 «Б» сынып оқушылары Әлібек, Айбек /қызыл гүл шоқтарын аналарға сыйлайды/

Жүргізуші: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де - Ана . Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.

«Аналар мерекесі туралы тарихи мәлімет» 9 «Б»сынып оқушылары Нұрислам, Назерке.

1910 жылы Клара Цеткин және Роза Люксембург Копенгагенде өткен Екінші Халықаралық Социалист Әйелдер Конференциясына барып, дүниежүзі әйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасайды. Және 8-наурыз күнін ұсынады. (К.Цеткиннің туған күні де 8-наурыз). Сөйтіп коммунистер тарапынан қолдау тапқан Әйелдер мерекесінің Совет елінде қалыптасуына Леонид Ильич Брежнев көп үлес қосқан. Осы кісінің тапсырмасымен 1966 жылы 8-наурыздан бастап, бұл күн КСРО көлемінде мереке ретінде бекітілді. Бірақ көп елдерде, атап айтқанда: Америкада - «Аналар күні», Францияда - «Әжелер күні», Жапонияда - «Қыздар күні» деген бар.

Ән «Ана» орындайтын 9 «Б» сынып оқушылары Дидар, Әлібек

Жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің.

Ана деген -алтын қазық, алтын бақ.

/11-сыныптардың мерекелік ән-шашуы/

Жүргізуші:

Ана деген- асыл жандар болаттай

Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Ана туралы аңыз әңгімелер. /Анаңды Мекке Мединеге 3 рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың. Жұмақтың кілті ананың табанының астында/ орындайтын Қарлығаш, Айбек

Келесі көріністе ана туралы бар шындық айтылмақшы. Жерді қанға тұншықтырған Ақсақ Темірдің ананың алдында бас иіп кішірейгені айтылмақшы.

КӨРІНІС. Орындайтын 9 «Б» сынып оқушылары

Алыстан әйелдің дауысы естіледі.

ӘЙЕЛ: Жіберіңдер мені, үш ғаламның билеушісіне жібер, тарт қолыңды, апарыңдар ханға!

АҚСАҚ ТЕМІР: Мына зарлы дауыс кімдікі екен, біліңдер тез !

Шабарман: Үсті-басы шаң, алба-жұлба бір әйел «Ханға жіберіңдер!» деп қасарып тұр.

АҚСАҚ ТЕМІР: Алып келіңдер.

АНА: Баязитті өлтірген сен бе?

АҚСАҚ ТЕМІР Иә,! Мен оны да женгенмін, басқаны да жеңемін. Әлі жеңуден қайтқаным жоқ. Сен не айтпақшысың?

АНА Тыңда! Сен - талай «істі» «істесең де құр адамсың. Ал мен - Анамын! Сен Өлімге қызмет қыласың, мен өмірге қызмет қыламын. Сен менің алдымда жазалысың. Міне, мен саған «Сол жазаңды жу» деп келіп отырмын. Сен әділ болуға міндеттісің, мен анамын!

АҚСАҚ ТЕМІР Отыр да сөйле, мен тыңдаймын!

АНА Менің әкем де, ерім де бақытты еді. Оларды бақытты қылатын мен едім. Менің жалғыз ұлым бар еді. Жер бетіндегі ең сұлу сол еді.

АҚСАҚ ТЕМІР Менің Жәңгірім сықылды.

.АНА Менің ұлым алтыға келгенде қарақшылар келіп, менің ерімді өлтіріп, ұлымды алып кетті. Міне, 4 жыл болды, жер жүзін шарлап, ұлымды іздеп жүрмін. Мен білемін, ұлым қазір сенің қолыңда. Сен менің ұлымның қайда екенін білуге міндеттісің, өзіме тапсыр!

АҚСАҚ ТЕМІР Сонау жат жерден дарияларды, өзендерді, тауларды, ормандарды өтіп қалай келдің? Саған аңдар қалай тимеді? Қолыңда қаруың да жоқ.

