Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы

№11 орта мектеп




Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы






Талдықорған 2012ж

Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, тиянақтау

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық, , ой қозғау

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі:

I.Ұйымдастыру: Оқушыларды үш топқа бөліп, ынталарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Біліміңді байқап көр»

1. Санның арифметикалық ортасы дегеніміз не?

2. Өзгеріс ауқымы дегеніміз не?

3. Шаманың модасы дегеніміз не?

4. Мына берілген сандардың модасы неге тең:1,3; 0,4; 5; 3; 0,4; 2;

5. 10 мен 12 сандарының арифметикалық ортасы неге тең?

6. Мына берілген сандардың өзгеріс ауқымы неге тең: 1,3; 0,4; 5; 3; 0,4; 2;

ІII кезең. Бөшкеден шыққан бас қатырғыш

1. Әлібек бір сан ойлады. Сол санды 2,5 есе кемітіп, нәтижесінен 18,25 санын азайтқанда 13,95 саны шықты. Әлібек қандай сан ойлады.

2. Данияр аулаған балықтарын жеке-жеке өлшегенде массалары: 1,2 кг; 3,24кг; 1,9кг; 2,16кг; 2кг болды. Даниярдың аулаған бір балығының орташа массасы неше килограмм?

3. Машина бір күнде 8,5 га жерге картоп отырғызды. Ол 102га жерге неше күнде картоп отырғызады?

IV. Деңгейлік тапсырмалар

А

Сандардың арифметикалық ортасы мен өзгеріс ауқымын тап

І топ. 7,381; 5,004; 6,118; 8,019; 7,815; 5,863.

ІІ топ. 42,165; 0,61; 3,42; 22,165; 8,36; 17,84.

ІІІ топ. 23,65; 18,21; 62,75; 1,25; 7,83; 5,35.

В

І топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,6-ға тең. Бірінші сан 5,4. Екіншісін тап.

ІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 3,1-ге тең. Бірінші сан 3,8. Екіншісін тап.

ІІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,9-ға тең. Бірінші сан 5,2. Екіншісін тап.

С

І топ. Екі санның арифметикалық ортасы 22,49-ға тең. Екінші сан біріншісінен 1,6 есе артық. Осы сандарды тап.

ІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,4-ке тең. Екі санның біреуі екіншісінен 1,4-і артық. Осы сандарды тап.

ІІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 30-ға тең. Бір сан екіншісінен 1,5 есе артық. Осы сандарды тап.

V. Сиқырлы мозаика

С

М

А

Т

Е

Ө

Т

А

Ү

Ш

М

М

Қ

Е

Ө

Е

М

Т

А

О

Ң

Р

Б

Е

С

Т

С

Д

Н

И

К

А

И

У

Е

Е

К

С

Б

К

Ө

У

К

Т

Т

Л

А

О

Н

И

Б

Ө

Л

Ш

Е

К




Математика, үш, өрнек, икс, бес, бөлшек, теңдеу, қосу, он

Тест тапсырмалары:

1. Бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелекте.: 234,785

А) 234 Ә) 234,7 Б) 234,8

2. Өзгеріс ауқымын табыңдар: 8,3 ;5; 3,1; 0,9

А) 6,4 Ә) 3,3 Б) 7,4

3. 5,71; 2,93 сандарының арифметикалық ортасын тап.

А) 4,32 Ә) 43,2 Б) 432

4. 570,72; 36,376 сандарының арифметикалық ортасын тап, жүздік үлеске дейін жуықта

А) 303,6 Ә) 30,355 Б) 303,55

5. Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан қалай аталады?

А) мода Ә) шама Б) өзгеріс ауқымы

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма.

1. Математикалық сөзжұмбақ.ребус құрастыру


А деңгейі

Сандардың арифметикалық ортасы мен өзгеріс ауқымын табыңдар:

І топ. 7,381; 5,004; 6,118; 8,019; 7,815; 5,863

В деңгейі

І топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,6-ға тең. Бірінші сан 5,4. Екіншісін тап.

С деңгейі

І топ. Екі санның арифметикалық ортасы 22,49-ға тең. Екінші сан біріншісінен 1,6 есе артық. Осы сандарды тап.

А деңгейі

Сандардың арифметикалық ортасы мен өзгеріс ауқымын табыңдар:

ІІ топ. 42,165; 0,61; 3,42; 22,165; 8,36; 17,84.

В деңгейі

ІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 3,1-ге тең. Бірінші сан 3,8. Екіншісін тап

С деңгейі

ІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы

4,4-ке тең. Екі санның біреуі екіншісінен 1,4-і артық. Осы сандарды тап

А деңгейі

Сандардың арифметикалық ортасы мен өзгеріс ауқымын табыңдар: ІІІ топ. 23,65; 18,21; 62,75; 1,25; 7,83; 5,35

В деңгейі

ІІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,9-ға тең. Бірінші сан 5,2. Екіншісін тап

С деңгейіІІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 30-ға тең. Бір сан екіншісінен 1,5 есе артық. Осы сандарды тап.

© 2010-2022