Математика 6 сынып ашық сабақ тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 6 сынып ашық сабақ тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуСабақ жоспары

Пән: математика

Сынып: 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер түрін анықтай алу,шешу ережесін білу және түбірін табуға есептер шығару

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру,топпен жұмыс жасай білу

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдістері:жеке және топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: проектор,карточкалар

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру

  1. Үй жұмысын тексеру-ғарыш кемесі

  2. Қайталау сұрақтары-балық аулау,жолға азық

  3. №1 кедергі «Ереже» топпен жұмыс

  4. №2 кедергі «Оқулықпен жұмыс №837» (жеті керемет)

  5. С/с

  6. №3 кедергі «теңдеу шешу» №849

  7. Үй жұмысы

  8. Тест-балама (иә,жоқ)

  9. Бағалау

  10. кроссворд

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Үй жұмысын тексеру-ғарыш кемесі. №847 1) -2 2) -2/3 3) -2 1/7 4) 8/9

3.Қайталау сұрақтары-балық аулау,жолға азық.

Сұрақтар: 1. Сызықтық теңдеуге мысал келтір.2. Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

3. 2·х=0 Х-? 4. 0·х=0 Х-? 5. 0х=0 Х-? 6. Теңдеуді шеш: 3·х=-6

7. Теңдеуді шеш:-6·х=-6 8. Теңдеуді шеш: -3·х=12

4. №1 кедергі «Ереже» топпен жұмыс.берілген уақыттың ішінде орындап болған соң, тақтадағы дұрыс жауаппен бір-бірін тексереді.

1 тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді жаз.

Мәндес теңдеулер дегеніміз- түбірлері бірдей теңдеулер.

Мысалы 2х+4= 10 және 4х-12=0 түбірлері бірдей, бұлар мәндес теңдеулер.

2 тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді жаз.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу үшін берілген теңдеуді түрлендіріп,ах=в түріне келтіреміз.Ол үшін келесі қасиеттер қолданылады:

1 қасиет. Теңдеудегі қосылғыштардың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп,осы теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіруге болады.

2 қасиет. Теңдеудің екі жағында 0-ден өзге бірдей санға көбейтуге немесе бөлуге болады.

3 тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді жаз.

ах=в теңдеуінің түбірін табу үшін

  1. а≠0 болса, теңдеудің екі жағында а-ға бөліп, х=Математика 6 сынып ашық сабақ тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу теңдеуін жазамыз, теңдеудің бір ғана түбірі болады.

  2. а =0, в≠0 болса, теңдеу 0х=в түрінде жазылады.Теңдеудің түбірі болмайды.

  3. а =0, в=0 болса, теңдеу 0х=0 түрінде жазылады.Теңдеудің түбірі шексіз көп болады.

5.№2 кедергі «Оқулықпен жұмыс №837» (жеті керемет)

1) х=2000 б.з.д. мысыр пирамидалары салынған ғасыр.(шағын мағлұмат)

2) х=430 б.з.д. Галикарнастағы Мавзолей салынған ғасыр

3) х=7 б.з.д.Эфесте Артемиада храмының салынған жылы

4) х=4 б.з.д Олимп жерінде Зевс статуясының салынған жылы

5) х=550 б.з.д Вавилонда Семирамида аспалы бағы салынған ғасыр.

6) х=292 б.з.д Родостағы Гелиос статуясының салынған жылы.

7) х=280 б.з.д Александрия маягының салынған жылы.

6.С/с

7. №3 кедергі «теңдеу шешу» №849 тақтада жеке жұмыс

1) х= 1976 2) х=37,5 3) х=3,8

8.Үй жұмысы: №850

9.Тест. Екі нұсқамен (Өзін-өзі тексеру)

10.Бағалау

11. кроссворд






Математика 6 сынып ашық сабақ тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуМатематика 6 сынып ашық сабақ тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

«Балық аулау»

Қайталау сұрақтары «Ғарышқа саяхат»

Математика 6 сынып ашық сабақ тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуМатематика 6 сынып ашық сабақ тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

«Ғарыш кемесін дайындау» «Тарих беттерінен»

Топпен жұмыс







Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімі

«№3 орта мектебі»КММ





Ашық сабақ


Математика 6 сынып


Математика 6 сынып ашық сабақ тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Тақырыбы:

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу»

(теңдеулер әлеміне саяхат)

Мұғалім: Досова Г.М.




2016 оқу жылы

© 2010-2022