АНА Жолда бәрі болады, қабан, аю, жер тарпыған бұқалар ұшырасты. Барысты көрдім, көздері сенің көзіңдей екен, бірақ аңдардыңда жүрегі бар ғой. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлестім. Олар менің ана екеніме сенді. Аяғандары емес пе, күрсініп теріс кете барды.

.АНА Әркімнің анасы бар ғой. Сені де бір ана тапқан шығар. !

АҚСАҚ ТЕМІР Күнсіз гүл гүлдемейді, махаббатсыз бақыт болмайды, әйелсіз махаббат болмайды. Анасыз ақын да, ер де болмайды.

АНА Ендеше, бер баламды өзіме! Неге десең, мен анамың, сүйемін ұлымды.

ТЕМІР Мен тәңірінің құлы Темір тиісті сөзімді айтамын. Мен өмір сүрдім, өмір бойына табанымның астында қара жер күңіреп келді. Осы қолыммен отыз жыл бойына ажалдың иінін қиратып келемін, оның мәнісі - ұлым Жәңгірдің кегін алмақшымын. Анам туралы ойламаппын да. Менің алдымда отырған әйел маған сөйлемеді, бұйырды. Мен әйел қайратын ұқтым. Қазір үш жүз адам аттанып, маған қараған жердің бәрін кезіп, мына әйелдің ұлын тапсын. Кімде- кім баланы тапса , ол бақытқа бөленеді. Осылай ма, ана?

АНА Солай, хан, дұрыс айтасың. /Ақсақ Темір анага басын иіп кішірейеді/

Жүргізуші:. Осы айтылғанның бәрі - шындық, аналар ажалдан күштірек, өмірге данышпандарды, ақындарды,ерлерді әкелетін - аналар.Барлық жақсылықты себетін - аналар. Иә , аналар ажалдан да күшті. Тәңір құлы Темірді жібіткен де ана екен.

Ән «Өз балаңнан артық бала бар ма, Ана» орындайтын 9 «Б» сынып оқушысы: Аққу

Жүргізуші: Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Біз қазақ деген қасиетті халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлуды, Мәншүк пен Әлияны. Қазақ қыздарын әлемге әйгілі еткен бұлбұл әншілеріміз. Күлаш Байсейітованы, Роза Бағыланованы, атақты күйші Дина Нүрпейісованы, сахнаның сәні Әмина Өмірзақованы, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгерейованы т.б. көптеген аналарымызды әрқашан үлгі тұтып мақтан етеміз.

ҚР Мемлекеттік Гимнің авторы, сазгер, вальстің королі Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнінің шығу тарихы айтылады және осы әнді бүкіл көрермендер қосылып шырқайды.

Жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық

10-сыныптардың мерекелік тартуы

Ән «Махаббат сыры» орындайтын 9 «Б» сынып оқушысы Баян

/ вальс орындалады 9 сынып оқушылары/

Жүргізуші: Ана деген - асыл жандар болаттай, Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай,- деп ақын жырлағандай, әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер. Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен. Ана - перзент тәрбиешісі.Ана - қызметкер, Ана - ғалым, Ана - зейнеткер.

9-сынаптардың мерекелік әзіл сықақтары

Алинаның орындауында Ән «Сүгірдің жыры»

Жүргізуші:. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Күй «Көңіл толқыны» орындайтын Қуаныш

Жүргізуші:

Елін ,жерін сүйетін, ей,адамдар!

Алдымен ананы аялаңдар!

Ана - алып бәйтерек.

Бәйтеректің бауырына топтасып саялаңдар!

Құрметтесек ана қауымын құрметтейік.

Жүздеріңізден шаттық пен қуаныштың нұры кетпесін!

Көрініс « Ананың аялы алақаны» орындайтын Нұргали ,Ұлбосын.

Нұрғали: Ұлбосын қалай ойлайсың? Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Ұлбосын: Әке қанша мейірімді болғанмен ананың жөні бөлек.

Нұрғали: Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол ана.Анасыз бала,ұйықтамайды. Ана үйдегі бақ, әке - отыратын тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы. .

