Конспект урока по математике Натурал көрсеткішті және көрсеткіші нөлге тең дәреже

Бүгінгі сабақта оқушылар топтың ішінде өзара бағалайтынын айтып, бағалау парағын үлестірдім.Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында «Сұрақтарды ұстап ал!» әдісімен ережелерді қайталадық. Оқушыларды сыни тұрғыда ойландыру мақсатында, «Натурал көрсеткішті дәреже» тақырыбы берілді. Екі топ бір-бірінің жұмыстарына екі жұлдыз және бір ұсыныстарын ұсынды. Постер қорғап болған соң оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. «А», «В», «С» деңгейіндегі есептер беріліп, әрбір оқушы қабілеттеріне байланыст...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7- сынып

Күні: 16.09.13.

Сабатың тақырыбы

«Натурал көрсеткішті және көрсеткіші нөлге тең дәреже»

Мақсаты

Натурал көрсеткішті дәреже ұғымымен танысу, дәреже көрсеткішіне қатысты дәрежеге шығаруды меңгеру

Күтілетін нәтиже

А:

  • Көбейтіндіні дәреже түрінде жаза алады;

В:

  • Оң және теріс сандарды дәрежеге шығарудың ережесін есептер шешуде қолдана алады;

С:

  • Берілген өрнектің немесе теңдеудің дәрежесіне қарай отырып, олардың оң немесе теріс мән қабылдайтынын дәлелдей алады.

Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, маркер, флипчарт, презентация.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

9

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Сыныпты 2 топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру: №50;№51; №52. Жауаптары тақтада слайдпен көрсетіледі.

Алдыңғы тақырыптарды «Сұрақтарды ұстап ал!» әдісімен қайталау. Мұғалім өзі бастап сұрақ қойып, қолындағы қапты келесі топқа лақтырады.

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.

Үйден шығарып келген тапсырмаларды тексеру үшін дәптерлерін сағат тілі бағытымен алмастырып бір-бірінің жұмысын тексереді. Критерий бойынша бағалайды.

Мұғалім лақтырған қапты ұстап алған оқушы сұраққа жауап береді, дұрыс жауап берсе 3 балл алады, қате жауап берсе одан 1 балл алынып келесі топқа лақтырылады. Дұрыс жауап берген жағдайда сол оқушы өзі сұрақ қойып келесі топқа лақтырады.

Тұсаукесер

15

Топқа зерттеушілік әңгімеге нұсқаулық беріледі. Нәтижесі постер қорғаумен аяқталады.


Тапсырманы жеке оқу; топпен талдау; постер жасау, қорғау. Топпен өзара екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.

Негізгі бөлім

16

1. Оқушыларға деңгей бойынша тапсырмалардың бағытын түсіндіріп, есептер береді.

А:№34;В:№42;С:№55

2. Стикердегі диалог әдісін қолдану арқылы жұптық жұмыста барлығына бірдей қолжетімді тапсырмалар беру. №49.

1. Әрбір оқушы өзіне берілген есепті шешеді; критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.

2. №49 есепті әрбір жұп екі пункттен алып, берілген әдісімен шешеді. Қате кеткен жұптар өзара талдап, көршісіне көмектеседі.

Қорытынды

5

Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, үй тапсырмасын беру.№67;80;84.

Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.



Бағалау критерийі

І. Үй тапсырмасы: №10;№16; №22.

А

(max 2)

№50

0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаса

1

Оқушы есепті шешуде теңдеулер жүйесін дұрыс құрып, арифметикалық есептеуде қателессе

2

Оқушы есепті толықтай дұрыс шығарса

В

(max 2)

№51

0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаған

1

Оқушы есепті шешуде қателіктер жіберсе

2

Оқушы есепті толықтай дұрыс шешсе

С

(max 2)

№52

0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаған

1

Оқушы есепті шешу барысында жақшаны ашу ережесінен қателіктер жіберді

2

Оқушының жұмысы толығымен дұрыс орындаған

ІІ. Деңгейлік тапсырма: А:№34;В:№42;С:№55

А

(max 2)

№34

0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаған

1

Оқушы есепті шешуде дәрежеден қателессе

2

Оқушы есепті толықтай дұрыс шешсе

В

(max 2)

№42

0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаса

1

Оқушы берілген есепті ықшамдауда қателессе

2

Оқушы есептің шешімін толықтай дұрыс тапса

С

(max 2)

№55

0

Оқушы есептің шешуге ешқандай жұмыстанбаса

1

Оқушы есепті шешуде таңбадан қателессе

2

Оқушы есептің шешімін дұрыс тапса

ІІІ. Жұптық жұмыста қолжетімді тапсырмалар беру: №51 .

В

(max 2)

№51

0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаса

1

Оқушы есепті шешуде таңбадан қателессе

2

Оқушы есепті дұрыс шығарса

Оқушыны бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Деңгейлік кеңейтілген тапсырма

Қол жетімді тапсырма

Барлығы

Барлық ұпай саны

6

6

2

14


























Ұпайларды мектеп бағасына алмастыру:

Жинаған ұпайлардың қосындысы

Баға

10-14

«5»

7-9

«4»

4-6

«3»

0-3

«2»



© 2010-2022