Құзыреттілік тұрғысынан студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың мәселелері

Еліміздің көшін болашаққа сүйреп апаратын негізгі күштің бірі – білім. Ал елдің ертеңі терең білімді, ой - өрісі мен таным – түсінігі биік  жас ұрпақтың қолында. Олай болса, біздің басты міндетіміз – жаңа заман үрдістеріне сәйкес экономикалық әлеуметімізді молайту үшін қажыр – қайрат көрсете білетін, ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, алған білімдерін әлемдік талаптармен үндестіре алатын жастарды тәрбиелеу. Бұл аумақты мәселелерді жүзеге асыруда аса маңызды, қоғамның белсенді өкілі, жетекш...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құзыреттілік тұрғысынан студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың мәселелері.



Ж.Досхұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы : Гүлбаршын Мүтиғоллақызы Сапахова.

Орал қаласы










Тақырыбы: Құзыреттілік тұрғысынан студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың мәселелері.

Еліміздің көшін болашаққа сүйреп апаратын негізгі күштің бірі - білім. Ал елдің ертеңі терең білімді, ой - өрісі мен таным - түсінігі биік жас ұрпақтың қолында. Олай болса, біздің басты міндетіміз - жаңа заман үрдістеріне сәйкес экономикалық әлеуметімізді молайту үшін қажыр - қайрат көрсете білетін, ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, алған білімдерін әлемдік талаптармен үндестіре алатын жастарды тәрбиелеу.

Бұл аумақты мәселелерді жүзеге асыруда аса маңызды, қоғамның белсенді өкілі, жетекші тұлғасы - мұғалім. Халыққа білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері мұғалімдердің кәсіби даярлықтарының жоғары болу сапаларына әрдайым талаптар жүктеп отырады. Нәтижеге бағдарланған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне көшу психологиялық-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мазмұны мен технологияларын, мақсаттар проблемаларын өзектендіреді. Пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар мен мектептердің, колледждердің, гимназиялардың және т.б. білім беру мекемелерінің көбеюі, сонымен қатар әр түрлі оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу құралдарының жарық көруіне байланысты мектеп пәндерінің мақсаттары да өзгереді. Бұл мәселелердің барлығы мұғалімдерге, олардың жоғары оқу орындарында оқу мерзімі аралығындағы кәсіби даярлықтарына жаңа, жоғары талаптар жүктейді. Педагогикалық оқу орындары жақын арада бұрынғыдай жалпы орта білім беретін мұғалімдер дайындау жүйесінен әр түрлі оқу мекемелерінде жұмыс істей алатын көп деңгейлі жүйеге көшу керек. Ендеше мұны ойдағыдай шешу үшін мұғалімдер дайындау ісін кәсіби бағдар беру тұрғысынан жоғары сатыға көтеру мәселесі тұр. Әсіресе, математикалық білімдердің рөлі артып отырған қазіргі мезгілде болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби даярлықтары өзекті мәселенің бірі болып отыр.

Педагогикалық оқу орындарында білікті матеметика мұғалімдерін даярлау - мектеп оқушыларының математика пәні бойынша алатын білімдерінің жоғары деңгейде болуының кепілі. Бұл мәселенің шешімін табу арқылы біз педагогикалық және жалпы мәдени деңгейі жоғары, өз ісін жетік меңгерген жеке тұлғаны қалыптастырамыз. Оның шешімін іздеудің әртүрлі жолдары бар. Соның бірі - болашақ мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында оқылатын математикалық курстар арқылы студенттер бірнеше құзыреттілікті игеруге міндетті. Олар мыналар:

  • Коммуникативті құзыреттілік-өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуге,түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға үйрету;

  • Оқу-танымдық құзыреттілік-студенттердің зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін құзыреттілік;

  • Мәдениет танымдық құзыреттілік - болашақ мұғалімдерді мектепте оқылатын математикалық түсініктердің ғылыми негіздерін білуге баулу;

  • Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік - студенттерді қазіргі заман математикасының міндеттерімен таныстыру;

  • Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі - болашақ мұғалімдерді есеп шығара білу мен әртүрлі ғылым салаларында туындайтын мәселелерді математика тілінде тұжырымдай алу іскерліктеріне үйрету;

  • әлеуметтік құзыреттілік-студенттерді математикалық теориялардың жаратылыстану құбылыстарында, техникада және т.б. қолдану аясымен таныстыру;

  • арнайы құзыреттілік-болашақ мұғалімдерді оқытудың тәрбиелік міндетімен қамтамасыз ету арқылы оқушылардың жалпы мәдени деңгейін өсіру және дүниетанымы мен жеке тұлғаларын қалыптастыруы жолдарына үйрету.