Ұлбосын: Үйдегі алтын қазық кім?

Нұрғали: Үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі - қызға үлгі, әке тәрбиесі - ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке - қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.

«Ана» Фариза Оңғарсынованың өлеңі оқылады

Ана үлкен , биік құдірет,

Анасыз өмір өтер , жөні бөлек.

Өмірдегі балалар дүниеде,

Арқасында сол ананың ғанибет.

«Ана» сөзі үш әріптен құралған,

Үш әріпте жатыр ғой бар арман.

Сол арманым орындалып кетсе егер,

Аналарға өмірім, арналып кетер ойлаған.

Есіңде болсын ұлдар, қыздар,

Өз анаңа боласың сен қарыздар.

«Кешіріңдер,құрметті аналар» -

Деп өтеді түсінетін адамдар.

Ән «Менің анам алтын»орындайтын 9 «Б» сынып оқушысы Аққу

Жүргізуші: Сен білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім?

Жүргізуші: Дүниедегі ең сұлу -- АНА. АНА - бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ізгі адам АНА - бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан адам. Ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.

Жүргізуші: Иә, бүгін мақтасақ - барлығын жеңетін, тіршіліктің бұлағы әйел - ананы мақтайық. Бізге қажымас қайрат беретін әйел- анаға мың алғыс. Абылай , Абай, Шоқан, Махамбеn пен Исатай, Мағжан, Мұқағали, Нұрсұлтан мен Тоқтар - аталарымыз бен ағаларымыз бәрі де ананың ақ сүтінен нәр алған.

Жүргізуші: Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ АНА, Айша бибі, ел билеген Айғаным, ел бастаған Бопай, ел қорғаған Гәуһар ана, бәрі бір ғана атқа ие, ол «АНА» . Ендеше сол аналарға тағзым етейік.

Ән « Мыңдаған раушан гүл»орындайтын Айгерім 9 сынып оқушысы

Ана деген -- мөлдір бастау суаты,

Ана деген - бұл өмірдің қуаты.

Ана деген - алтын күннің сәулесі,

Ақ таңың боп шашылатын шуағы.

Ана деген -- қызыл гүлі өмірдің,

Ана деген - мерекесі өмірдің.

Ана деген -- дүниенің тірегі,

Ана деген - сан ұрпақтың жүрегі.

Ана деген - қол жетпейтін көктегі,

Адамзаттың ақ арманы ,тілегі .

Барша ,ана, құтты болсын мерекеңіз

Әрқашан да, ана, сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Әзіл әңгімелер /КВН үзінді/ орындайтын 9 сынып оқушылары

Жүргізуші:Күнде той бола бермес дәл осындай,

Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай,

Өмірде саған жақын адам болмас

Түн ұйқысын төрт бөлген анашыңдай.

Ән «Ана»

Жүргізуші:Пәк сезіммен тілеймін адамдарға

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

Өмірде ана- бақыт, ана - пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Ән «Мереке күніңмен» орындайтын Айбек, Аққу, Казбек

«Ана деген» А Бақтыгерееваның өлеңі оқылады

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Құттықтаймыз мейрамыңмен аналар,

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе адамның мейірін,

Орнар еді бар әлеме тыныштық.

Ана деген - адамзаттың данасы,

Ана деген - сәбилердің панасы.

Ана деген - жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген - қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген - өмірдегі қамқорың,

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым.

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәр береді ақ сүтің,

Кен құшағың аясындай гүл бақтың.

9- сыныптардың КВН қойылымдары

Жүргізуші:

Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма?

Борышты оған небір дархан дала да.

Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,

Ей, адамдар, жол беріңдер анаға!

О,аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сиыныңдар, ана деген тәңірге.!

Осымен әдеби-музыкалық кешіміз аяқталды. Құрметті қонақтар, ұстаздар сіздерді көктем мейрамы - Сегізінші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге бақыт, денсаулық. Шығармашылық табыс тілейміз!

ХОР «АНА»

© 2010-2022