Сабақ жоапары: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика. 6 - сынып.

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Опорный орта мектебі

Тоқсанова Зоя Қармысқызы - математика пәні мұғалімі.

Тақырыбы: Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеу
Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақ мақсаттары: Білімдік мақсаты: оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру, ақыл - ойын жан - жақты дамыту, математикалық сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Өткен сабақты қайталау.
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
5. Сабақты бекіту.
6. Жаттығуларды орындау
7. Сабақты қорытындылау
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
1. ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың сабаққа дайындығы (дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш)
ә) журналды толтыру

2. Үй тапсырмасын тексеру №853.
Оқушылар бірін - бірі бағалайды.

3. Өткен тақырыпты қайталау - сәйкестендіру тесті
Теңдеуді шешіңдер;
1) х+3=7 а)- 6
2) Х - 5=3 б) 4
3) Х+7=1 в) 8

4. Жаңа сабақты түсіндіру:
ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х - айнымалысы, а және в - қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу сызықтық теңдеу деп аталады.
1 қасиет:
Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама - қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
2 қасиет:
Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Мысалдар келтіру:
1. 4х+3=х+5, 1
4х - х=5, 1 - 3
3х=2, 1
х=0, 7

2. 7х+3=3х+5
7х - 3х=5 - 3
4х=2
х=0, 5

3. 2х+4=2х - 5, 8
2х - 2х=- 5, 8 - 4
0*х=- 9, 8

4. 2х+х - 5=3х - 5
3х - 3х=- 5+5
0*х=0
Кез келген сан теңдеудің түбірі болады. Теңдеудің түбірлері - шектеусіз жиын.
Бекіту сұрақтары:
1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеу деп атайды ?
2. Бір айнымалысы бар теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер ?
3. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірін қалай табады ?
Оқулықпен жұмыс:
№856 (ауызша)
1) х+2, 7=3
2) х - 0, 6=1, 4
3) 2х - 5=х - 1
4) 2, 7+1, 3=х+3
№857
1) 2х+17=22+3х
2х - 3х=22 - 17
- х=5
х=- 5
2) 18+3х=х+14
3х - х=14 - 18
2х=- 4
х=- 2

Теңдеуді шешіп, мақалды құрастырыңдар: (сергіту сәті)
1. 3х+2=3, 5х - 2
2. 2х - 2, 2=4х+4, 8
3. 4х - 5, 6=3х - 2, 7
4. 7х - 3=х+9
5. - 12 - 2х=х - 3
6. - 50 - 17х =- 15х - 14
7. 12х - 14 =13х
Осы теңдеулерді шешкенде жауаптарына сәйкес, мақал құрастырылады.
Жауабы - «Бірлік болмай - тірлік болмайды»
Енді балалар сөзжұмбақ шешіп көрейік. (ауызша)
Сонымен қатар, сабақ тақырыбына байланысты теңдеулерді шешу арқылы күн шуағын өзімізге шашайық.
Күн шуағы ойынының шарты
Оқушылар қатар - қатар болып, жаңа тақырыпқа байланысты есеп шығарады. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырады. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу.
2х+17=22+3x
18+3x=x+14
13x+70=2x+15
5×- 8=2x+1
25 - 4х=12 - 5х
13х+27=16х+4, 5
Оқушылар дайын болған күн шуақтарын ауызша жауап беріп, магнитті тақтаға жабыстыра береді.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, Үйге тапсырма:858, 862



© 2010-2022