Презентация на тему Натурал сандарды көбейту және бөлу

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презентация на тему Натурал сандарды көбейту және бөлуСабақ: № 4

Пәні: Математика

Күні: 05.09.2015

Сыныбы: 5а, 5ә

Сабақтың тақырыбы: Жазықтық. Нүкте. Түзу. Сәуле

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жазықтық, нүкте, түзу туралы толық түсіндіріп, оларды есеп шығару барысында қолдана білуге машықтандыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың 4 сыныпта өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін есеп шығару барысында тексеру, өтілген материал мен жаңа материалды ұштастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың қорытынды жасау, нақтылау, жалпылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелілік: Оқушылар берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім, білік және дағдыларын игерту сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай үлестірме қағаздары.

Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, топпен, жұппен жұмыс, бақылау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару.

ІІ. Жаңа материалды игерту.

Көлдегі су беті, үстелдің беті, терезе шынысының беті жазықтықтың бөлігі туралы түсінік береді. Жазықтықтың шеті болмайды. Жазықтық барлық бағытта шектеусіз. Суреттерде жазықтық ретінде оның бөлігін ғана кескіндейміз. Мысалы парақ бетін жазықтық ретінде қабылдаймыз.

Презентация на тему Натурал сандарды көбейту және бөлу

1,1-суретте жазықтықтағы Е, F және К нүктелері кескінделген. Нүкте латын алфавитінің бас әріпімен белгіленеді. «Е нүктесі», «F нүктесі», «К нүктесі» деп оқылады.

Керілген жіп түзу туралы түсінік береді. Егер допты қолымыздан жіберіп қалсақ, онда ол жерге қарай түзу бойымен қозғалады.

Презентация на тему Натурал сандарды көбейту және бөлу

1.2-суретте сызғышты пайдаланып, жазықтықтағы А және В нүктелері арқылы жүргізілген түзу кескінделген. Түзу латынның бір кіші әрпімен немесе екі бас әрпімен белгіленеді.

1.3, а-суретте l түзуі кескінделген. Белгіленуі: «l түзуі».

1.3, ә-суретте АВ немесе ВА түзуі кескінделген. Белгіленуі: «АВ түзуі» немесе «ВА түзуі». Мұндағы А және В - түзу бойындағы нүктелер.

Кез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады. Қиылысатын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі болады.

Жазықтықта l түзуін жүргізіп, оның бойынан О нүктесін белгілейік. О нүктесі түзуді екі бөлікке бөледі. Осы бөліктердің әрқайсысы О нүктесінен басталатын сәуле деп аталады. Мұндағы О нүктесін сәуленің басталу нүктесі деп атайды. Сәуле латынның екі бас әріптерімен белгіленеді.

Сәулені екі әріппен белгілегенде бірінші орынға оның басталу нүктесі белгіленген әріп жазылад, сонан соң сәуле бойындағы қандай да бір нүктені білдіретін әріп жазылады.

Сәуленің басталу нүктесі бар, ал аяқталу нүктесі болмайды.

Нүктемен түзуді бөлгенде шығатын сәулелер толықтауыш сәулелер деп аталады.

ІІІ. Есептер шығару.

№ 28 есеп

F

Е

ЕF түзуі

№ 29 есеп

  1. А нүктесі l түзуінің бойында жатыр;

  2. В нүктесі l туінің бойында жатқан жоқ;

  3. С нүктесі l туінің бойында жатқан жоқ;

  4. D нүктесі l түзуінің бойында жатыр;

  5. Е нүктесі l туінің бойында жатыр.

№ 30 есеп

  1. Р нүктесі ОА сәулесінің бойында жатқан жоқ;

  2. F нүктесі ОА сәулесінің бойында жатыр;

  3. Н нүктесі ОА сәулесінің бойында жатқан жоқ;

  4. N нүктесі ОА сәулесінің бойында жатыр.

IV. Қортындылау.

  • Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?

  • Сәуленің түзуден өзгешелігі неде?

  • Қандай сәулелер толықтауыш сәулелер деп аталады?

V. Үйге тапсырма беру.

Үйге: №31; №32 (12 бет), § 1.2

№ 31 есеп

№32 есеп

VI. Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау. Бағаны талдау.


© 2010-2022