Болашақ математика мұғалімдеріне нақты сан, комплекс сан, шек, үзіліссіздік, туынды, интеграл, қатар, дифференциалдық теңдеу, сызық, доғаның ұзындығы, бет, аудан, көлем, кеңістік, группа, сақина, өріс, көпмүше және т.б. негізгі математикалық түсініктерді және олармен тығыз байланысты теориялар мен теоремаларды қазіргі заман математикасы тілінде, ғылыми негізде үйретуіміз қажет.

Осындай ауқымды мәселелердің шешімін табуда «Мектеп математика пәнінің курсы » пәнінің маңызы зор. Бұл курсты оқу негізінде болашақ мұғалімдер өздерінің жалпы математикалық мәдениеттерін жетілдіре отырып, келешекте мектеп математикасына қатысты көп мәселелерді үйренеді. Сондай - ақ мектеп математикасындағы кейбір теориялық мәселелердің аяқталмай қалу немесе толық берілмеу себептерін түсінеді. Жоғары математика курстарын білмей сауатты мұғалім шықпайтынына көздері жетеді. Сонымен қатар бұл курсты болашақ мұғалімдерге оқыту жоғары математика курстарының негізгі идеяларын толық және терең түсінуге мүмкіндік береді. Шындығында, бұл байланыс, біріншіден, мектеп математика пәні мен жоғары математикалық курстардың арасындағы сабақтастықты жүзеге асырады, екіншіден, студенттердің мектеп математикасынан бұрыннан таныс материалдар арқылы жоғары математика курстарын еркін түсінулеріне жол ашады.

Біздің колледжде «Негізгі мектептегі математика және физика пәнінің оқытушысы» мамандығы 2004-2005 оқу жылынан бастап ашылды. Студенттерді оқыту барысында олардың білімдерін бір жүйеге келтірудің қажетті шарты мұғалімдердің оқу материалын жүйелендіруі мен студенттің жинақталған білімдерін жүйелендіре білуі.

Студенттердің терең білімін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру үшін білімін жалпылауға, нақтылауға, салыстыруға, меңгерген білімді өзінше пайымдауға бағыттау керек.

Осы мақсатта өзім дәріс беретін студенттермен мектеп математика курсы пәнінің әр тақырында мынадай кестемен жұмыстануға бағыт беремін.

Құзыреттілік тұрғысынан студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың мәселелері.





Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді.

12-жылдық білім берудің стандарты авторы Ш.Х.Құрманалина колледждегі оқытудың шығармашылық технологиялары ұстазбен студенттің ынмақтастығы негізінде қалыптасуына,колледж түлегінің өзгермелі жағдайда әлеументтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын сапалық кешенін дамытуға зор көңіл бөліп отырады.

12 жылдық жалпы білім берудің мақсаттарының тағы бірі ақпараттық-технологиялық құзіреттілік - бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу.

Студенттердің бұл өзіндік зерттеулері олардың жеке шығармашылық қабілеттерін, ойлау мен зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту шығармашылық сипатқа ие және басты бағдары - білім беру, іздеу арқылы білімді практикаға қолдану, студенттің жалпы және арнайы қабілетін дамыту, білім-біліктерді меңгеру мүмкіндіктеріне жол ашу.

Студенттердің таңдайтын еркін тақырыптары:

  1. Функция;

  2. Теңдеу;

  3. Теңсіздік;

  4. Дәреже;

  5. Түбір;

  6. Сан ұғымының кеңеюі;

  7. Туынды;

  8. Логарифм;

  9. Тұрақтылар (е - саны,π-саны);

  10. Жазықтықтағы фигуралар;

  11. Кеңістіктегі фигуралар;

  12. Геометрия курсындағы аксиомалар;

  13. Көрсеткіштік функция;

  14. Тригонометрия

Осы тақырыптарды студенттер таңдап алып, жұмыстанады. Әрі қарай осы тақырыпты курстық жұмыс ретінде жалғастыруға ерікті.


Қолданылған әдебиеттер :

1. Ш.Х.Курманалина. Оценка качества профессиональной

компетентности учителя.

2.А.Е.Кондратенков. Труд и талант учителя.

3.И.Ф. Шарыгин. Факультативный курс по математике.

4. 12-жылдық білім. Журнал № 6,8 . 2006 .





© 2010-2022