«ХХІ ғасырдың жас математигі» атты интеллектуалдық ойын

«ХХІ ғасырдың жас математигі»атты интеллектуалдық ойын.   Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. «ХХІ ғасырдың жас математигі» танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау, логикалық ойларын дамыту. Оқушыларды жинақтылыққа, ұқыптылыққа, тәртіліпке және ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайд Барысы:          Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет... 1 Математика және биология 40   2 Математика және мамандық 40   3 Математика және технология 40   1.     Математика және биология: Қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, аяқтарының саны 48 болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? (6 тауық, 9 қаз) 2.     Математика және мамандық: Бір мектепте оқыған үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Қарасаев , Иманбаев, Саматов. Дәрігердің інісі де, қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Қарасаевтың қарындасымен жұмыстас. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар.  (Дә...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ХХІ ғасырдың жас математигі» атты интеллектуалдық ойын.


Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. «ХХІ ғасырдың жас математигі» танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау, логикалық ойларын дамыту. Оқушыларды жинақтылыққа, ұқыптылыққа, тәртіліпке және ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд

Барысы:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ.Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.

Олай болса, 9-сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «ХХІ ғасырдың жас математигі» атты интелектуалдық сайысымызды бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл-ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән - математика атанғансың! -дей келе ортаға «ХХІ ғасырдың жас математигі» ойынына қатысушыларды шақырамыз.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады:

І бөлім - «Бәйге»

ІІ бөлім - «Тіл - өнер»

ІІІ бөлім - «Дода»

ІY бөлім - «Тапқырлық»

Y бөлім - «Жорға»

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын - дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.

І бөлім - «Бәйге». Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

Сұрақтар:

  1. Геометрия сөзі грек тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)

  2. Кез келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан? (1)

  3. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді. (медиана)

  4. Шеңбердің ең үлкен хордасы. (диаметр)

  5. 2 ғасырда неше жыл? (200)

  6. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)

  7. Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу)

  8. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ? (параллель)

  9. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

  10. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90)

  11. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1)

  12. Геометриялық жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі. (планиметрия)

  13. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180 градус)

  14. Кез келген санның 0 дәрежесі (1)

ІІ бөлім - «Тіл - өнер».

Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер - дей келе, «Тіл - өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал-мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшыншаға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.

Осы бөлімнен кейін ұпайы аз оқушы ойынмен қош айтысады.

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)

  2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. (қалам, ручка, pen)

  3. Ел құлағы . . . (елу, пятьдесят, fifty)

  4. Отыз тістен шыққан сөз - . . . рулы елге тарайды. (отыз, тридцать, sooty)

  5. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book)

Ұпайы аз оқушы шығады.

ІІІ бөлім - «Дода».

Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,

Мықтылары қалыпты жеңсінт енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді - дей келе, сайысымыздың бөлімі «Дода» бөліміне келіп жеттік. Бұл бөлімде 3 тақырып беріледі. Әрбір оқушы 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

1

Математика және биология

40


2

Математика және мамандық

40


3

Математика және технология

40


  1. Математика және биология: Қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, аяқтарының саны 48 болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? (6 тауық, 9 қаз)

  2. Математика және мамандық: Бір мектепте оқыған үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Қарасаев , Иманбаев, Саматов. Дәрігердің інісі де, қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Қарасаевтың қарындасымен жұмыстас. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар. (Дәрігер - Иманбаев, мұғалім - Қарасаев, ақын - Саматов)

  3. Математика және технология: Бір мейірман адамның үйіне қонақтар келіпті. Оларға алдымен шай, содан соң қазанға ет салынады. Табақ тартылар кезде үй иесі әйеліне келіп: екеуара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеуара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады, енді не істеу керек? -дейді. Сонда қонақтар саны қанша, табақ саны қанша? (12 қонақ, 5 табақ)

Ұпайы аз оқушы шығады.

ІY бөлім - «Тапқырлық».

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан, цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім мен оларды айтып бермек үшін - деп, келесі бөлімге кезек береміз.

Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәлігіне неше рет қоңырау соғады? (1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12)*2+24*2=204

ІY бөлім - «Жорға».

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау - дей отырып, ойынымыздың «Жорға» Y бөлімінде әрбір ойыншыға жеке-жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.


  1. Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрімен қосатын кесінді (радиус)

  2. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан (өзара жай сан)

  3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

  4. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан (натурал сан)

  5. 369 саны 3-ке бөліне ме? (бөлінеді)

  6. Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)

  7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)

  8. Бағытталған кесінді (вектор)

  9. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)

  10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)


  1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центрі арқылы өтетін кесінді (диаметр)

  2. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)

  3. 640 саны 5-ке бөліне ме? (бөлінеді)

  4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)

  5. Натурал сандар нешеден басталады? (1)

  6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)

  7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)

  8. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не π-дің мәні (3,14)

  9. Биссектирсалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш (шаршы, ромб)

  10. ОУ осі қалай аталады? (ордината)

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - дей отырып, жеңімпазды анықтау.



© 2010-2022