Математика 1 сынып «Әріпті және санды өрнек. Қайталау. »

Математика пәнін қызықты  әрі  тақырыпты  толық  меңгерту  үшін мұғалім  тарапынан  көп  дайындықты  талап етеді.  Жалпы  мұғалім  сабақта,  әр оұушының  өз бетімен жұмыс  жасауына, ой-өрісін кеңейтуді мақсат етеді. 1-ші сыныпта  пәнаралық  байланысты ұтымды  пайдалану, оқушының  есте сақтау, ойлау қабілеттерінің  дамуына  тигізер  әсері  зор. 1-сынып  оқушыларының математикадан  алған  білім, білік дағдыларын терең, берік  меңгеруіне  жағдай жасайды. 1-ші сыныпта   «Әріпті  және санды өрнек» туралы  нақты білім беріледі. Оқулықтағы  әр тапсырманы  ойын түрінде және ертегі кейіпкерлеріне  айландырып оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  белсенділік арттыру  көзделеді.  Топпен жұмыс  жасағанда  бір-бірін  тыңдауды, бір – біріне  көмек көрсетуді, толықтыруды, топ ережесіне  бағынуға қалыптасады. Бұл сабақта  оқушыларға  есеп  шығартумен  қатар құстар туралы  қосымша  қызықты  мәліметтер де берілді.  Математика сабағы арқылы  оқушылардың  дүниетану  пәніне деген  қызығушылықтары оянды, арта түсті. «Қызықты шаршылар» тапсырмасында оқушының  логикалық  ойлауына  жағдай  жасалды. Жалпы математика  сабағында  оқушылар  нітижеге жетуге, шешім  қабылдауға  қалыптасады.
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 1 сынып

Тақырыбы: Әріпті және санды өрнек. Қайталау.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың әріпті және санды өрнек туралы алған білімдерін тиянақтау, есепті өз беттерімен шығаруға машықтандыру;

  2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  3. Құстарға қамқор болуға, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу;

Көрнекіліктер:

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Компоненттерді ата

  • 10 санының құрамы

  1. Жаңа сабақ

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Көктемнің ерекшелігі

  • Олай болса бүгінгі сабаққа жыл құстары сендерге арнап тапсырмалар әкеліпті.

  • Орындайсыз ба?

  • Қазақстанда 600-ге жуық құстар бар.

1-тапсырма: «Ұзақ» Ұзақтың келгені көктемнің белгісі

Азайтқышы 8 болатын айырма жаз, мәнін тап.

10-8=

9-8=

8-8=

2-тапсырма: - менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, жұрттың бәрі ағайыным «көп болып көмектесіп, ұя салып берер» - деп келіспейді.

  • Қай ертегі?

  • Бұл ертегіден көкекті қандай құс деп сипаттаған?

Көкек туралы айту.

а - 8 а=8,9,10 а=7 болуы мүмкін бе?

а - 8 қандай өрнек?

3-тапсырма: Жұмбақ жасыру.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)

Оқулықпен жұмыс: Қыз - 2

Ұл - 8

Барлығы: ? 2+8=10

  1. Сергіту сәті.

«Ұшты-ұшты» ойыны

4-тапсырма. «Қарлығаш»

  • Мына құс туралы не білесіңдер?

  • Қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?

Аңыз айту. «Төле бидің жұртта қалуы»

«Қызықты шаршылар» 9,6

  1. Қорытындылау

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Сабақ несімен ұнады?

  • Сендерге қай тапсырма ең қызықты болды?

  1. Үйге тапсырма.

152 бет №4 есеп, логикалық тапсырма (жасыл қоршау)

  1. Бағалау.



© 2010-2022