Сыныптан тыс іс шара 5 - 6 сыныптар үшін

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика ертегілер елінде

5-6 сыныптар арасында математика пәні бойынша сыныптан тыс шара


Іс-шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, топтық жарыс

Іс-шара мақсаты:

  • Математикадан білімдерін толықтыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту

  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қбілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын, сөйлей білу, өз тұжырымын дәлелдей білу іскерлігін дамыту

  • Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жаупкешілікке тәрбиелеу

Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Математика ертегілер елінде» тақырыбындағы ойынымызда 5 - 6 сыныбының оқушылары білімдерін сынамақшы. Ортадағы топтармен таныстыра кетейік: «Ханзадалар» мен «Ханшайымдар».

Бүгінгі сайысымыз ерекше болмақ. Біз сендермен ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Әр түрлі ертегі кейіпкерлерімен таныса отырып, тапсырмалар орындаймыз, жұмбақ шешеміз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысалық...

Сайысымыз төрт бөлімнен тұрады:

1) «Ертек-ертек , ерте екен...»

2) «Ақ сандық, көк сандық»

3) «Ойнар»

4) «Сырлы сандар әлемі»

5) «Тапқыр болсаң шешіп көр»

І бөлім. «Ертек-ертек , ерте екен...»

Сайысымыздың І бөлімі «Ертек-ертек , ерте екен...». Бұл бөлім бойынша қатысушыларымыз кезек-кезегімен ұяшықтарды таңдау арқылы ертегі кейіпкерлері ұсынған тапсырмаларды орындауы қажет.

1-ұяшық. «Күлшеқызға көмектес»

Күлшеқыз (Золушка) сағат 12-де үйіне қайтуға асықты. Сатымен төмен қарай түсіп келе жатып, туфлиының бір сыңарын түсіріп алды.

Сұрақ: Сатының 21 баспалдағы бар. Туфлиының бір сыңары жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта түсіп қалды. Бұл баспалдаққа Золушка төменнен санағанда қандай нөмір береді? (12)

2-ұяшық. «Қаршақызға көмектес»

Өгей шешемнен қорықпас үшін үйді шарбақпен қоршағым келеді. Тік төртбұрыш формалы қоршаудың ұзындығы 6,8 метр, ал ені 5,2 метрге тең.

Шарбақтың ұзындығын анықтаңдар? (24м)

3-ұяшық. «Алладинге көмектес»

Алладин: «Ұшатын кілемнің көмегімен қалаған жеріме тез жетуім қажет. Кей кезде желмен, кейде желге қарсы бағытта ұшамын».

Сұрақ: Егер ұшатын кілемнің жылдамдығы 55,6 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 1,2 км /сағ болса, онда мен желдің бағытымен қандай жылдамдықпен ұшамын? Ал желге қарсы ше?

4-ұяшық. «Алтыншашты ханшайымның тапсырмасы»

Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңдар:



5-ұяшық. «ЕСЕПТЕҢДЕР»

Баспалдақтың екеуін бірден аттағанда, біреуден аттағаннан гөрі 10 адым кем болды. Сонда неше басқыш болғанын анықтаңыз. (20)

6-ұяшық. «ЕСЕПТЕҢДЕР»

Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз. (53)

ІІ бөлім. «Ақ сандық, көк сандық»

Сайысымыздың ІІ бөлімі «Ақ сандық, көк сандық». Бұл бөлім бойынша әр топ екі сандықтың бірін таңдап, сандық ішіндегі жұмбақтарды шешуі қажет. Іске сәт!

  • Ақ сандық ішіндегі жұмбақтар

2) Бар екен үш қанатты ұшып кетпес,

Егін сап жұрт қатары кәсіп етпес.

Өзінің мекенінен шығып кетсе.

Тіршілік көремін деп үміт етпес.

(балық)

3) Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.

(Түзу)

  • Көк сандық ішіндегі жұмбақтар

1) 1 ағаштың 12 бұтағы бар

Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара, кәнеки ойлан тап?

(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)

2) Бір-ақ жерде жасында

Тұрды оранып жасылға.

Қартайғанда сарғайды.

Кезіп кетті сай-сайды.

(қаңбақ)

3) Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі,

Дәл жауапты қостадым.

(шеңбер)

ІІІ бөлім. «Ойнар»

Басыр, басыр бас ойнар,

Екі бақсы тас ойнар.

Көбік қарда түлкі ойнар,

Көктемде жылқы ойнар,

Жыртық үйде тамшы ойнар,

Көже менен тұз ойнар,

Етік пенен біз ойнар...

-дей отырып, сайысымыздың ІІІ бөліміне көшелік. Сайысымыздың осы бөлімінде сендер логикалық есептер шығарасыңдар.

1-тапсырма. Құрбақа тереңдігі 50 метр құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады? (7 күнде)

2-тапсырма. Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады "Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл" дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

3-тапсырма: Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған?

4-тапсырма. Дөңгелекті үш түзумен ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болатынын табыңыз. (7)

«Сырлы сандар әлемі» (әр сұраққа дұрыс жауап үшін 5 ұпай):

1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

44444444 = 500

2. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой

333333 = 1000

3. Бесбірліктің көмегімен 100 санын жаз: 111-11=100

4. Бес бестіктің көмегімен 100 санын жаз: 5*5*5-5*5=100

«Тапқыр болсаң шешіп көр».

Әр топқа логикалық тапсырма беріледі. Тапсырма құны 3 ұпай

Сонымен бүгінгі сайысымыз да аяқталып қалды. Ал енді әділ-қазылар алқасына сөз берелік!

© 2010-2022