8 сыныпқа арналған 9 сабак Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру

Сабақтың мақсаты:

Квадрат түбірлердің қарапайым қасиеттеріне қосымша қасиеттерді қарастыру арқылы оқушылардың квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіре білу бейімділіктерін деңгейлеп оқыту арқылы қалыптастыру.

Сабақтың түрі: деңгейлеп оқыту.

Пайдаланылатын көрнекіліктер: ауызша және жазбаша орындауға қатысты деңгейлік үлестірмелі корточкалар, формула жазылған кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ауызша тапсырмалар. Тақтаға бірнеше есептер ілінеді, оқушылар кезектесіп жауап береді.

  1. √64 2.√(7,2)2 3.√|-1,8|2 4.√(х-2)2 5. √4m2+4m+1

6 . 2/√2 7. 2х/√х 8. (√5/√15)2 9. (√5+√3)(√5-√3)

ІІІ. "Математикалық шолу"

1.Теріс емес а санының квадрат түбірі дегеніміз не?

2. Арифметикалық квадрат түбір дегеніміз не?

3.Арифметикалық квадрат түбірдің 1 -ші қасиеті қандай? 1-теореманы айтып бер.

4. Арифметикалық квадрат түбірдің 2-ші қасиеті қандай? 2-теореманы айтып бер.

5. Арифметикалық квадрат түбірдің 3-ші қасиеті қандай? 3-теореманы айтып бер.

6. Квадрат түбірлері бар өрнектерге қандай түрлендірулер бар?.

ІV. Жаттығуларды орындау

А тобы: № 145, № 148 тақ нөмерлері, №152

В тобы: №146, № 149 тақ нөмерлері, № 166

С тобы: № 147, № 150 тақ нөмерлері, №157

Бірнеше есептер тақтаға, қалғаны өз беттерінше орындалады.

V. Өзіндік жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар таратылады.

Өрнекті ықшамдауға есептер беріледі.

VІ. Үйге тапсырма

А тобы: №148 жұп номерлері, №151

В тобы: №149 тақ номерлері, №158 №161

С тобы: №150 тақ номерлері, №169

VІІ. Қорытынды. Квадрат түбірдің қасиеттерін қайталап еске түсіру

VІІІ. Оқушыларды бағалау. Барлық есепті дұрыс шығарған оқушыға































Критерий

Жетістік

Дескриптор







А

(mах 6)

Түсінуі

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлердің біреуін де орындай алмайды

1

Квадрат түбірдің анықтамаларын,қасиеттерін толық білмейді.

2

Квадрат түбір қасиеттерін айта алады,бірақ ажырата алмайды.

3

Квадрат түбірдің барлық қасиеттерін ажыратып, айта алады

4

Квадрат түбірге қатысты барлық формулаларды біледі.

5

Күрделі радикалдың формуласын, у=8 сыныпқа арналған 9 сабак Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру функциясының формуласын,графигін біледі.

6

Шығармашылықпен жұмыс жасай алады.

Критерий

Жетістік

Дескриптор







В

(mах 6)

Қолдану және талдау

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлердің біреуін де орындай алмайды

1

Квадрат түбірдің қасиеттерін қасиеттерін қолдана алмайды..

2

Квадрат түбір қасиеттеріне берілген есептерді шешуде қолдана біледі.

3

Күрделенген есептерді шешуде тиімді тәсілді қолдана біледі.

4

Квадрат түбір қасиеттерінің барлық категориялары бойынша өз пікірін талдай алады.

5

Квадрат түбір қасиеттерін пайдаланып әртүрлі категорияда есептер құрастыра алады.

6

Формулаларды әртүрлі жағдайда тиімді пайдаланып, зерттеу жұмысын жүргізе алады.

Критерий

Жетістік

Дескриптор









С

(mах 8)

Математикалық модельдеуі және топтауы, бағалауы

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлердің біреуін де орындай алмайды

1

Квадрат түбір қасиеттерінің формулаларын біледі.

2

Барлық жағдайдағы есептерді шығара алады.

3

Бір есепті бірнеше тәсілмен шығара біледі.

4

5

Квадрат түбірдің қасиеттерін кез келген есептің шарты бойынша зерделеп, стандартты емес жағдайды жүйелей алады.

6

Шығармашылық есептерді талдап, шығару жолдарын көрсетеді. дәлелдейді.

7

Стандартты емес есептің шығару тәсілдерінің тиімділігін көрсетіп, құндылығын анықтай алады.

8

Квадрат түбір тақырыбына жоба құрастырып, қорғай алады.



Бағалау шкаласы



Бағасы

Жинаған ұпайы

Пайыздық үлесі

«5»

17-20

100%-89%

«4»

14-16

75%-88%

«3»

12-13

61%-74%

«2»

0-11

60%-дан төмен



© 2010-2022