Математикалық саты таңдау курсы (5 сынып)

Математика – негізгі ғылымдардың бірі. Оны дұрыс оқу  тек қана есептей білу емес, логикалық ойлай білуге үйретеді.      5-6 сыныпта оқушылар  жаңа  мұғалімдерге, жаңа пәндерге және жаңа талаптарға  бейімделеді.Әсіресе математика сабағында көп қиындықтарға кезігеді.  5-6  сыныптағы математика курсы – математикалық білім беру мен  оқушылардың дамуының  негізгі  кезеңі. Осы кезеңде  айнымалы туралы түсінік қалыптасып, сызықтық теңдеулерді шешу  жолдарының алғашқы білімі беріледі. 
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« М А Т Е М А Т И К А Л Ы Қ С А Т Ы»

Таңдау курсының бағдарламасы


I БӨЛІМ. ТҮСІНІК ХАТ

Математика - негізгі ғылымдардың бірі. Оны дұрыс оқу тек қана есептей білу емес, логикалық ойлай білуге үйретеді.

5-6 сыныпта оқушылар жаңа мұғалімдерге, жаңа пәндерге және жаңа талаптарға бейімделеді.Әсіресе математика сабағында көп қиындықтарға кезігеді. 5-6 сыныптағы математика курсы - математикалық білім беру мен оқушылардың дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңде айнымалы туралы түсінік қалыптасып, сызықтық теңдеулерді шешу жолдарының алғашқы білімі беріледі. Мәтінді есептер шығаруды үйрету жалғасады және геометриялық сызуларды салу, өлшеу біліктіліктері дамытылады. Оларға өз талдауларын айтып үйренуге және қарапайым дәлелдеулерді жүргізе білулеріне көңіл бөлінеді.

Есептерді шешуде оқушылар салыстыру,бақылау арқылы тәжірибе жинайды, қиын емес математикалық заңдылықтарды анықтайды, дәлелдеуге қажетті болжам айтуға үйренеді. Осылайша оқушылар ойлауды үйренеді, талдауды қажетсініп тұрады.

Есептер алғашқы сыныптарда алынған білім жеткілікті болатындай етіп әртүрлі білім көздерінен алынды.

Курс 34 сағатқа арналған.

Өзінің жетістігін дәлелдеу үшін олар «Жыл бойы жүргізілетін мектеп олимпиадасына» қатысуына болады. Зерттеу жұмысын, өз бетімен жұмыстар жүргізіп қорытындысымен реферат жазуға, әртүрлі математикалық олимпиадаларға қатысуға болады.

ӨЗЕКТІЛІГІ

Бастауыш сыныпты бітірген оқушының математика курсын әрі қарай оқып үйренуге дайындығының жеткіліксіз болу себептері әртүрлі. Барлық уақытта оның арнайы қабілетінің болмауына байланысты емес. Ол оқушының денсаулығы нашар болуына,жеке дамуының ерекшелігіне және т.б байланысты.

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушылардың интеллектуальды дамуына жағдай жасау

Міндеттері:

Білімділік:

  • Математиканың қоғам дамуындағы маңызын түсіну;

  • Бағдарламадан тыс математикалық ұғымдармен танысу;

  • Мәтінді есептерді шығаруға үйрету (қызықты,тарихи), ғылыми және анықтамалық әдебиетпен жұмыс жасауды үйрету;

Дамытушылық:

  • Есте сақтауын,логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту;

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін және көркемдік талғамын дамыту;

  • Математикалық және шығармашылық қабілетін анықтай және дамыту.

Тәрбиелік:

  • «Математика» пәніне қызығушылықты туғызу;

  • Өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, шыдамдылыққа,өзара көмек беруге және бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Берілген курсты оқып үйрену барысында оқушылар :

білуге тиіс:

- екі таңбалы сандарды ойша қосып ,азайта білуді; екі таңбалы санды бір таңбалы санға

көбейтіп , бөлуді ;

- көп таңбалы сандарға арифметикалық амалдарды қолдануды;

- мәтінді есептің берілгені бойынша санды және әіпті өрнектер құра білу;

- геометриялық фигураларды ажырата білу және оларды бейнелей білуді;

Күтілетін нәтижелер:

  • Берілген тақырыпта біліктілік пен дағды қалыптастыру;

  • Өз жұмысының нәтижесін бағалай білу;

  • Оқу барысында жетістігінің себебін түсіну;

  • Өзінің біліміндегі олқылықты анықтай білу және қиындықтарды сыныптастарының,мұғалімнің көмегімен жеңе білу;

    • Өз жұмысының қорытындысын көрсете білу.

  • Ұжымда жұмыс жасауды үйренеді;

  • Өзінің және өзгенің пікіріне сыни қарау;

Оқыту түрлері мен тәсілдері:

  • Тестілік әдіс;

  • Зерттеушілік әдіс;

Оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері:

  • Жеке-топтық;

  • Топтық ;

Сабақты өткізу тәсілдері:

  • лекция-диалог;

  • тренинг-лекция

  • жеке жұмыс;

  • практикалық жұмыс;

  • ойын;

  • жарыс.

