Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:_________

Пәні:математика

Сыныбы: 5

Тақырыбы:Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Мақсаты:

БІЛУ КЕРЕК :

  • Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту;

  • Ондық бөлшекте үтірден кейін неше ондық таңба болса, шыққан көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен айыруды білу;

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу;

ә)оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын даярлау;

б)оқушыларды түгендеу;

в) үй жұмысын тексеру;(5 минут)

2. Өткен тақырыпты қайталау

Сұрақ-жауап:

1.Ондық бөлшектерді қалай қосады, қалай азайтады?

2. Ондық бөлшекті 10, 100, 1000, ... разряд бірліктеріне көбейткенде үтір қалай қойылады?

3.Санды 1000-ға бөлгенде үтір неше цифрға және қай жаққа қарай ығысады?

(2 минут)

Жаңа сабақ

Алматы «Атамұра» 2015 (105 бет)

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:(5минут)

  1. үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек;

  2. ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.

Мысалдар:

25,85 ∙ 7 = 180,95

8,9 ∙ 6 = 53,4

0,009 ∙ 7 = 0,063

Ауыстырымдылық қасиеті: 2,81 ∙ 3 = 3 ∙ 2,81

Терімділік қасиеті: (3 ∙ 2,5) ∙ 4 = 3 ∙ (2,5 ∙ 4)

Үлестірімділік қасиеті: (6,3+2) ∙ 5 = 6,3 ∙ 5 + 2 ∙ 5

Оқулықпен жұмыс

№1335. Көбейтуді орындаңдар (1,4,7) (3 минут)

1)6,3 ∙ 7 = 44,1 4)4,5 ∙ 12 = 54 7)9,03 ∙ 17 = 153,51

№1338. Жеңіл машина 74,8 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 4 сағатта қандай қашықтыққа барады? (3 минут)

Берілгені:

v - 74.8 км/сағ

t - 4 сағ

табу керек: s - ? км

Шешуі:

s=v ∙ t

s= 74,8 ∙ 4

s=299,2

жауабы: s= 299,2 км

№1340. 1 кг кәмпиттің бағасы 560 тг. (3 минут)

  • 3 кг 500 г кәмпит сатып алу үшін қанша ақша төлеу керек?

  • а кг кәмпит сатып алу үшін қанша ақша төлеу керек?

Берілгені:

1 кг - 560 тг

табу керек: 3 кг 500 г - ? тг

Шешуі:

3 кг 500 г = 3,5 кг

3,5 кг ∙ 560 = 1960

Жауабы: 3 кг 500 г = 1960 тг

табу керек: а кг - ? тг

а ∙ 560 = 560а

жауабы: а кг = 560а

№1345 тиімді тәсілмен есептеңдер: (6 минут)

1)8,3 ∙ 7 + 4,5 ∙ 7 + 1,7 ∙7 + 5,5 ∙ 7 = 7 ∙ ((8,3 + 1,7) + (4,5 +5,5))= 7 ∙ (10 + 10)=

7 ∙ 20 = 140

2)0,85 ∙ 4 +0,73 ∙ 5 + 0,15 ∙ 4 + 0,27 ∙ 5 = 4(0,85+0,15) + 5(0,73 + 0,27)=4+5=9

Теңдеуді шешіңдер: (4 минут)

1) 2)

Бағалау (4 минут)

Үй жұмысы №1335 аяқтау, 1337, 1342

Қорытынды: бүгінгі сабақта, оқушылар, ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді және үтірді қалай ажыратуды үйренді.

© 2010-2022