Тексеру түрі

  • Жеке білім тексеру - оқушы жеке өзіне тапсырма алып, оны ешкімнің көмегінсіз орындай білуі қажет. Тексерудің бұл түрі жекелеген оқушының қабілеті мен деңгейін білу үшін қолданған тиімді.

  • Топтық білім тексеру - бұл уақытта оқушылар бірнеше топқа бөлінеді және әрбір топқа тапсырма беріледі. Мақсатқа қарай тапсырма бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін

  • Фронтальды білім тексеру - тапсырмалар барлық оқушыларға беріледі. Оқущылардың оқу материалын қабылдауы тексеріледі.

Күнтізбелік- тақырыптық жоспар


Тақырыбы

Сағат саны

лекция

Күні

Оқыту түрі

Тексеру түрі

1. Қызықты есептер шығару

1

Математикалық ойындар

2

3.09

Жұппен ойын

жеке

2

10.09

3

Ертегі мазмұндағы есептер

2

17.09

Ертегі -есеп құрастыру

Ағымдағы тексеру

4

24.09

5

Ежелгі есептерді шығару

2

1.10

Ежелгі қызықты есептер шығару арқылы оқыту

Өз бетімен жұмыс

6

8.10

Өзін өзі тексеру

7

Қиын жағдайдағы бөліс есептер

2

15.10

8

22.10

2. Сандық басқатырғылар

9

Кросснамберлер шешу

2

29.10

презентация «Сандық ребустар»

Ауызша есептеу

10

12.11

11

Математикалық ребустар

1

19.11

Математикалық ребустар шешу алгоритмін түсіндіру

Дайын сызба және суретпен жұмыс

3. Бөлінгіштік белгілер

12

3 және 9 -ға бөлінгіштік белгілері (дәлелдеуімен)

1

26.11

Зерттеушілік белгілерімен практикалық жұмыс

Ауызша есеп

13

11, 19 сандарына бөлінгіштік белгілері

1

3.12

Өз бетімен дәлелдеу

Аралық бақылау

14

Бөлінгіштік белгілерін пайдаланып есептер шығару

1

10.12

Математикалық марафон

Тест

15

ЕКОЕ және ЕҮОБ пайдаланып есептер шығару

2

17.12

16

24.12

4 . Логикалық есептер

17

Логикалық қатарлар

1

14.01

Заңдылықтарды іздеу және тексеру

Карточкамен жұмыс

18

Салыстыруға есептер

1

21.01

Ұқсастық табу,қорытынды жасау

Жұппен жұмыс

19

Өлшеуге, құюға есептер

1

28.01

Математикалық ойын

Өз бетімен жұмыс

5.Әртүрлі есептер

20

Жасты есептеу

1

4.02

Топпен жұмыс

21

Сағаттар

1

11.02

Презентация

Деңгейлік топтық жұмыс

22

Қозғалысқа есептер

2

18.02

Презентация

Деңгейлік топтық жұмыс

23

25.02

6. Геометриялық салулар

24

Фигураларды салу

1

4.03

Топпен зерттеу

Жұппен жұмыс

25

Танграмдар

2

11.03

Танграм құрастыру

Деңгейлік топпен жұмыс

26

18.03

27

Фигураларды санау

2

1.04

Дайын сызбамен жұмыс

Ағымдағы тексеру

28

8.04

29

Шырпылардан фигура құрастыру

2

15.04

Графикалық жұмыс

Өз бетімен жұмыс

30

22.04

31

Шырпылардан құралған сандар.

2

29.04

Схемамен жұмыс

Деңгейлік топтық жұмыс

32

6.05

33

Математикалық сайыс

1

13.05

Презентация

топтық жұмыс

34

Қорытынды сабақ

1

20.05


Барлығы :

34


Реферат тақырыптары:

  1. Үлкен және кіші сандар.

  2. Адамдар санауды қалай үйренген .

3. Күнтізбе тарихы.

Жоба тақырыптары:

  1. Сиқырлы шаршылар.

  2. ЕҮОБ пен ЕКОЕ арқылы шығарылатын қызықты есепте

  3. Шығармашылық тапсырмалар

Әдебиеттер тізімі:


1. А.Доспамбетов . Қырық қазына. - Алматы: Мектеп,1987.

  1. Ф.А.Пчелинцев,П.В.Чулков. Математика 5-6 классы: Задачи на развитие математического мышления. - Москва: ООО «Издаи-школа», 2000.

  2. Я.И. Перельман. Қызықты математика. -Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы, 1953.

  3. Л.Чилингирова, Б.Спиридонова. Играя,учимся математике. Москва: Просвещение,1993


© 2010-2022